«21) қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде, облыстық маңызы бар қалаларды қоспағанда, елді мекендердің шегінде объектілер салу үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.»;
1-тармақтың 22) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады.»;
23) 49-1-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жер комиссиясының қорытындысын дайындау;»;
8-тармақтағы «осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның» деген сөздер «жер комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 50-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысы негізінде республиканың және бір әкімшілік ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілейді, олар:»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскелерін осы тармақта көрсетілген мақсаттар үшін шекті (ең жоғары) мөлшерден асатын мөлшерлерде беруге жол берілмейді.»;
25) 51-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлу осы Кодекстің 97-бабының 3-1-тармағында көзделген нормалар ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер учаскесінің бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі сәйкестендіру құжатында көрсетіледі.»;
26) 77-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қысқа мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес кепілдік алу үшін Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына уәкілетті компанияның кепілге беруін қоспағанда, қысқа мерзімді уақытша өтеулі және уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын кепілге салуға жол берілмейді.»;
27) 84-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру;
4-2) елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер пайдалануға берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалану құқығын сатып алғаны үшін төлемақы құны жер пайдаланушыға өтеле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ оның қалауы бойынша осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
Егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, оған осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнына басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
Бұл ретте жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған кезде жер пайдаланушыға залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады.»;
28) 92-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.»;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «Ауыл» деген сөз «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «екі жылдан астам» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы «екі жыл бойы» деген сөздер алып тасталсын;
29) 94-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскесі осы Кодекстің 84-бабына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алып қойылуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын болса, онда жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиісті орган аталған жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулыны қабылдаған жергілікті атқарушы органның өтінішхаты негізінде жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою рәсімін тоқтатуға құқылы.»;
30) 96-1-бапта:
1-тармақтағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздер «жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде орталық уәкілетті органға ақпарат жібереді, онда:»;
31) 97-бапта:
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсатта учаскелерге бөлуге жол берілмейді.»;
3-2-тармақтағы «ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жеке тұрғын үй құрылысына арналған және жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жердің нысаналы мақсатын» деген сөздер «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 102-баптың тақырыбындағы және 3-тармағындағы «және саяжай құрылысына», «және саяжай құрылысы» деген сөздер тиісінше «, саяжай құрылысына және бау-бақша шаруашылығына», «, саяжай құрылысы және бау-бақша шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 105-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «тарихи-мәдени мақсаттағы объектілер үшін» деген сөздерден кейін «, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 110-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың қала маңы аймақтарында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлуге тыйым салынады.»;
35) 120-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери бөлімдерді, әскери полигондарды, әскери оқу орындарын, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының арнаулы (әскери) оқу орындарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының өзге де ұйымдарын, олардың қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын объектілері мен құрылыс жайларын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін берілген жер учаскелері қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер деп танылады.
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою орталық уәкілетті органмен және тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметімен) келісу бойынша жүзеге асырылады.»;
«4. Аудандық атқарушы органдар тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен) келісу бойынша қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерден жекелеген жер учаскелерін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға бере алады.»;
36) 136-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның» деген сөздер «жер комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды орталық уәкілетті орган, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган дары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және өзге де уәкілетті органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;
38) 146-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық уәкілетті орган ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.»;
«Орталық уәкілетті орган ведомствосының, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.»;
39) 147-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«147-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің функциялары»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган (осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа кезде):»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға, атап айтқанда:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;
2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
40) 148-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «алып қоюға» деген сөзден кейін «, нысаналы мақсатын өзгертуге» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 149-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «шаруашылықаралық» деген сөзден кейін «және шаруашылықішілік» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21- ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7- ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 710-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:
«137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында)» деген сөздер «137» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«338,» деген цифрлар алып тасталсын;
2) 729-баптың бірінші бөлігі «320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «338,» деген цифрлармен толықтырылсын.
3. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
23-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «тауарлы» деген сөз алып тасталсын.
4. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат):
5-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «құру жатады.» деген сөздер «құру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жұмысына қатысу жатады.».
5. «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нор маларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 10, 79-құжат; № 23, 122-құжат):
1-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;»;
«3) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсаттарында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргізу үшін жер пайдалануға беріледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;».
2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 22) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы мамырдың 4-і.
№ 151-VI