8-6) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қару-жарағындағы қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдарының:
1) қаруды ол әзірленетін, өндірілетін, жөнделетін, сауда жасалатын, коллекцияланатын, экспонатталатын, сақталатын, пайдаланылатын және жойылатын орындарда қарап тексеруді жүргізуге;
2) осы Заң күшіне енгенге дейін иеленген және заңды негіздерде иелерінің қолындағы қаруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен өтеусіз алып қоюға және жоюға;
3) жеке және заңды тұлғалардан азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты құжаттарды ұсынуды талап етуге;
4) белгіленген қағидаларды бұзушылықтар анықталған кезде, бұл бұзушылықтарды жою туралы жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар беруге;
5) қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан күтпеген жерден, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) тексерулер жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтау жағдайлары мен техникалық беріктігінің талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде, қару мен патрондарды анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін алып қоюға және оларды ішкі істер органдарына жауапты сақтауға тапсыруға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.
3. Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары заңды тұлғаларға - тоқсанына кемінде бір рет, азаматтық қару иелеріне жылына кемінде бір рет тексерулерді жүзеге асыруға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде топтарға бөлу, тексеру парақтарын толтыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу, тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлау талап етілмейді.
5. Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары ведомстволық есепке алуды жүргізуге және тексеруді тағайындау және оның нәтижелері туралы актілерді толтыруға міндетті.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.
32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдардың бұзылғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру
Осы Заң күшіне енгізілген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол күшіне енгізілген күннен бастап үш ай ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының