Қазақстан Республикасының
Заңы
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы
(2015.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен тақырыбы және кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 2 тамыздағы № 343-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен мәтін бойынша «террористік акцияларды», «террористік акцияларға», «террористік акциялардың», «террористік акция», «террористік акцияны», «террористік акцияның», «террористік акциядан» деген сөздер тиісінше «терроризм актілерін», «терроризм актілеріне», «терроризм актілерінің», «терроризм актісі», «терроризм актісін», «терроризм актісінің», «терроризм актісінен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңымен 1-бап өзгертілді; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдар көп жиналатын объектілер - сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;
2) арнаулы мақсаттағы бөлімше - терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;
3) кепілге алынған адам - кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
4) күш қолдану идеологиясы - күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;
5) терроризм - күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;
6) терроризм актісі - адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;
6-1) терроризм актісін жасауға шақыру - жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;
7) терроризмге қарсы операция - адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;
8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі - терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;
9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы - терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес аумақтар;
10) терроризмге қарсы іс-қимыл - мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:
терроризм профилактикасы;
террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;
шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметі;
11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) терроризмді қаржыландыру - жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
13) терроризм профилактикасы - мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жөніндегі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;
14) террорист - террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;
14-1) террористік материалдар - терроризм актісін жасау тәсілдері мен құралдары туралы ақпаратты, сондай-ақ террористiк iс-әрекет белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлігiн негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) террористік топ - бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
16) террористік тұрғыдан осал объектілер - аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
17) террористік ұйым - террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын не өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын, оған қатысты террористік ұйым деп тану туралы сот шешімі қабылданған және заңды күшіне енген ұйым;
18) террористiк iс-әрекет - төмендегі әрекеттердің кез келгенін жасау:
терроризм актiсiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру және iске асыру;
терроризм актiсiн жасауға айдап салу;
терроризм актiсiн жасау мақсатында заңсыз әскерилендiрiлген құралымды, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), ұйымдасқан топты ұйымдастыру, сол сияқты осындай құрылымдарға қатысу;
террористердi азғырып тарту, қаруландыру, үйрету және пайдалану;
терроризм актiсiн ұйымдастыруға, жоспарлауға, дайындауға және жасауға ақпараттық тұрғыдан немесе өзгедей жәрдемдесу;
терроризм идеяларын насихаттау, террористiк материалдарды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату;
көрсетілген әрекеттер террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын ұғына отырып, террористерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекеті террористік деп танылған ұйымдарға қаржылық, құқықтық көмек көрсету немесе өзге де жәрдемдесу.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен мақсаты
1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай негізгі:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
2) заңдылықты сақтау;
2-1) терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы;
3) терроризмнің алдын алуға басымдық беру;
4) террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;
5) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, арнайы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді пайдалану;
6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарғажедел басшылық жасауда дара басқару;
7) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы;
8) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және қатысушыларының құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың негіздері
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен ; 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі
1. Мемлекет террористердің қол сұғушылығынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектісі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
2) терроризм актісі қатерінің төнуі туралы халықты уақтылы хабардар ету және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асыратын, оны жасауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында ақпарат мониторингінің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі және халықты терроризм актісі қатерінің төнуі туралы хабардар ету қағидаларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекітеді;
4) терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекітеді;
5) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін қажетті күштермен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) терроризмнiң алдын алу, терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыруды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;
4) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды, олардың тізбесін, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді;
5) арнаулы және түзеу мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекітеді;
7) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекітеді;
8) терроризмге қарсы іс-қимыл саласында өзiне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
4. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары терроризмге қарсы іс-қимылды өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол:
1) мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіреді:
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға дайын болу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асырады;
3) өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қолданылатын шаралар туралы жыл сайынғы баяндаманы ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін және Үкіметін террористік қатерлер туралы ағымдағы хабардар етуді жүзеге асырады;
5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығуларды өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің артуына ықпал етеді;
6) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олардың іс-әрекеттерінің келісілуі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шешімдерін іске асыру үшін аталған органдардың нормативтік құқықтық және құқықтық актілері шығарылуы мүмкін.
Қызметті үйлестіруді:
терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының шеңберінде ұлттық қауіпсіздік органдары;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жанынан құрылатын терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері жүзеге асырады.
Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен барады немесе жіберіледі.
Мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен баруының немесе оларды жіберудің тәртібі Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені және терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереженің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері терроризмге қарсы комиссиялар туралы ережелерді бекітеді.
6. 6. Қажет болған кезде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар тартылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы тиісті аумақта терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіреді.
Олардың шешімдерін іске асыру үшін тиісті комиссиялардың құрамына өкілдері кіретін органдардың құқықтық актілері шығарылуы мүмкін.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды Жүзеге асыратын мемлекеттік органдары өз құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;
2) террористік iс-әрекетке жататын және осы мемлекеттік органдардың құзыретiне енгiзiлген әрекеттердiң дайындалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi және өзара қажеттi көмек көрсетедi;
3) терроризмге қарсы бiрлескен операцияларды жүргiзедi.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы немесе шет мемлекеттер аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізеді.
Қазақстан республикасы терроризм актісін кімнің қай жерде жасағанына қарамастан, террористік іс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердің құзыретті органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдарының құзыреті
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңымен 7-бап өзгертілді; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен ; 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті
Терроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді, террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады, қарсы барлау шаралары арқылы террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады, шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;
2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатысады, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады және оның жай-күйін бақылайды;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетілуге жататын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар өткізіледі;
4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі терроризмге қарсы операцияларды өткізу кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;