336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
337-бап. Жердi бүлдiру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердi өсіру стимуляторларымен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануы -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жерді нысаналы мақсатта, ал елді мекендердің жерлерінде - функционалдық аймаққа сәйкес пайдаланбаудан;
2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру
Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту -
жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 342-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар
Мыналарға:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;
4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;
5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;
8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;
10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;
11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;
12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;
штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 344-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
344-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу
Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 344-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
344-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды бұзу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 344-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
344-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының міндеттерін және функцияларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының түскен ақшаны уақтылы немесе тиісінше бөлмеуі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына жүктелген міндеттерді және функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының бірінші басшысына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 345-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
345-бап. Көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу
Пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысыраптарына алып келген, көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 346-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
346-бап. Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу
Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу, сол сияқты белгіленген мерзімде құзыретті органды (келісімшарт тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берген мемлекеттік органды) жобалау құжаттарына өзгерістер енгізу туралы хабардар етпеу - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 347-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу, егер бұл іс-әрекет елеулi нұқсан келтiруге алып келмесе, -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 348-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
348-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу
Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 349-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
349-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілікті беру тәртібін бұзу
Жер қойнауын пайдаланушының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 350-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
350-бап. Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу
Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 351-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
351-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу
Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
352-бап. Тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын олардың сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөніндегі талаптарды бұзу
Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, жойылатын немесе консервацияланатын тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ консервациялау уақытында тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын сақтау жөнiндегi талаптарды бұзу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 353-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау тәртібін бұзу
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамау - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне -
елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 354-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару
Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану, өндірілген пайдалы қазбалар туралы ақпаратты, сондай-ақ геологиялық ақпаратты уақтылы, толық және анық беруден бас тарту немесе жалтару - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне -
он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
355-бап. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi
Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 356-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзушылық
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3 - 14 бөліктермен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жер қойнауын пайдалану саласында жобалау құжаттарынсыз белгіленген тәртіппен бекітпей іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай шикі газды жағу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жер қойнауын пайдаланушының шикі газды кәдеге жаратпай және (немесе) қайта өңдемей көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының, теңізге мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның бекітілген мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарының болмауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 12-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Теңізге мұнайдың бірінші және екінші деңгейлерде төгілу салдарын жою үшін қажет өзінің материалдары мен жабдығынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасалған шартсыз теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Осы баптың сегізiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың төртінші, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 357-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
357-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi тiркеу
Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаған табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тіркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшін төлемақыны қасақана төмендету, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
358-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз, кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру -