«611 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «612 (үшінші және 4-1-бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)» деген сөздер «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 685-бапта:
бірінші бөлікте:
«517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «517 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«612» деген цифрлар «612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 4) тармақшасындағы «612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде)» деген сөздер «612 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 716-баптың бірінші бөлігіндегі «612» деген цифрлар «612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 720-баптың екінші бөлігіндегі «612 (бірінші, үшінші және 4-1-бөліктерінде)» деген сөздер «612 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 726-баптың үшінші бөлігіндегі «517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер 517 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 727-баптың бірінші бөлігіндегі «612» деген цифрлар «612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«667-баптарында» деген сөздер «73-1 (бірінші бөлігі), 73-2 (бірінші бөлігі), 434, 652, 667-баптарында» деген сөздермен, «506, 652-баптары» деген сөздер «506-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздер «612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) тармақшадағы «669» деген цифрлар «669 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат):
17-баптың 6) тармақшасындағы «ерекше» деген сөз алып тасталсын.
7. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 21, 102-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;»;
2) 11-баптың 4-тармағы «2),» деген цифрдан кейін «3), 4),» цифрлармен толықтырылсын;
3) 12-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында:
«128 (бірінші бөлігі), 134 (бірінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
«188 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «188-1 (бірінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«216 (бірінші бөлігі)» деген сөздер «216 (бірінші және екінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«233 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
«245 (бірінші бөлігі)» деген сөздер «245 (бірінші және екінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«361 (екінші бөлігі)» деген сөздер «361 (үшінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«362 (екінші бөлігі)» деген сөздер «362 (бірінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат):
1) 4-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
2) 22-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
3) 26-баптағы «яғни тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртiбiн сақтамаған» деген сөздер «жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):
6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.».
10. «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 23, 88-құжат):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу
1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттауға, яғни айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуға немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (I кесте), сондай-ақ прекурсорлар (IV кесте) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалауға, яғни айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуы мен өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы, кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда кез келген жерде таратылатын және (немесе) орналастырылатын ақпаратқа тыйым салынады.
Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (II және III кестелер) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Құрамында есiрткi немесе психотроптық заттар, сол тектестер бар дәрiлік препараттардың үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.
3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.».
11. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 53, 56-құжаттар):
1) 17-бапта:
1-тармақта:
бірінші және екінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ұстап алынған кезінен бастап қорғаушымен оңаша және құпия кездесулер беріледі. Кездесулердің саны мен ұзақтығы шектелмейді.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша - қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімін көрсетуі бойынша - шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің ресми өкілімен кездесуге рұқсат беріледі.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық процесті жүргізетін адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың туыстарымен және өзге де адамдармен - айына екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандардың үш реттен аспайтын, әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін болатын кездесуіне рұқсат берілуі мүмкін.
3. Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не мәліметтерді беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесу мерзімінен бұрын үзіледі.»;
4-тармақ алып тасталсын.
2) 46-6-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, фотоға түсіруді жүргізу, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің өздері өкілдік ететін мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдікке келу тәртібі, сондай-ақ алып қойылуға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.
3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына - тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды.».
12. «Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 18-құжат):
16-баптың 1-тармағындағы «облыстық және оған теңестiрілген сот судьясының» деген сөздер «аудандық сот және оған теңестiрілген сот судьясының (1 жылға дейін өтілі бар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат):
28-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылданған немесе қасақана қылмыстары үшін екі және одан да көп рет бас бостандығынан айыруға сотталған;»;
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) соттың қылмыстық жаза тағайындап және жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқасына байланысты жазаны өтеуден босата отырып, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы айыптау үкімі шығарылған;
8) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған сотталғандарды ауыр науқасына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы сот шешімі қабылданған адам қойылады.».
14. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алғашқы кәсіптік даярлық - құқық қорғау органдарына қызметке бірінші рет кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
1-1) аттестаттаудан кейінгі дамыту - құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) ауыстыру - қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;»;
4-2) және 4-3) тармақшалар алып тасталсын;
12-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-3) тәлімгер - тағылымдамадан өту кезеңіндегі қызметте кандидатқа бекітіп берілетін қызметкер;»;
2) 6-бапта:
2-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді.»;
3) 7-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіру, алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамдарды қоспағанда, кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші және оның кәсіптік құзыреттерге сай келу дәрежесі ескеріле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, қызметке кандидаттар тағылымдамадан өтуге міндетті.
Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, конкурс пен тағылымдама өткізу шарттары мен тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органдарының орталық аппараттарында, ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.
Конкурстық іріктеуден не алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Құқық қорғау органдарына қызметке қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына кіру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ішкі істер органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
4) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдарды қызметке қабылдау құқық қорғау органдарының кадрына алу арқылы жүзеге асырылады. Лауазымға тағайындау құқық қорғау органының кадрына алынған күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.»;
5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық
1. Құқық қорғау органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына бірінші рет кіретін адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.
2. Алғашқы кәсіптік даярлық құқық қорғау органының қызмет бағыттарына қарай оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органы алғашқы кәсіптік даярлық үшін кадрларға қажеттілікті кадрлық болжам негізінде айқындайды.
3. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамдармен келісімшарт жасалады.
Келісімшартта алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамның, құқық қорғау органының және құқық қорғау органы білім беру ұйымының өзара міндеттемелері мен жауаптылығы белгіленеді, сондай-ақ алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында одан әрі қызметті өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді. Келісімшарт қабылдау комиссиясының құқық қорғау органының білім беру ұйымына қабылдау туралы шешімінен кейін жасалады.
4. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдар бюджет қаражаты есебінен тамақпен және тұру орнымен қамтамасыз етіледі.
Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдарға алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде стипендия төленеді, оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар қызмет бағыты бойынша даярлық өткізілген құқық қорғау органының кадрына алынады.
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамды құқық қорғау органында лауазымға тағайындау кезінде алғашқы кәсіптік даярлықтан өту мерзімі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарға) есептеледі.
6. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.
7. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адам құқық қорғау органында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не үлгермеуіне және (немесе) тәртіп бұзуына байланысты, сондай-ақ өз еркімен құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, ол даярлыққа, өзін даярлау кезеңінде стипендия төлеуге, тамағы мен тұру орнына жұмсалған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетке өтеуге міндетті.
Бұл міндет үш жыл ішінде әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе жарамдылығы шектеулі екені туралы қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша не құқық қорғау органы штатының қысқартылуына, оны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметтен шығарған жағдайда, оны басқа лауазымда пайдалану, сондай-ақ басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметкерге қолданылмайды.
8. Алғашқы кәсіптік даярлықтан:
құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрам лауазымына тағайындалатын адамдар;
осы Заңның 7-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар;
бұрын арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар өтпейді.
9. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға осы Заңның 16-бабы 1-тармағы 1), 5), 8), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларының, 17-бабының 1-тармағы 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының және 3-тармағының күші қолданылмайды.»;