2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын әзірлейді жəне тиісті мəслихатқа ұсынады;
2) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
4) үй жануарларын есепке алуды ұйымдастырады;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын әзірлейді жəне тиісті мəслихатқа ұсынады;
6) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жануарларға арналған панажайлар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерін есепке алуды жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында:
1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларына сəйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастырады;
3) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларына сəйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастырады;
3) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады.
2. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарларға арналған панажайларды салу мен күтіп-ұстауды ұйымдастыруға, жануарларға арналған жекеше панажайларды қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.
3-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫ ҰСТАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
10-бап. Жануарларды ұстау жөніндегі жалпы талаптар
1. Жануарларды ұстау жөніндегі жалпы талаптарға:
1) жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс жануарларды ұстау жағдайлары;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлар ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету жатады.
2. Жануарлардың жекелеген санаттарын ұстау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында реттеледі.
3. Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлар тізбесіне енгізілген жануарларды тұрғынжайларда ұстауға және өсіруге жол берілмейді.
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Аулау қызметтері, жануарларға арналған панажайлар, жануарларды уақытша ұстау пункттері иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды вакциналауды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен жүзеге асырады.
11-бап 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
11-бап. Үй жануарларын есепке алу
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген дерекқорда міндетті қайта есепке алынуға жатады.
Иттер мен мысықтарды есепке алу үй жануарларын есепке алатын міндетті бұйым (құрал) ретінде чипті пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
2. Үй жануарларын есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Жануарлар иелерінің дербес деректері қамтылатын ақпаратпен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу бұйымдарын (құралдарын) пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі.
Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
5. Үй жануарын есепке алу кезінде оған үй жануарларын есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен үй жануарының жеке нөмірі беріледі.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат беруге міндетті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-ынан кешіктірмей, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті органға үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат береді.
7. Есепке алынған үй жануарларының иелері үй жануарлары өлген кезден бастап он тәуліктен аспайтын мерзімде бұл туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға не ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға хабарлауға міндетті.
12-бап. Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар
1. Жануарларды тасымалдау кезінде олардың азыққа, суға, ауаға, қозғалысқа, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген қажеттіліктері қанағаттандырылуға тиіс, сондай-ақ жануарлар үшін зиянды сыртқы әсерлерден оларды қорғау қамтамасыз етіледі. Көлік кеңістігінің көлемі тасымалданатын жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге тиіс.
2. Жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралы жануарларды тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде жануарлардың мертігуін немесе саулығына өзге де зиян келтірілуін немесе жануарлардың өлуін, сондай-ақ көлік құралынан олардың өз бетімен шығып кетуін болғызбайтындай етіп жабдықталуға тиіс.
3. Жануарларды тасымалдау жануарларды тасымалдау қағидалары сақтала отырып жүзеге асырылады.
13-бап. Жануарларды өсіруге қойылатын жалпы талаптар
1. Жануарларды өсіру кезінде жануарларды ұстауға қойылатын, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген жалпы талаптар ескерілуге тиіс.
2. Жануарлардың ұрпағына қажетті жағдайлар жасау мүмкін болмаған кезде жануардың иелері және (немесе) жауапты адамдар оларды стерилизациялауды қамтамасыз етеді.
14-бап. Ветеринариялық қызметтер көрсету кезінде жануарларға қарау ерекшеліктері
1. Жануардың иесі және (немесе) жауапты адам Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жануарға ветеринариялық көмектің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Жануарларға қатты ауырсынуды тудыратын емшараларды ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдар жүргізеді, олар қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ауырсынуды басуды немесе анестезияны қолдануға міндетті.
3. Күрделі хирургиялық операцияларға, оның ішінде күшті әсер ететін анестезия препараттары пайдаланылатын операцияларға жататын ветеринариялық емшаралар мен манипуляцияларды ветеринария мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдар жүргізе алады.
15-бап. Жануарларды жансыздандыру және олардың өлекселерімен жұмыс істеу
1. Жануарларды жансыздандыруға:
1) егер жануарлардың физикалық қиналуын өзгеше тәсілмен тоқтату мүмкін болмаса, жануарлардың физикалық қиналуын тоқтату үшін;
2) жануарлардың жаңа туған төлінде ауытқулар мен кемістіктердің анық білінген белгілері болып, ол тіршілік етуге қабілетсіз болған кезде;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және аквашаруашылық саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жабайы жануарлардың санын реттеу мен аң аулау, балық аулау және балық шаруашылығын, аквашаруашылықты жүргізу кезінде;
4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) адамның және жануарлардың саулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жою кезінде;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) иесіз жануарлардың (мысықтарды қоспағанда) санын реттеу кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілеген тəртіппен жəне мерзімдерде;
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7) жануарларға арналған панажайларға жəне (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен ауру, негізсіз агрессия көрсететін, иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткен соң жайластырмаған жəне қажет етпеген қараусыз қалған жануарларға (мысықтарды қоспағанда) қатысты жол беріледі.
2. Жануарларды жансыздандыру кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
1) жансыздандыру жүргізілетін үй-жай басқа жануарлар ұсталатын үй-жайдан бөлек болуға тиіс;
2) жансыздандыру жануарлардың өлім алдындағы физикалық қиналуын болғызбайтын әдістермен жүргізіледі;
3) жануарларды тұншығудан, электр тоғынан, термиялық әсерден, уланудан, оның ішінде пестицидтермен уланудан өлуге алып келетін, жансыздандырудың адамгершілікке жат әдістерін және басқа да ауырсыну тудыратын әдістерді қолдануға тыйым салынады.
3. Осы баптың 2-тармағының талаптары осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген, адамның және (немесе) жануардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке нақты қатерді жою кезінде жануарларды жансыздандыру жағдайларына қолданылмайды.
4. Жануарларды жансыздандыру және олардың өлекселерімен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптары сақталуға тиіс.
4-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРДАҒЫ ЖАНУАРЛАРҒА ҚАРАУ, ОЛАРДЫ ҰСТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
16-бап. Жабайы жануарларға қарау кезіндегі талаптар
Жабайы жануарларға қатыгездікпен қарауды болғызбау мақсатында оларға қарау кезіндегі талаптар осы Заңда және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.
17-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларына қарау кезіндегі талаптар
1. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, тасымалдау, оның ішінде сою орнына тасымалдау осы Заңның және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
18-бап. Жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдаланған жағдайда оларға қарау кезіндегі талаптар
1. Жануарларды мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде, оның ішінде зоопарктерде, цирктерде, спорттық жарыстарда, жарнама жасау процесінде, кинематография туындыларын жасау кезінде, фото және бейне өнімдерді жасау үшін, телевидениеде, ағарту қызметінде, демонстрациялау мақсаттарында пайдалану жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану болып табылады.
2. Жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану және ұстау адамның және (немесе) жануардың өмірі мен саулығына зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
18-баптың 3-тармағының қолданысы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 30-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады
3. Егер жануарларды ұстау олардың тіршілігі мен саулығына зиян келтірмей, биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, жануарларды стационарлық океанариумдарда пайдалануға жол берілмейді.
4. Жануарды мәдени, ойын-сауық және демонстрациялау мақсаттарында пайдалану тиімділігін арттыру мақсаттарында оның саулығының жағдайын нашарлататын дәрілік және өзге де препараттарды қолдануға тыйым салынады.
5. Жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалануды көздейтін қызметті жүзеге асыруға оларды ұстау орындарында, сол үшін әдейі арналған ғимараттарда, құрылыстарда, үй-жайларда немесе оқшауланған аумақтарда жол беріледі.
6. Жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалануды көздейтін қызметті көрермендерге немесе келушілерге жануарларға физикалық контакт беру арқылы, оның ішінде коммерциялық пайдалану және фото мен бейне түсірілімдер жасау үшін адамдардың белгіленбеген тобының оларға қол жеткізуі үшін жүзеге асыруға жол берілмейді.
18-бабының 7-тармағы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Ауыл шаруашылығы жануарларының және үй жануарларының көрмелерін қоспағанда, жылжымалы хайуанаттар бақтарының, контактілі зоопарктердің, жылжымалы океанариумдардың, жылжымалы жануарлар көрмелерінің қызметіне тыйым салынады.
18-бабының 8-тармағы 2029 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. Дельфинарийлердің қызметіне тыйым салынады.
9. Ауыл шаруашылығы жануарларының және үй жануарларының көрмелерін қоспағанда, дельфинарийлер, жылжымалы хайуанаттар бақтарын, контактілі зоопарктер, жылжымалы океанариумдар, жылжымалы жануарлар көрмелерін құруға тыйым салынады.
19-бап. Эксперименттік (зертханалық) жануарлармен жұмыс істеу кезіндегі талаптар
1. Жануарларды ғылыми зерттеулер, биологиялық тестілеу, оқу процесін жүргізу кезінде, медициналық мақсаттарда, сондай-ақ биомедициналық препараттар алу кезінде эксперименттік (зертханалық) жануарларға қатыгездікпен қарауды көздейтін пайдалану осы мақсаттар үшін баламалы объектілер мен модельдерді пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Эксперименттік (зертханалық) жануарларға олар қатты ауырсынатын емшараларды жүргізу ауырсынуды, физикалық қиналуды барынша азайту үшін ауырсынуды басу немесе анестезия қолданыла отырып жүзеге асырылады.
3. Эксперименттік (зертханалық) жануарлармен жұмыс істеу кезінде жануарлардың барынша аз саны пайдаланылуға тиіс.
4. Ветеринариялық дәрігердің қорытындысында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды ұстау орындарынан шығарып алу кезінде эксперименттік (зертханалық) жануарларды дыбыс шығару мүмкіндігінен хирургиялық жолмен айыруға, оларға жарақаттау әдістері мен тәсілдерін қолдануға жол берілмейді.
5. Эксперименттік (зертханалық) жануарлармен жұмыс істеу кезінде:
1) жануарларға қатыгездікпен қарауды көздейтін демонстрацияларды оқу мақсаттарында өткізуге;
2) егер жануарларға қатыгездікпен қарауды көздейтін болса, рефлекторлық қызметтің жақсы таныс құбылыстарының демонстрацияларын оқу мақсаттарында өткізуге;
3) биологиялық препараттардың сапасын бақылау мақсатында оларды өндіру кезінде, сондай-ақ иммундау схемаларын зерделеу кезінде пайдаланылатын жануарларды қоспағанда, ауырсындыратын емшараларды жүргізу үшін жануарды бір реттен артық пайдалануға;
4) он төрт жасқа толмаған адамдар қатысқан немесе болған кезде эксперименттік (зертханалық) жануарларға хирургиялық және әсер етудің өзге де ауырсындыратын әдістерімен байланысты тәжірибелер жүргізуге тыйым салынады.
6. Ғылыми зерттеулер, биологиялық тестілеу, оқу процесін жүргізу үшін, медициналық мақсаттарда, сондай-ақ биомедициналық препараттар алу кезінде пайдаланылатын эксперименттік (зертханалық) жануарларды ұстау және өсіру ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар, ветеринариялық нормативтер және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері сақтала отырып, жүзеге асырылады.
7. Адамдар санитариялық қағидаларға және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес жабдықталған, жануарларды ұстауға және өсіруге арналған үй-жайлары, сондай-ақ жануарларды күтіп-бағуды қамтамасыз ететін қызметкерлері болған кезде ғана жануарларды тәжірибелерде пайдалана алады.
8. Эксперименттік (зертханалық) жануарды жансыздандыруды жануардың иесі және (немесе) жауапты адам осындай құқық берген адам жүргізеді.
9. Эксперименттік (зертханалық) жануардың өлексесін кәдеге жарату оның өлгені расталғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
20-бап. Қызметтік жануарлармен жұмыс істеу кезіндегі талаптар
1. Қызметтік жануарларды даярлауды (үйретуді) тиісті мамандар жүзеге асырады.
2. Қызметтік жануарларды даярлау (үйрету) кезінде жануарларды жүйелі түрде жарақат алуға алып келетін әрекеттерді орындауға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
21-бап. Үй жануарларына қарау және оларды ұстау кезіндегі талаптар
1. Жануардың иесі немесе жауапты адам:
1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың, ветеринариялық және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтауға;
21-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2) үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жүргізуге;
3) басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды жүзеге асыруға;
4) адамның және (немесе) жануардың өмірі мен саулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне үй жануарының зиян келтіруін болғызбау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға;
5) үй жануарына Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық көмектің уақтылы көрсетілуін және профилактикалық ветеринариялық іс-шаралардың, оның ішінде вакциналаудың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуге;
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына үй жануарларының аса қауіпті және жұқпалы ауруларына ұшырау күдігі туралы, сондай-ақ үй жануарының аса қауіпті және жұқпалы аурулардың салдарынан өлгені туралы дереу хабарлауға;
7) стерилизациялау арқылы үй жануарларының қалаусыз ұрпағын болғызбау бойынша шаралар қабылдауға;
8) денсаулық сақтау ұйымына және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жануарының жеке тұлғаларға немесе жануарларға дене жарақаттарын салған жағдайлары туралы дереу хабарлауға және аса қауіпті және жұқпалы аурулардың ықтимал болуын анықтау мақсатында қарап-тексеру және қажетті клиникалық және (немесе) зертханалық-диагностикалық зерттеулер не ветеринариялық байқаулар жүргізу үшін өзінің жануарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеткізуге;
9) үй жануарларының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, оның ішінде кондоминиум объектілерін, қоғамдық орындарды ластауына, сондай-ақ үй жануарларының қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол бермеуге;
10) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2. Үй жануарларының құлақтары мен құйрықтарын тұқылдау, егер бұл тұқым стандарты бойынша міндетті болып табылса ғана жүргізіледі. Рудименттік бақайларды алып тастауға, егер олар тұқым стандарты бойынша міндетті болып табылмаса, үй жануарына ыңғайсыздық немесе ауырсыну тудырса, жол беріледі. Үй жануарларына аталған емшаралар ауырсынуды басумен немесе анестезиямен жүргізілуге тиіс. Жануар денесінің бөліктерін кесу үй жануарына қажетті көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.
22-бап. Үй жануарларын серуендетуге қойылатын талаптар
1. Үй жануарларын серуендету жеке тұлғалардың және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін зиян келтіруден қорғау шартымен жүзеге асырылуға тиіс.
2. Жануардың иесі және (немесе) жауапты адам қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтауға міндетті.
3. Иттердің өз бетінше серуендеуіне тыйым салынады.
4. Үй жануарларының мінез-құлқын бақылай алмайтын, оның ішінде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдардың оларды серуендетуіне тыйым салынады.
5. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз серуендетуге тыйым салынады. Осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбасы жасалуға тиіс.
6. Он алты жасқа толмаған адамдарға жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады.
2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Үй жануарларын серуендетуге қойылатын талаптарды адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына жəне жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге алып келген бұзушылыққа жол берген иесі жəне (немесе) жауапты адам келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өтеуге міндетті.
Үй жануарларын ұстау жəне серуендету қағидаларын адам денсаулығына ауыр, ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келген бұзушылық жағдайында, мұндай жануардың иесі осы Заңда белгіленген тəртіппен эвтаназия жүргізуге міндетті.
5-тарау. ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ЖӘНЕ ИЕСІЗ ЖАНУАРЛАРҒА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет
1. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет:
1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларының, оның ішінде жануарлар қоздырғыштарын тасымалдаушы болуы мүмкін, адамға және жануарларға ортақ аурулардың таралуына байланысты жағдайлардың туындауының алдын алу;