«4-1) жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға есептелген (есепке жазылған) және аударылған жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;»;
5) тармақша «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөліктің екінші абзацы «міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпе «міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 256-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бұзу
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалатын тәртіппен және шарттармен ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамауы, сол сияқты өз қызметі туралы толық емес немесе анық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7-тармақтың 5) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 285-баптың үшінші бөлігінің 2) және 5) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 6) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 909-баптың 2-тармағы «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын.
8-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 35-құжат; №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №1, 180-құжат; №14, 274-құжат; 1997 ж., №12, 183-құжат; 1998 ж., №5-6, 50-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 63, 64-құжаттар; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 1-құжат; №8, 52-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №18, 157-құжат; 2003 ж., №4, 25-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №15, 95-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., №24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат):
1) 16-баптың алтыншы және сегізінші бөліктеріндегі «міндетті зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-1-баптың екінші және төртінші бөліктеріндегі «міндетті зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және» деген сөздермен ауыстырылсын.
9-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
74-2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №11, 154-құжат; 1999 ж., №8, 239-құжат; №23, 925-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2003 ж., №1-2, 13-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; №24, 157-құжат; 2005 ж., №23, 98-құжат; 2006 ж., №12, 69-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №6, 28-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №8, 45-құжат):
10-тармақтың 1) тармақшасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 1-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған кезде және асыраушысынан айырылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;»;
10-тармақтың 4) тармақшасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 3-баптың 2-тармағында:
үшінші бөліктегі «және жасына байланысты жәрдемақылар» деген сөздер «жәрдемақы» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;»;
10-тармақтың 5) тармақшасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
5) 5-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
6) 8-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
7) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мүгедек «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.»;
8) 13-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «алмайтын болса» деген сөздер «алмаса» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 9) тармақшасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9) 4-тарау алып тасталсын;
10-тармақтың 10) тармақшасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.».
11-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №11-12, 177-құжат; №24, 445-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2003 ж., №4, 25-құжат; №10, 49, 51-құжаттар; №15, 138-құжат; 2004 ж., №23, 140-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; 2006 ж., №11, 55-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №7, 28-құжат; 2011 ж., №13, 116-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат, №11, 61-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат):
14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын.
12-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №22, 309-құжат; 2000 ж., №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 86-құжат, №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 138-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; 2009 ж., №2-3, 21-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 79-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
1-баптың 11-1) және 11-2) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
13-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №22, 406-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 85-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; 2005 ж., №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 25-құжат; №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; №8, 52-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 94-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
72-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағының 2) тармақшасы «зейнетақы жарналарын төлеу» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу» деген сөздермен толықтырылсын.
14-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 132-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №16, 91-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат, №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., №11, 102-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;».
15-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №3, 19-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 101-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №10-11, 56-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат):
3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «міндетті зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын және» деген сөздермен ауыстырылсын.
16-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №16, 130-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат):
40-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «төленген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
17. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 31-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат):
1) 49-баптың 1-тармағының 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;»;
«9) басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және қызметкер төмен тұрған лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде штаттың қысқартылуына байланысты;»;
2) 78-баптың 3-тармағындағы «қызметтен жасына» деген сөздер «қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 79-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы «жасына, ауыруына, денсаулық жағдайының шектелуіне немесе штаттың қысқартылуына байланысты» деген сөздер «қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқартылуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «ауруы бойынша, денсаулығының шектеулі жағдайына және штаттың қысқартылуына байланысты» деген сөздер «денсаулық жағдайы және штаттың қысқартылуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Жасы бойынша,» деген сөздер «Қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша,» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №5, 40-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 10-құжат; №3, 15-құжат; №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
50-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Жасы бойынша» деген сөздер «Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №10-11, 55-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 1-құжат; №6, 28-құжат; №8, 49-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; №22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; №8, 45-құжат; №10, 50-құжат):
1) 1-бапта:
19-тармақтың 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына меншікті қаражаты есебінен агенттер аударған ақша;
11-2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшері;»;
12), 16), 17) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) зейнетақы - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;»;
«16) зейнетақы төлемдерi:
уәкiлеттi ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
еңбек сіңірген жылдары үшін - әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы Заңға сәйкес төленетін ақша төлемі;
19-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан - міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
17) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) уәкiлеттi ұйымнан зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2017 жылғы 1 шілдеге дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
«24) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;»;
26), 28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
19-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
«26) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалған (есебiне жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары;»;
«28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады;
29) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысына және (немесе) еңбекақыны (табысты) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаспен көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;»;
31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары -еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшерi;»;
33) тармақша алып тасталсын;
19-тармақтың 1) тармақшасының жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі