2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібі;
13) жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі;
14) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтеріне қойылатын талаптар айқындалады.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 4-тараудың тақыры жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты
1. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жүк жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi, тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелi пунктiне жеткізуге және оны жүктi алуға уәкiлеттi адамға (жүк алушыға) бepугe мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүк тасымалдағаны үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын жасасу қағаз немесе электрондық нысанда тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен расталады.
31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзу
Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты өзгерген немесе бұзылған жағдайда тараптар, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарт талаптары өзгергенге дейiн немесе бұзылғанға дейiн оны орындауға байланысты шығарған шығыстардың өтелуiн талап етуге құқылы.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тасымалдаушының жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) өзiнiң сипаты, салмақ және көлем өлшемдерi бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға;
2) егер жүктi одан әрi автомобильмен тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiруге;
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларына сәйкес, жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн немесе олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шығарған шығындарын өтеуге;
4) жүк жөнелтушi (жүк алушы) көрсеткен жаңа межелi пунктiне еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткізуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар етiп, жүктi оған қайтаруға құқығы бар; егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының осыларға байланысты қосымша шығыстарын жүк жөнелтушi (жүк алушы) төлейдi.
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарымен және шартпен белгiленген өзге де құқықтары бар.
2. Тасымалдаушы жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және олардың сақталуына қатер төнгенi туралы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) дереу хабардар етуге, бұл орайда жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде өзi жүргiзген әрекеттер туралы дереу хабардар етуге;
2) жүктi қабылдау кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатындағы жүк орындарының санына, олардың маркалануы мен нөмiрлерiне қатысты жазбалардың дәлме-дәлдiгiн, сондай-ақ жүктiң және оның орамасының сыртқы жай-күйiн тексеруге;
3) автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктiң салынуы мен бекітілуiн бақылауға;
4) жүк алушы автомобильмен тасымалдаушыға қатысы жоқ себептермен жүктi алмаған жағдайда, жүктi межелi пунктiнде, келген күннен бастан отыз күн бойы, тез бүлiнетiн жүктi - төрт күн бойы сақтауға мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi мойнына алады.
3. Жүк жөнелтушiнiң жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) мәлiмделген жүктi тасу үшiн тиеудiң алдында автокөлiк құралының жарамдылығын тексеруге;
2) мәлiмделген жүктi тасу үшiн автокөлiк құралы жарамсыз болған жағдайда, тасымалдаушының қызметiнен бас тартуға құқығы бар.
Жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және шартқа сәйкес өзге де құқықтары бар.
4. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша:
1) автокөлiк құралының келу және кету уақыты туралы жолпараққа белгi соғуға;
2) автокөлiк құралының жарамсыздығы себептi тасымалдаушының қызметiнен бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасауға;
3) автокөлiк құралына жүк тиеу процесiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген рұқсат етiлген салмақ пен көлем өлшемдерiнен асыруға жол бермеуге;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) тасымалдаушыға тауар-көлiк жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажет болған жағдайларда, жүк тасымалдары үшiн қажеттi өзге де құжаттарды (сертификат, тиісті рұқсат, ветеринариялық құжаттар, кеден декларациялары) көрсетуге мiндеттi.
5. Жүктерді автомобильмен тасымалдау қызметтері осы Заңның, Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болуға тиіс.
33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу және түсiру
1. Тасымалдаушы Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiне және шартқа сәйкес жүктердi автомобильмен тасымалдауға жарамды автокөлiк құралдарын автомобильмен жүк тасымалдауға қабылданған өтiнiмде (тапсырыста) немесе шартта белгiленген мерзiмде тиеу үшiн жүк жөнелтуге беруге мiндеттi.
2. Жүктердi автокөлiк құралына тиеу (бекіту, жабу, байлау), сондай-ақ жүктердi түсiру Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде көзделген талаптар сақтала отырып, шартта көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы не жүк жөнелтушi өзiнiң сипатына қарай автомобиль жолдарының ластануын туғызуы және жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн жүктердiң жабылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жүк жөнелтушi автокөлiк құралдары жүк тиейтiн орынға келгенге дейiн жүктi автомобильмен тасымалдауға тиеу, тасымалдау қауiпсiздiгi, жүктiң және автокөлiк құралының сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.
34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер
1. Жүк жөнелтушiнiң кiнәсiнен жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер туындаған жағдайда, тасымалдаушы осындай кедергiлер туындаған сәттен бастап бір тәулiктiң iшiнде бұдан әрi тасымалдау мүмкiн еместiгi туралы жүк жөнелтушiнi хабардар етуге мiндеттi.
2. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Егер жүк жөнелтушi осы баптың 1-тармағына сәйкес тасымалдаушы хабардар еткен сәттен бастап үш тәулiк iшiнде (тез бүлiнетiн жүкке қатысты бір тәулiк iшiнде) жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолданбаған жағдайда, автомобильмен тасымалдаушы үш тәулiк iшiнде жүктiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде келтiрiлген шығындарды ескере отырып, жүктi жүк жөнелтушiге соның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi белгiленген тәртiппен өткізуге құқылы.
35-бап. Жүктi беру
1. Тасымалдаушының жауапкершiлiгіндегі жүктiң бүлiнуi немесе бұзылуы салдарынан оның сапасының және (немесе) санының соншалықты өзгеруiнен, жүктi тiкелей мақсатында толық немесе iшiнара пайдалану мүмкiн болмайтын жағдайда ғана жүк алушы жүктi қабылдаудан бас тартуы мүмкiн.
2. Жүктердi қалааралық автомобильмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүктi жүк алушыға беру мүмкiн болмаған жағдайда, жүк жөнелтушi Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен тасымалдаушыға жүктi жаңа межелi пунктiне жеткізу туралы нұсқау беруге мiндеттi.
36-бап. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен (жүк алушымен) келісім бойынша құндылығы жарияланған жүктер тасуы мүмкiн.
2. Iлесусiз тасымалданатын бағалы металдарды (тастарды), олардан жасалған бұйымдарды, өнер заттарын, антикварлық мүлiктердi және өзге де көркем құндылықтарды, бейне- және дыбыс аппаратураларын, электрондық-есептеу және көбейту техникаларын, машиналардың тәжiрибелiк үлгiлерiн, жабдықтарды, аспаптарды, жеке (тұрмыстық) қажетке арналған жүктердi автомобильмен тасымалдаған кезде құндылықты жариялау мiндеттi.
3. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау үшiн жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) қосымша ақы алынуы мүмкiн, оның мөлшерi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тараптардың келісімiмен белгiленедi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1-тармақтың қолданысы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
1-1. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары міндетті түрде шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықталуға жатады.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.
2. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтушi құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен туатын нақты қауiптi және қолданылуы тиiс сақтық шараларын көрсетуге мiндеттi.
Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықтар автомобильмен тасымалдаушыға қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
3. Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы жүргiзедi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiкті халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар береді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1) қауiптi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбі;
2) қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қойылатын талаптар;
3) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар;
4) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұру тәртібі;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатты беру тәртібі;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру тәртібі айқындалады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті уәкілетті орган міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы негізінде береді.
Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының қолданыс мерзіміне беріледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдау
1. Автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескергенде, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген, рұқсат етілген көлемдік және салмақтық параметрлерден асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдау жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдерінен габариттері және (немесе) массасы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша асып түсетін жүгі бар отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне жол берілмейді.
3. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38-1-бап. 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдаушылар пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауды пошта операторларымен жасалған пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады.
2. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшiн арнайы жасалған автокөлiк құралы пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады.
3. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн ұсынатын пошта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне пошта жөнелтiлімдерiн алмасу үшiн өтуi бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады.
4. Егер пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, пошта жөнелтілімдерін тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын пошта операторлары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, автомобильмен тасымалдау кезiнде пошта жөнелтілімдерінің сақталуы мен тұтастығы үшiн пошта операторы жауаптылықта болады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Жүктерді аралас тасымалдау
Бiрыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бiрыңғай коносамент) бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
41-бап. Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi
Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi:
1) жүктi жеткізу мерзiмiн;
2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін;
3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртібін;
4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды;
5) автомобильмен тасымалдауға жүктердi қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртібін;
6) тез бүлiнетiн жүктi өткізу тәртібін;
7) құндылығы жарияланған жүк тасымалдау тәртібін;
8) жүктi маркалау тәртібін;
9) жүктi пломбалау тәртібін;
10) актiлер жасау тәртібін;
11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібін;
12) жүктi ұстап қалу тәртібін;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртібін;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды айқындайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 41-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу
Тасымалдаушының уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеуге құқығы бар.
5-тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдары
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдарын мемлекеттік реттеу
1. Халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және одан сыртқа шығу, сондай-ақ оның аумағы арқылы транзитпен жүріп өту тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
3. Халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат етiлген жүйесi қолданылатын елдерде халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар беруді - осы Заңның 19-7-бабына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасында халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында белгіленген тәртіппен, шетелдік рұқсаттар бланкілерін автоматты түрде үлестіру жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүргізеді.
Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесi қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына берiлетiн рұқсаттар санынан acca, онда рұқсаттар бірiншi кезекте:
1) гуманитарлық жүктердi автомобильмен тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн жүктердi автомобильмен экспорттық тасымалдауға;
3) көлiктiң басқа түрлерiнiң тасымалдаушыларымен бірлесiп орындалатын автомобиль тасымалдарына;
4) тез бүлiнетiн өнiмдердi автомобильмен тасымалдауға;
5) жолшыбай бағытта орындалатын автомобильмен тасымалдауларға беріледі.
4. Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекет тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарын сақтауын бақылауды осы Заңның 19-7-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
5. Шет мемлекет тасымалдаушылары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде пайдаланатын автокөлiк құралдарын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тексерiп қарауы мүмкiн.
43-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi құзыреттi органы арасында автобустардың, шағын автобустардың келісілген маршруттары (бастапқы, соңғы және аялдау пункттерiн көрсете отырып) және қозғалыс кестесi бойынша ұйымдастырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды орындаған кезде автобус жүргiзушiлерiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары куәландырған жолаушылар тiзiмi болуға тиiс.
3. Қазақстан Республикасымен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттерi арқылы ғана жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде, Қазақстан Республикасы облысының шет мемлекетке шығу немесе шет мемлекеттен кіру жүзеге асырылатын елді мекендері арасында отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тасымалдауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеу және тұрақты маршруттар бойынша жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды өткізу кезектен тыс жүргізіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44-бап. Шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен жолаушыларды, багажды, жүктердi автомобильмен тасымалдаулар
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдау жөніндегі кәсiпкерлiк қызметке тыйым салынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар халықаралық талаптарға сай келетiн, өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс.
Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды.
2. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi.
3. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаулар уәкілетті орган беретін автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету туралы куәліктің және автокөлік құралдарына рұқсат ету карточкасының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға қойылатын талаптар Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарында автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган беретін Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі туралы куәлік болуға тиіс.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында межелі пунктпен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асырған кезде сәйкестендіру құралдары пайдаланыла отырып өткізіледі.