Туристі мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513-ІІ Заңы
(2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары
3-бап. Туристі мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi
4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі
2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
5-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар
7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу
7-1-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi
8-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы
10-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
11-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері
13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
14-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі
5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
18-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
19-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi
20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
6-тарау. Қорытынды ережелер
21-бап. Дауларды қарау тәртібі
22-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қосымша
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен мәтін бойынша «туроператордың және турагенттiң», «Туроператордың және турагенттiң», «Туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагенттiң», «туроператор мен турагент» деген сөздер тиісінше «туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «Туроператордың немесе турагенттiң», «туроператордың немесе турагенттiң», «туроператор немесе турагент» деген сөздермен ауыстырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «Туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін», «туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін» деген сөздер тиісінше «Туристі», «туристі» деген сөздермен ауыстырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң туристі мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ассистанс - ассистанс компанияның сақтандырылушыға сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де жәрдемдесу арқылы көмекті ұйымдастыруы;
2) ассистанс компания - туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандырушымен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) ассистанс беру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
3) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы - басталғанынан кейін туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға;
5) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
6) сақтандыру сертификаты - жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген, сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екені туралы куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу талаптары туралы ақпаратты қамтитын құжат;
7) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушының туристі міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы оған төлеуге міндетті болатын ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы - «жалпы сақтандыру» саласында немесе «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыру ұйымы;
11) сақтандырылушы - шетелге шығатын турист;
12) сақтанушы - сақтандырылушының пайдасына сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор;
13) турагент - шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді алға ілгерілету мен өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) туристі міндетті сақтандыру - сақтандырылушының осы Заңда көрсетілген оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстардың туындау тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.
2-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары
1. Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Туристі мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Туристі міндетті сақтандырудың мақсаты осы Заңда көрсетілген, сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстар туындаған жағдайда, сақтандырылушының мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Туристі мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сақтандырылушының мүліктік мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шарты болған кезде әрбір туриске қатысты өз қызметін жүзеге асыруы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) туроператордың және турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-бап жаңа редакцияда
4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі
Осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан өміріне, денсаулығына зиян келтірілген сақтандырылушының мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.
2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185- ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Шығу туризмі саласындағы туроператордың осы Заңда белгіленген туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар
Сақтандырылушының мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруды шығу туризмі саласындағы туроператор жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2009.11.07. № 185- ІV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын;
2) сақтандырылушы уақытша болатын елде (жерде) тәулік бойы жұмыс істейтін көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі бар ассистанс компаниямен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар басталған кезде ассистанс беру туралы шарт жасасуға немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтерді көрсетуге лицензиялары бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарттар жасасуға міндетті.
Әрбір сақтандырылушы және сақтандыру жағдайы бойынша ассистанс компания беретін ассистанс көлемі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемімен айқындалады.
Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Сақтандырушылар туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.
4. Туристі мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен мiндеттi жарналарды төлеуге және шартты мiндеттемелердi қалыптастыруға мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және сақтандырылушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеудің мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
3-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Туристі міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында сақтандырылушының пайдасына жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Сақтандырылушының ерікті сақтандыру шартын жасасуы сақтанушыны туристі міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды.
2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Сақтандырушы сақтанушыға туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, моральдық зиянды және ала алмаған пайданы өтеуге байланысты талаптарды қоспағанда, сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға электрондық нысанда сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде уақытша болатын елге (жерге) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхат күндерінің санына қарай осы Заңға қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша болатын ел (жер) заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылатын сақтанушының өтініші туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
Сақтанушы тек қана турагент арқылы:
әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын беруге;
сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-1. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатының мазмұнына қойылатын және оларды ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
6. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Егер туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы мен сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен сақтандырылушының алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Сақтандыру ұйымдарының туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түріндегі хабарламаның сақтанушыға, сақтандырылушыға дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушының, сақтандырылушының дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы туристі міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы, сақтандырылушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, туристі міндетті сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;
4) сақтанушыға, сақтандырылушыға:
мәліметтерді өзгерту, туристі міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібі мен хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.
5. Туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткені туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісін алған кезден бастап, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі туристік қызмет көрсетуге арналған шартта айқындалған сапар мерзімінен кем болмайды. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы сақтандыру аумағынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен кезге дейін, бірақ турист рейстің кідіру себебінен шетелде қосымша мерзімге болған жағдайды қоспағанда, туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірілмей қолданылады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолданысын тоқтатпайды.
Сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша саяхат күндерінің саны көбейген кезде сақтанушы сақтандырылушының уақытша болатын елде (жерде) қосымша болу күндеріне туристі міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасады.
3. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу аумағы (сақтандыру аумағы) туристік қызметтер көрсету аумағы болып табылады.
Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары баруға ұсынбайтын аумақтар;
2) сақтандырылушының уақытша тұруға рұқсаты немесе сақтандыру аумағында 90 күннен астам үзіліссіз болуға рұқсат беретін өзге құжаты болатын мемлекеттер;
3) сақтандырылушы азаматы болып табылатын мемлекеттер сақтандыру аумағынан алып тастауға жатады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін сақтандыру аумағы осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген алып тастауға жататын жағдайларда сақтандыру аумағын алып тастау туралы талап қолданылмайды.