2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басымдылығы;
2) мемлекеттік қолдауды алу кезінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі;
4) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту;
5) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жасаудың объективтілігі мен тәуелсіздігі;
6) ғылымның, білім беру мен өндірістің интеграциясы;
7) ғылымның және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттары бойынша жоғары білікті кадрлар даярлау;
8) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
9) преференциялар беру арқылы экономиканың басым секторларында технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру;
10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға қатысуы үшін оларды көтермелеу және жағдайлар жасау;
11) білім алуды, оны технологияға трансформациялауды және оның экономикаға трансфертін ынталандыру.
18-бап. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия
1. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы алқалы орган болып табылады.
2. Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мыналар Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді айқындау;
3) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемін айқындау.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Апелляциялық комиссия
1. Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, сарапшылардың қатарынан, сондай-ақ ғалымдар болып табылатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшелерінен қалыптастырылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы, мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.
3. Апелляциялық комиссия мыналарды:
1) ұлттық ғылыми кеңестердің қабылданған шешімдері бойынша конкурстарға қатысушылардың келіспейтіні туралы жолданымдарын;
2) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің сақтауы мәселелерін;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді ұлттық ғылыми кеңестердің қарауының нәтижелері бойынша жолданымдарды қарайды.
4. Апелляциялық комиссия мыналарды:
1) өтінімдері ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың жолданымдарын;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі жолданымдарды;
3) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру мониторингінің қорытындыларын қараудың мәселелері жөніндегі жолданымдарды;
4) иесі бүркемеленген жолданымдарды;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған жолданымдарды;
6) апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес басқа да жолданымдарды қарамайды.
5. Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша конкурстарға қатысушылардың жолданымдарын және уәкілетті органның ұсынымдарын қарау тәртібі апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.
6. Апелляциялық комиссия өз құзыреті шегінде өтініш берушілердің жолданымдарын, оның ішінде олардың қатысуымен объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
7. Апелляциялық комиссияның шешімдері ұлттық ғылыми кеңестердің, уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалардың міндетті түрде орындауына жатады.
8. Уәкілетті орган апелляциялық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
19-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылым бағыттары бойынша құрылған алқалы органдар болып табылады.
2. Ұлттық ғылыми кеңестердің негізгі міндеттері:
1) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру;
2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландырудың нысандары мен көлемдерін айқындау;
3) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін, сұралатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негіздемелелігін бағалау;
4) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттардағы қажеттіліктерін бағалау;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;
6) 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылу мониторингінің қорытындыларын қарау, осындай есептер мен мониторингтің қорытындыларын қараудың нәтижелері бойынша шешім қабылдау болып табылады.
3. 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарын уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік білікті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Ұлттық ғылыми кеңестер ашық дауыс беру арқылы:
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын тиісті қаржы жылына арналып бекітілген бюджет шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату), осы Заңның 27-1-бабына сәйкес ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.
6. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
7. Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етуге міндетті және кеңес қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігі үшін жауапты болады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдайды.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Нақты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға және бағдарламаға (есептерге), оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізгені үшін сыйақыны, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мемлекеттік бюджеттен жүргізеді.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің құрылымына Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексі кіреді.
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесінің Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексінің талаптары мен ережелерін бұзуы осы мүшені ұлттық ғылыми кеңестің құрамынан шығару үшін негіз болып табылады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары сараптамасының әкімшілендіру бірыңғайлығын, тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады.
2. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзыретіне:
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы нәтижелерінің қорытындыларын және сараланған тізімін ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалау;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру және оның қорытындыларын ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу;
6) қазақстандық және шетелдік сарапшылар құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады;
7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының деректер банктерін қалыптастыру;
9) өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асыру кіреді.
3. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының:
1) мемлекеттік органдардан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінен функцияларды жүзеге асыруға және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
3) 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ғылыми зерттеулерге сараптама жасау және оларға мониторинг жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен өзге де ұйымдарды, қазақстандық және (немесе) шетелдік ғалымдарды тартуға;
5) белгіленген тәртіппен шетелдік ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
6) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтік-кеңесші органдар құруға;
7) ғылыми және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша іс-шаралар өткізуге;
8) баспа қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сараптама қорытындыларының тәуелсізділігі, объективтілігі, біліктілігі, кешенділігі, дәйектілігі, толықтығы және негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді, олардың негізгі міндеттері ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жаңалығын, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейін, өзектілігін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін және сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін ескере отырып, объектілерді сараптамалық бағалау болып табылады.
Қазақстандық және шетелдік сарапшыларды іріктеу олардың мамандануына және ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге сарапшыларды тарту үшін шетел сарапшыларының дерекқоры құрылады, олардың кандидатураларын шетелдік жетекші университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері, ұлттық ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдастықтар ұсынады.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын бағалауға тартылған ғалымдар, сарапшылар, оның ішінде шетелдіктер сараптамаға ұсынылған материалдардың құпиялылығын сақтауға және коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
22-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алу
1. Іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алу ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуеті серпініне мониторинг жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуға міндетті.
3. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептердің мемлекеттік есепке алуға ұсынылуын бақылауды уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалуы жөніндегі есептер уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
23-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуді уәкілетті орган олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аккредиттеу оларға қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілей отырып, хабарландыру сипатында болады.
6-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру
24-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) базалық қаржыландыру;
2) гранттық қаржыландыру;
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда бір мезгілде әртүрлі қаржыландыру нысандары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымы және уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
25-бап. Базалық қаржыландыру
1. Базалық қаржыландыру уәкілетті органда аккредиттелген және салалық уәкілетті орган айқындаған, олар үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Базалық қаржыландыру іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарға бөлінбейді.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, жетекші ғалымдардың, әкімшілік және қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеуге, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.