08.11.00 ж. № 96-II; 03.03.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау
1. Сенім бiлдiрiлген тұлға, егер:
1) сауда-саттыққа бiр ғана сатып алушы келсе;
2) сауда-саттықта ұтқан тұлға сатып алу бағасын белгiленген мерзiмде енгiзбесе, сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдаяттардың бiрi орын алса, келесi күнi сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялануға тиiс.
3. Бiр ғана сатып алушы қатысқандықтан, сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiл ұстаушы мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың қорытындысы негiзiнде сот шешiмiмен немесе сенiм бiлдiрген тұлғамен белгiленген ағымдық бағалау құны бойынша кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне айналдыруға немесе жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге хақылы.
Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген негiздер бойынша сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде кепiл ұстаушы кепiлге берiлген жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алуға хақылы.
Бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады.
Мұндай келісімге сатып алу-сату туралы ережелер қолданылады, бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады.
4. Жаңа саудаласу туралы құлақтандыру осы Заңның 28-бабына сәйкес жарияланады.
33-бап. Сотқа жүгiну құқығы
Кепiл берушi, сондай-ақ егер ол кепiл берушi болып табылмаса, негiзгi мiндеттеме бойынша борышқор сауда-саттық өткізудiң рәсiмi бұзылған жағдайда жылжымайтын мүлiк орналасқан жердегi сотта оның нәтижелерiн 3 ай iшiнде даулауға хақылы.
Қуыным жасау арызын беру сауда-саттық нәтижесiнен туындайтын iс-әрекеттiң жасалуын тоқтатпайды.
34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру
Сауда-саттық аяқталып, сатып алушы ақырғы және өзiнен талап етiлген басқа да барлық төлемдердi енгiзгеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген тұлға оған сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктi сатып алғаны туралы құжатты тапсырады, онда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) сауда-саттықты өткізудiң негiзi;
2) оны өткізудiң орны мен уақыты;
3) сауда-саттықта сатып алынған мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы, оның орналасқан жерi;
4) кепiл берушi - мүлiктiң бұрынғы иесiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
5) сатып алушының аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
6) сатып алушы төлеген сатып алу бағасы;
7) сауда-саттықты өткiзген сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы).
Сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктiң сатып алынғаны туралы құжат сенiм бiлдiрiлген тұлғаның қойылған қолымен бекітіледi.
Егер сенiм бiлдiрiлген тұлға заңды тұлға болып табылса, оның өкiлiнiң қойған қолы осы заңды тұлғаның мөрiмен расталады; егер сенiм бiлдiрiлген тұлға жеке тұлға болса, оның қойған қолы нотариалдық тәртiппен расталады.
35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы
Кепiл берушi сатып алушыға ол сауда-саттықта сатып алған жылжымайтын мүлiктi беруден, тұрғын үй-жайды босатқысы келмегенiн қоса, бас тартқан жағдайда, сатып алушы мүлiк орналасқан жердегi сотқа жүгiнуге хақылы.
Бұл ретте туындаған барлық сот шығыстарын кепiл берушi ипотеканы өткізуден алған қаражатының есебiнен өтейдi.
36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу
Сенім бiлдiрiлген тұлға сауда-саттықтан түскен түсiмдi мынадай басымдық ретiмен:
1) сауда-саттықты өткізудiң шығындары мен шығыстарын өтеуге;
2) ипотекамен қамтамасыз етiлген негiзгi мiндеттеме үшiн төлем жасауға;
3) қайталама кепiл және аударым кепiлiмен қамтамасыз етiлген, мерзiмi өткен мiндеттемелердi, сондай-ақ заң актілерінде белгiленген кезек ретiмен басқа да жылжымайтын мүлiк ауыртпалықтарын төлеуге;
4) кепiл берушiге қалған соманы қайтаруға арнап бөледi.
5-тарау. Ипотеканы тоқтату
ҚР 03.03.03 ж. № 427-II Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ипотека Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 322-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Жылжымайтын мүлік ипотекасын негізгі міндеттемені орындауға, ипотека мәніне айыпақы өндіріп алуға және өзге де негіздерге байланысты тоқтатуды мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi, 2016 ж. 1 қаңтардан бастап жасалған шарттарға қолданылды) (бұр.ред.қара)
2. Ипотекалық шартты жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiкті кепiлде ұстаушының меншiгiне өткен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары борышкер - жеке тұлғада өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге де мүлік немесе кіріс болмаған кезде, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде және сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану күніне жеке тұлғаға тиесілі немесе негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сот тәртібімен сату жағдайына қолданылады.
38-бап. Осы Заңның күшi
Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi