2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа) жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық аттестаттау жүргізеді.
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
орта білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне;
Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында - кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.
Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегiн болып табылады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді.
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар орта білім алу үшін алты - он жастан білім беру ұйымдарына қабылдана алады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негізгі орта білім алудың ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиіс.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.
32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында - өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.
Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.
2. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Кәсіптік даярлық
1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей кәсіпорын (ұйым) базасында, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.
Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорында (ұйымда) оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.
Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.
34-бап. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35-бап. Жоғары білім беру
1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында iске асырылады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен екінші бөлікпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының негiзгi түрлерi болып табылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «бакалавр» дәрежесі беріледі немесе «маман» біліктілігі беріледі.
4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
Резидентурада тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту мақсатында клиникалық мамандықтар бойынша резидент-дәрігерлерді даярлау жүзеге асырылады. Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Қосымша білім беру
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады.
Ересектерге қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.
Ересектердің формальды емес білім беру арқылы өмір бойы алған оқу нәтижелері осы Заңда көзделген тәртіпке сәйкес танылады және одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.
Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру ғылыми мектептері бар және кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
5. 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап отыруды жүргізеді;
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;
5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;
6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды
37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет
1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 37-2-баппен толықтырылды
37-2-бап. Қашықтан оқыту
1. Қашықтан оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.
38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы кадрлар даярлайтын білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіптік практика тиісті кәсіпорындарда (ұйымдарда) жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.
2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
Шарттарда білім беру ұйымдарының, практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындарда (ұйымдарда) көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындармен (ұйымдармен) шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)