14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекітілген өкiлеттiктерiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқылы емес.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қорытынды ережелер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының