ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ өзгертілді
34. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МОИП-та заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының немесе мемлекеттік органның аппарат басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдалана отырып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды электрондық құжаттар нысанында орналастырады және МОИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалар қағаз түрінде келісіледі.
Қаулы (өкім) жобасын заң қызметімен келісу бөлігіндегі осы талаптар әзірлеушісі Әділет министрлігі болып табылатын жобаларға қолданылмайды.
Қаулы (өкім) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік органдардың оны алдын ала келісуін талап етуге, формальды және өзге де негізсіз себептермен жобаны, осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, келісуден бас тартуға тиісті емес.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 34-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен 34-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-1-тармақ өзгертілді
34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестерінің (бұдан әрі - сараптама кеңестері) сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган әлеуметтік мәні бар қаулы жобасын әзірлеген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда - өзге де тілдерде баспасөз релизін жариялайды.
Әлеуметтік мәні бар қаулы жобасы деп тікелей немесе жанама түрде адамның және тұтастай алғанда, қоғамның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын қаулы жобасын түсіну қажет.
ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен 34-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2016.07.11. № 672 Қаулысымен 34-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 34-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 82-бабының 2-тармағында көзделген реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін құжаттардың жобалары бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімі алдын ала жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 35-тармақ жаңа редакцияда
35. Орталық атқарушы органдардың қаулылардың (өкімдердің) жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы аппарат басшылары арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ жаңа редакцияда
36. Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.
Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне қатысты қаулылардың жобалары Ұлттық экономика министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.
Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктерінің қорытындысы теріс болған жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуге болмайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.07. № 451 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 37-тармақ өзгертілді
37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады.
Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Міндетті лингвистикалық сараптама:
1) заңнамалық актілердің жобалары бойынша - Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісілгеннен кейін олар Үкіметке енгізілгенге дейін;
2) ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша - оларға қол қойылғанға дейін;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген, ратификациялауға жататын халықаралық шарттар бойынша - оларды ратификациялау немесе ратификациялау жолымен оларға қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі.
Бұл ретте олар Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіледі.
Қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулы жобаларын қоспағанда, Әділет министрлігіне келісуге енгізілгенге дейін жүргізіледі.
Президент Әкімшілігінің және (немесе) Кеңсенің ескертулері мен ұсыныстары бойынша қаулы жобасына тұжырымдамалық өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда қаулы жобасына қайталама сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 38-тармақ жаңа редакцияда
38. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде сараптама кеңестеріне және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті қаулы жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен 39-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.18.07. № 797 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 39-тармақ өзгертілді
39. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.
Әділет министрлігіне енгізілгенге дейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісіледі.
Осы жобаларға электрондық құжат нысанында:
1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттардың жобалары бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттар бойынша ғылыми сараптама қорытындысы;
3) халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары енгізілген жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар;
4) оларды жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;
5) оларға сілтеме болған жағдайда - халықаралық ұйымдар шешімдерінің және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған көшірмелері;
6) бұрын қол қойылған шарттарға ноталар (СІМ растаған ноталардың көшірмелері);
7) халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігiн анықтауды қоса алғанда, оларға қол қоюдың, оларды ратификациялаудың, бекiтудің, қабылдаудың және оларға қосылудың орындылығының негіздемесі;
8) халықаралық шарттарды жасасудың ықтимал саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық және өзге де салдарын бағалау қоса беріледі.
Жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен тиісті ұсыныстар жобаға түсіндірме жазбада көрсетіледі.
Қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың түпнұсқа мәтіндерінің біріне сәйкестігін қаулы жобасын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.
Қарыз туралы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен қарыз туралы халықаралық шарттардың жобаларымен бір мезгілде келісілуге тиіс. Мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Әділет министрлігімен келісілгеннен кейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 39-1-тармақ өзгертілді
39-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге халықаралық шарттарға қол қою туралы Үкімет қаулыларының жобаларын:
1) Үкімет атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей;
2) Қазақстан Республикасының атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсынады.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде жиырма бес жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген тапсырмалардың жобаларын (меморганның тиісті келісу хаттарымен не меморган басшысының бұрыштамасымен қоса) Премьер-Министрдің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етеді.
Премьер-Министрмен тапсырмалардың жобаларын келіскеннен кейін Сыртқы істер министрлігі тапсырмалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізеді.
40. ҚР Үкіметінің 2008.05.12. № 1161 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен
зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың
жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Үкімет бекіткен тиісті нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 838 Қаулысымен 41-1-тармақпен толықтырылды
41-1. Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау мәселелері Үкімет бекіткен тиісті қағидалармен айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.
Мемлекеттік органдар ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-тармақ жаңа редакцияда
43. Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінішхаты бойынша келісуші мемлекеттік органдарда туындаған келіспеушіліктерді қарау мақсатында Үкіметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Премьер-Министрде және оның орынбасарларында кеңестер өткізілуі мүмкін.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.
Тиісті хат түріндегі кеңес өткізу туралы өтінішхат Кеңсеге:
1) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын;
2) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасын;
3) мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын қоса бере отырып, Үкімет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттілігінің негіздемелерімен бірге енгізіледі.
Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен 43-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-1-тармақ жаңа редакцияда
43-1. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде қаулылардың (өкімдердің), сондай-ақ Президент пен Парламенттің қарауына тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулылардың жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде қайта келісілуге тиіс. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде халықаралық шарттың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгерген жағдайда, Әділет министрлігімен қайта келісілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 43-2-тармақпен толықтырылды
43-2. Жоба мәтініне республикалық бюджетке кірістердің қысқаруына немесе шығыстардың ұлғаюына әкелетін өзгерістер енгізілген жағдайда, жоба Қаржы министрлігімен қайта келісуді және Республикалық бюджет комиссиясының оң хаттамалық шешімін қажет етеді.
44. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы жедел мәселелерді шешу жөніндегі қаулылардың (өкімдердің) жобаларын келісудің өзге де рәсімін белгілей алады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.3-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.18.07. № 797 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 45-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2020.25.03. № 136 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 668 Қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:
1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;
1-1) қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде карантинге байланысты уақытша шектеу іс-шараларына қатысты қаулылардың жобалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 1 (бір) жұмыс күні;
2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 (бес) жұмыс күні;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, гуманитарлық көмек мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру үшін қабылданатын қаулылар мен өкімдердің жобалары - 1 (бір) жұмыс күні;
4) Кодекс жобалары бастапқы енгізілген жағдайда - 20 жұмыс күні ішінде, қайталама түскенде - 10 жұмыс күні ішінде қаралады;
5) ресми сапарларға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары мемлекеттік органдармен бір күн мерзімде келісіледі;
6) қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобалары - 5 жұмыс күні.
ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 804 Қаулысымен 45-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2020.25.03. № 136 Қаулысымен 45-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45-1. Мемлекеттік органдармен бұрын келісілген қаулы (өкім) жобаларын қайта келісу (мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін бөлігінде жобаның мәтіні өзгерген жағдайда) мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен, ал осы Регламенттің 45-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жобалар бойынша 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе
Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.4-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 47-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 47-тармақ жаңа редакцияда
47. Жобаны қараудың қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының немесе аппарат басшысының, облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімінің (олардың міндетін атқаратын адамдардың) ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, МОИП-та электрондық құжат немесе белгі нысанында мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
1) ескертулерсіз келісілді;
2) ескертулерді жою үшін пысықтауға жіберілді. Бұл ретте келісуші орган ескертулерді орналастырады, онда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау МОИП-та жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші жобаның пысықталған (келесі) нұсқасын орналастырады және оны мемлекеттік органдарға қайта келісуге жібереді;
3) келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган келісуден бас тарту уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды.
Келісуші мемлекеттік органдарға жобаларды «ескертулермен» келісуге тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-тармақ жаңа редакцияда
48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны МО ИП-та жобаға орналастырады. Электрондық құжат нысанындағы келіспеушіліктер хаттамасы МО ИП-та мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.5-бөлім. Қаулы жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 49-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 49-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2021.22.06. № 429 Қаулысымен 49-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының (не олардың міндетін атқарушы адамдардың) ЭЦҚ-сымен қолбелгі қою үшін қаулы (өкім) жобасын МОИП арқылы түпкілікті келісуге жіберуді қамтамасыз етеді және келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған қорытындыларымен (келіспеушілік хаттамаларымен) және тиісті қосымшаларымен бірге электрондық құжат нысанында МОИП арқылы Кеңсеге енгізеді. Бұл ретте жобаны келісудің түпкілікті мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Заң жобалары, Үкімет қорытындыларының жобалары қағаз және электронды түрде Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) арқылы, әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қағаз және электронды түрде, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электронды түрде келіскен Президент актілерінің жобалары МОИП арқылы енгізіледі.