5) босатылуға дайындалатын сотталған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған нақты іс-шараларды;
6) сотталған адам босатылғаннан кейін оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оның жұмысқа орналасуы және тұрмыстық жағдайы бойынша жоспарланатын іс-шараларды қамтиды.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Пенитенциарлық пробация қолданылатын сотталғандардың өтініші бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі босатылғаннан кейін өздері таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олардың:
1) сотталған адамды тіркеу үшін және оған бос орындар туралы ақпарат ұсыну үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарымен;
2) тұрғын үйді жалға алу бойынша мамандандырылған ұйымдармен (агенттіктермен);
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу үшін қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға жәрдемдесу үшін әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл орнатады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын іске асыру кезінде:
1) пробацияны жүзеге асыратын өзге де субъектілермен босатылуға дайындалатын адамдардың жұмысқа орналасуы және тұрмыстық жағдайы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
2) өзіне қатысты пробация қолданылатын адамдарға Қазақстан Республикасының жұмысқа орналасу және тұрмыстық жағдай тәртібін регламенттейтін заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді, құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғаудың қолданыстағы құқықтық тетіктері туралы хабардар етеді;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде әлеуметтік-құқықтық көмек алу көлемі мен тәртібін түсіндіреді;
4) әкімшілік қадағалаудың және пробациялық бақылаудың жүзеге асырылу тәртібі, сондай-ақ оларды бұзудың салдарлары туралы алдын ала хабардар етеді.
17-бап. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация
1. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын, өзіне сот әкімшілік қадағалау белгілеген;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған;
5) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамға қатысты қолданылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация оның тұрғылықты жері бойынша полиция жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуі нысанында қолданылады.
3. Сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.
4. Бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация осы Заңның 15-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүгіну арқылы олардың бастамасы бойынша оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.
6. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробацияны жүзеге асыру ерекшеліктері
Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробация:
1) оның дара және жас ерекшеліктері ескеріле отырып;
2) отбасын тарта отырып;
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдармен және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
19-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру
1. Пробация қызметі:
1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған;
2) шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
2. Полиция:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 84-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында белгіленген, өзіне сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасын тағайындаған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Пробация қызметі өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген кәмелетке толмаған адамды есепке қою кезінде осы Заңның 18-бабының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 69, 169 және 174-баптарына сәйкес шаралар кешенін іске асырады.
Қажет болған кезде кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында педагог пен психологтің қатысуы көзделеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шаралармен қатар кәмелетке толмаған адамға қатысты пробация қызметі қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған адамның тұрғын үй жағдайларын зерттеп-қарауды акт жасай отырып, тоқсан сайын жүргізеді.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы желтоқсанның 30-ы.
№ 38-VI