22-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар, сот және төрелік өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.».
18. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21,122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 152-құжат):
9-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті құрады.».
19. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат):
1) 28-5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) төлеу мерзімі төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерін орындау тоқтатылады;»;
2) 32-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкiне қатысты талап қою бойынша соттардың, төреліктің бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау жеделдетiлген оңалту рәсімін тоқтату туралы сот шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады;»;
3) 36-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкiне қатысты талап қою бойынша соттардың, төреліктердің бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;»;
4) 50-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, борышкер мүлкіне қатысты бұрын қабылдаған соттардың шешімдерін, төреліктің шешімдерін, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;»;
5) 68-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі оңалту рәсімін қолданғаннан кейін басталған, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, борышкер мүлкіне қатысты қабылдаған соттардың шешімдерін, төреліктің шешімдерін, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иелерінің (олар уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;».
20. «Кәсiптiк одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 ж., № 22-V, 152-құжат):
16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою беруге, медиация жүргізу кезінде, сотта, еңбек төрелігінде немесе төрелікте, мемлекеттік органдарда олардың мүдделерiнде әрекет етуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;».
21. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 143-құжат):
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап.
Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2), 4) тармақшаларын, 4, 10, 11, 12-тармақтарын, 13-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын,
3) тармақшасының екінші - жиырма бірінші абзацтарын, 4), 5), 6), 10), 11) тармақшаларын, 14) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтарын және 14-тармағын;
2) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 9-тармағын, 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші және оныншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 16-тармағын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағын және 13-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
22. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат):
57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмесе, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікке жүгіну арқылы шешуге құқылы.
Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты төрелік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша айқындалады.».
23. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат):
43-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларды төреліктің қарауына беру көзделсе, оған төрелік келісімнің қорытындысына тиісті саладағы уәкілетті органның (республикалық меншікке қатысты) немесе жергілікті атқарушы органның (коммуналдық мүлікке қатысты) жазбаша келісімі қоса берілуге тиіс.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 8-і.
№ 489-V