екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат):
1) мазмұнында:
26 және 107-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету»;
«107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру»;
мынадай мазмұндағы 214-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«214-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу ерекшеліктері»;
251-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 26-баптың тақырыбы, бірінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету
1. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өздерi де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады.»;
«4. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғаушысы мен заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы алдыңғыларға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi.
5. Қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарына айғақтар беруге, қандай да бір материалдарды ұсынуға, оларға қандай да бiр жәрдем көрсетуге мәжбүр етiлмеуге тиiс.»;
3) 32-бапта:
екінші бөліктегі «110 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлік «115, 120» деген цифрлардың алдынан «110 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 35-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам (қорғалуға құқығы бар куә), күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері, ал осы баптың бірінші бөлігінің 11) тармағында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған, адвокатпен қатар күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны қорғауды жүзеге асыру құқығы бар адамдар бұған қарсылық бiлдiрсе, қылмыстық істі осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4) және 11) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға жол берiлмейдi. Бұл жағдайда іс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығару арқылы аяқталады.»;
5) 36-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген жағдайда, сот кепілгерлік белгілеп, адамды жазасын өтеуден босата отырып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.
Сот іс бойынша басқа қорытынды шешім қабылдаған жағдайда, кепіл нысанасы кепіл енгізген адамға дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және оны мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Егер айыпталушы немесе жәбірленуші бұған қарсы болса, кепілгерлік белгілей отырып, адамды жазасын өтеуден босатуға жол берілмейді.»;
6) 39-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтету құқығын тануға тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға табыс етіледі не пошта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянды өтеу туралы талаптар қою тәртібі мен мерзімдері түсiндiрiлген хабарлама жіберіледі. Залалды өтетуге құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәлiметтер болмаған кезде, оларға хабарлама қылмыстық процестi жүргiзетін органға олар өтiнiш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешiктiрiлмей жіберіледі.»;
7) 40-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Соттың мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.»;
8) 45-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
«7-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу іс бойынша «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге және олардың нәтижелерін қылмыстық іс материалдарына қосып тігуге кедергі келтірмейді.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің үзілген мерзімдері оларды үзуге негіз болған мән-жайлар жойылған кезден бастап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен қайта басталады, бұл туралы прокурор жазбаша хабардар етіледі.»;
2021.27.12. № 88-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 52-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды - сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды да сот айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында алқабилердің қатысуымен қарайды.»;
10) 55-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-2) тармақпен толықтырылсын:
«5-2) осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
11) 58-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттың істі қарауы кезіндегі прокурордың өкілеттіктері 186 (екінші және үшінші бөліктерде), 187 (сегізінші бөлікте), 190 (жетінші бөлікте), 192, 193, 194 (үшінші бөлікте), 195 (бесінші бөлікте), 196 (екінші бөлікте), 234 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерде), 290, 301, 302, 303, 304 және 305, 321 (алтыншы бөлікте), 337, 414 (екінші бөлікте), 428 (алтыншы бөлікте), 429 (жетінші бөлікте), 478 (бесінші бөлікте), 480 (алтыншы бөлікте), 484, 486, 494 (бесінші бөлікте), 502 (бірінші бөлікте), 518 (бесінші бөлікте)-баптарда, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тарауларда, 628 (бірінші бөлікте), 643 (сегізінші бөлікте), 668 (алтыншы бөлікте)-баптарда, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге жағдайларда айқындалады.»;
12) 62-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы «қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтiрiлген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы» деген сөздерден кейін «, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 71-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті.»;
14) 78-баптың алтыншы және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қорғалуға құқығы бар куәнің:
1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамнан өзіне тиесілі құқықтардың түсіндірмесін алуға;
2) қорғалуға құқығы бар куә мәртебесінің мәні неден тұратынын білуге;
3) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптама тағайындау туралы қаулымен танысуға;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптаманың қорытындысымен танысуға;
5) айғақтар беруден бас тартуға;
6) өз бетінше немесе үшінші тұлғалар арқылы адвокат шақыртуға;
7) өзі таңдаған, жауап алу басталғанға дейін қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың қатысуымен айғақтар беруге;
8) ана тiлiнде немесе өзi меңгерген тiлде айғақтар беруге;
9) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
10) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
11) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;
12) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;
13) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелер ұсынуға;
14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
15) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
16) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;
17) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.
Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.»;
«8. Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.»;
15) 104-бапта:
екінші бөліктегі «Прокурор» деген сөз «Тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «прокурор» деген сөз «тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 105-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Шағымды қабылдаудан және тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өзі білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамның тергелетін қылмыстық істің мәні жөніндегі шағымдары, сондай-ақ оған жауап және шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім қылмыстық іс материалдарына қосып тігіледі.»;
17) 107-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының мынадай:»;
10) тармақша «қаулысына» деген сөзден кейін «, санкциясына» деген сөзбен толықтырылсын;
1-1, бесінші және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының:
1) жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;
2) жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;
3) адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісетіні туралы не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мұндай келісім беруден бас тарту туралы;
5) прокурордың жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;
6) осы Кодекстің 235-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы қаулысына, санкциясына өтінішхат келтіруге құқылы.»;
«5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының, санкциясының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.»;
«7. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап шығып, мынадай:
1) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгеріссіз қалдыру туралы;
2) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгерту туралы;
3) тергеу судьясы қаулысының, санкциясының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.»;
18) 113-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен кірістер болып табылатынын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы ретінде не экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе пайдалануға арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.»;
19) 118-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар заттай дәлелдемелер деп танылады:
1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың қаруы немесе өзге де құралы болды деп пайымдауға негіз болса, нәрселер;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері сақталып қалған немесе сақталуы мүмкін нәрселер;
3) қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектілері болған нәрселер;
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша, құндылық пен өзге де мүлік;
5) қылмыстық құқық бұзушылықты табу, істің нақты мән-жайларын анықтап алу, кінәлі адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңілдету құралдары болуы мүмкін ақша, құндылық, өзге де мүлік, нәрселер, құжаттар.»;
20) 131-баптың екінші бөлігінде:
6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақпен толықтырылсын:
«7) ұстап алу мерзімі.»;
21) 145-бапта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемі «қамтамасыз ету үшiн» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кепiлдiң қабылданғаны туралы хаттама жасалады, онда күдіктіге, айыпталушыға шақыру бойынша келу және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы міндеттің түсiндiрiлгенi, ал кепiл берушiге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған және қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылатыны туралы ескертiлгенi атап көрсетіледі. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ кепіл беруші басқа тұлға болса, ол қол қояды. Хаттама және соттың депозитiне кепiлдің енгізілгені туралы құжат iс материалдарына қосып тігіледі, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi табыс етіледі.»;
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
22) 147-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам ұстап алынған мерзім ішінде прокурор осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен танысуға құқылы және күдікті ұсталып отырған жерде одан жауап алуға құқылы.»;
23) 148-баптың он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстаудың қолданылатыны туралы осы Кодекстің 135-бабында белгіленген тәртіппен - күдіктінің туыстарын, ал ол шетелдікке қатысты қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы осы мемлекеттің елшілігін, консулдығын немесе өзге өкілдігін де хабардар етуге міндетті.»;
24) 151-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан асырмай ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.»;
25) 161-баптың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер басқа тұлғалардағы мүлік күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынған не қылмыстық құқық бұзушылық қаруы немесе құралы ретінде не экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан топты, заңсыз әскери құралымды, қылмыстық қоғамдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе пайдалануға арналған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, ол мүлікке тыйым салу қолданылуы мүмкін.
9. Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалтылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам соттың санкциясы алынғанға дейін мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасасуды тоқтата тұруға не прокурорды және сотты жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, мүлікті алып қоюға құқылы.»;
26) 184-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат соттың тиісті мәліметтер қамтылған жекеше қаулысы, жекеше ұйғарымы келіп түскен жағдайда жасалуы мүмкін.»;
27) 187-бапта:
екінші бөлікте:
«128 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «128» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейін «188-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«203» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
«335 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 337 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 338, 339 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «335, 337, 338, 339» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«346 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «346 (бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«380-1,» деген цифрлардан кейін «380-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3-1-бөлікте:
«кодексiнiң» деген сөзден кейін «203 (1-1-бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 5) тармақтарында, үшінші бөлігінде)» деген сөздер «216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1) және 2) тармақтарында, үшінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«239 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «239 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 189-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтауды не алдын ала тергеуді тағайындауға міндетті.»;
29) 190-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.»;
30) 191-бапта:
екінші бөлікте:
«107 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «110 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«128 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
«299 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «299-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«339 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«345 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейін «345-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«346 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы бөлікте:
«335 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
«337 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«343 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «345 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«346 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма үшінші бөліктегі «337 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын;
31) 193-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
«9-1) осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген заңсыз жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;»;
екінші бөліктің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Прокуратура басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7) және 8) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін басшылары жүзеге асыруы мүмкін.»;
32) 196-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері орындалған соң, бiрақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы тергеулігі туралы мәселелер болмаған кезде бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды жазбаша хабардар ете отырып, iстi дәл осы органның тергеушiсіне беруге мiндеттi. Іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар анықталған жағдайда, анықтау органы қылмыстық істі тоқтатуға құқылы. Қалған жағдайларда қылмыстық іс тергеулігін айқындау үшін прокурорға беріледі.»;
33) 209-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Мыналардан:
1) жүкті әйелден не асырауында жас баласы бар әйелден;
2) елу сегіз және одан үлкен жастағы әйелдерден;
3) алпыс үш және одан үлкен жастағы ер адамдардан үздіксіз жауап алу - үш сағаттан, ал жауап алудың жалпы ұзақтығы бес сағаттан аспауға тиіс.»;
34) мынадай мазмұндағы 214-1-баппен толықтырылсын: