34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
1. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтерді көрсету мақсатында қалыптастырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру шеңберінде электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған деректерді басқару және оларды іске асырудан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету деректерді басқару талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi немесе иеленушісі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтай отырып, еркiн пайдалануға және таратуға құқылы.
4. Пайдаланушының электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануы мен таратуы электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисінде мемлекеттік органдар жүйелерінің не өзге де ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарды көрсетуге сұрау салу және сұрау салуды өңдеу нәтижелерін алу ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарға үшінші тұлғалардың қол жеткізуі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісуімен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін төлем және қаржы қызметтерін алған кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеке тұлғалар жеке жүгінген кезде (олардың көзінше) цифрлық құжаттар сервисі арқылы қаржы және төлем ұйымдары пайдаланады және оларға ұсынылады.
35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік
1. Қолжетiмдiлiгi шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.
Мемлекеттік органдар жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың қазақ және орыс тілдерінде құрылуын қамтамасыз етеді.
2. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы ресурстардың меншік иесі айқындайды, оның ішінде олар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында келісімдер жасасу арқылы айқындайды.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Деректерге талдауды жүзеге асыру үшін құпия болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу электрондық ақпараттық ресурстарды иесіздендіруді қамтамасыз ету ескере отырып жүзеге асырылады. Деректер операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес беріледі.
3. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі болып табылмайтын осы жүйенің иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мен басқа да мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында жасалатын келісім негізінде осы ресурстарға қолжетімділікті ұсынады.
4. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік мынадай тәсілдердің бірімен:
1) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу жөніндегі сұрау салуды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне электрондық поштаны пайдалана отырып және сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген өзге де тәсілдермен беру арқылы;
2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге тікелей өтініш жасауы арқылы жүзеге асырылады.
5. Мыналарды:
1) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитындарын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлерді;
2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендiк апаттар, ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық және азаматтардың, елдi мекендер мен өндiрiстiк объектiлердiң тыныс-тіршілігі мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де жағдайлар туралы мәлiметтердi;
3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мәлiметтердi;
4) мемлекеттiк органдардың, кiтапханалардың, архивтер мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталатын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктi шектеуге болмайды.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар ашық деректерді жеке және заңды тұлғаларға ашық деректердің интернет-порталы арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға міндетті.
Ашық деректер, ашық бюджеттер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталдарының қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуді оператор жүзеге асырады.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының масс-медиа саласындағы уәкілетті органға заңның бұзушылықтарын жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желілері арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.
36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға бөлінеді.
Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға дербес деректер субъектісінің келісуі бойынша өздеріне қол жеткізу еркін болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жатады.
Қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға өздеріне қол жеткізуді дербес деректердің субъектісі немесе Қазақстан Республикасының заңдары шектеген электрондық ақпараттық ресурстар жатады.
Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кезінде көпфакторлы аутентификациялау қолданылады.
2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне беру кезінде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауға және өңдеуге келісімін алуға міндетті.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға және өңдеуге келісімі дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы беріледі.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектілерін немесе олардың заңды өкілдерін дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы автоматты режимде дербес деректер субъектілері немесе олардың заңды өкілдері «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген жағдайда, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және соттардың қызметін жүзеге асыруды, атқарушылық іс жүргізуді қоспағанда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде дербес деректерді пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы хабардар етуге міндетті.
5. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерден басқа, мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың нақты қателері және дәлсіздіктері анықталған жағдайларда, оларды жою мақсатында дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің сұрау салуын алғаннан кейін оларды өзгертуді және толықтыруды жүзеге асыруы мүмкін.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ жаңа редакцияда
5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсетуі «электрондық үкімет» порталында сәйкестендіріліп жазбаша түрде (оның ішінде, электрондық нысанда) жасалатын келісім негізінде, келісім жасасу үшін бір реттік парольді қамтитын қысқаша мәтіндік хабарлама жөнелте отырып немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан интернет сервистерін пайдалана отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өз атымен немесе бүркеншік атпен (ойдан шығарылған атпен) жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалған негізде және тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасасу кезінде пайдаланылатын ақпаратты бүкіл қолдану кезеңінде, сондай-ақ келісім бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға міндетті.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана автоматтандырылған өңдеу негізінде, оның ішінде дербес деректер субъектілерінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын интеллектуалдық робот арқылы шешімдер қабылдауына тыйым салынады, бұған көрсетілген шешім дербес деректер субъектісінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қабылданатын жағдайлар кірмейді.
Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектісінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын автоматтандырылған өңдеу пайдаланылатыны туралы дербес деректер субъектісіне хабар беруге міндетті.
Дербес деректер субъектісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Электрондық ақпараттық ресурстар деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес оларды иесіздендіру шартымен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІ
37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi
1. Ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дәрежесі бойынша - жалпыға бірдей қолжетiмдi және қолжетiмдiлiгi шектелген болып табылады.
2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ мемлекеттiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк емес болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне теңестіріледі.
4. Жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.
5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.
6. Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер:
1) құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік шифрлау құралдарын және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өзге де қорғау құралдарын қолдана отырып қорғалуы жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер;
2) құпия ақпараттық жүйелер болып бөлінеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелерді құру, өнеркәсіптік пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдаланылуын тоқтату және қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер аудиті жүргізілмейді.
38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) «электрондық үкімет» архитектурасын, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;
3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) «электрондық үкіметтің» басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын (қажет болғанда);
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруды және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын;
7) 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) сыныптауышқа сәйкес сынып беруді;
9) мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік циклына сәйкес және мыналардың:
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік емес ақпараттық жүйемен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана интеграциялануы талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарының шарттары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
3. Электрондық ақпараттық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту
1. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу қажет.
3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру және дамыту:
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін әзірлеуді;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүргізуді, оның ішінде:
тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттауды;
оңтайландыруды және анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен оларды түзете отырып жоюды;
тәжірибелік пайдаланудың аяқталғаны туралы актіні ресімдеуді қамтиды.
Тәжірибелік пайдалануды жүргізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс;
3) осы Заңға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынауды;
4) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ендіруді;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамалары болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді қамтиды.
5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін дамыту оны осы бапқа сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.