4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
38-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы 2016 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ол хабарсыз кеткен деп танылған;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) мәжбүрлі тәртіппен қызметті тоқтатуды көздейтін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылады.
3. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай:
1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған немесе ол қайтыс болған;
2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1) тармақшасында тізбеленген мән-жайлардың болу салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде;
3) қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жағдайларда да тоқтатылады.
4. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші не соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.
Дара кәсіпкер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында осы ақпарат орналастырылған күннен бастап тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
5. Дара кәсiпкерлiк белгiленген жағдайларда тiркеусіз жүзеге асырылған кезде, ерiктi тәртіппен - нақты тоқтатылған күннен бастап не мәжбүрлеу тәртібімен - тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.
6. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар тәуекел дәрежелері болмашы және орташа субъектілер санатына жатқызған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.
39-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы
Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
40-бап. Дара кәсіпкерлердің борыштары бойынша олардың мүлкіне өндіріп алуды қолдану
1. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
2. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өзiнің барлық мүлкiмен, оның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.
41-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы ұғымы және нысандары
1. Тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы:
1) кәсiпкерлiк қызмет ортақ бiрлескен меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
2) өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;
3) бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде ортақ үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкiн.
42-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелері
1. Он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы, оралман шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.
2. Ортақ қожалықты бірлесіп жүргізетін ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) және басқа да адамдар шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері болып табылады.
43-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерінің құқықтары және міндеттері
1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;
3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жасауға;
4) жалдамалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс беруші актілерін шығаруға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде осы қожалықтың бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа да мүшелердің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен жүгінуге;
4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелері жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, қожалықты тіркеген органдарға бұл туралы ортақ өтінішпен хабарлауға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
44-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері
1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.
2. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа немесе фермер қожалығы
1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, қайта өңдейді және өткізеді, сондай-ақ шаруашылық жүргiзуге байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметін жүзеге асырған кезде:
1) банк шоттарын ашуға және өз ақшаларына иелік етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып, кредиттер алуға;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жалға алынған және меншiкті өндiрiс құралдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, өндірілген өнiмді, шикiзатты, материалдарды жойылу немесе бүліну жағдайынан сақтандыруды жүзеге асыруға;
4) ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге бiрiгуге, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың қызметiне қатысуға, сондай-ақ өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.
46-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi
1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.
Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де құрылыстар, мелиоративтік және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдық, көлiк құралдары, құрал-сайман және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм және кірістер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады.
47-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесін беру және пайдалану шарттары, тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.
48-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң шарттары
1. Шаруа немесе фермер қожалығы өз шығыстарын алатын кірісінің есебiнен жабады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарттық негiзде жүзеге асырылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалады.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi және қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
6. Шаруа және фермер қожалықтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру жүйесін пайдалануға құқығы бар.
49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату
1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Үлестiк меншiктегi мүлiк қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлiнуi мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылған кезде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудің шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
3-параграф. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
50-бап. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс алуды көздейтін коммерциялық заңды тұлғаларды құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив қана болуы мүмкін.
3. Коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес болғандықтан ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
51-бап. Мемлекеттік кәсіпорындардың кәсіпкерлігі
1. Мемлекет қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерінен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында:
1) шаруашылық жүргізу;
2) жедел басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар құрады.
2. Мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
3. Мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым қазыналық кәсіпорын болып табылады.
52-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын және кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар өздерінің құрылу мақсатына, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, мемлекеттiк тiркеуге жатады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, олар заңды тұлға құқығын иеленбестен есептiк тiркеуге жатады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші орган) жүзеге асырады.
4. Кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату
1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру немесе тарату осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік субъектісі борышкердің немесе кредитордың сотқа берген, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, өзге де адамдардың өтінішінің негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.
3. Заңды тұлғаны оңалту және оның банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ
54-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері
Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында құратын қауымдастық (одақ) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қаржыландыру кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті мүшелік жарналары және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қамтамасыз етіледі.
55-бап. Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметінің негіздері
Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қызметі:
1) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығына;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдауға жол бермеуге;
3) кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің заңды түрде жүзеге асырылатын қызметін шектеуге жол бермейтін тәуелсіздікке;
4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп беруге, жауапкершілікке;
5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділікке, жүйелілікке және жеделдікке негізделеді.
56-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, оның мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Ұлттық палата) Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі - қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру болып табылады.
3. Ұлттық палатаның міндеттері:
1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
57-бап. Ұлттық палатаның жүйесі
1. Қауымдастықтар (одақтар) Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға өздерінің сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы үшін аккредиттеуден өтуге тиіс.
2. Ұлттық палата жүйесіне:
1) республикалық деңгейде:
Ұлттық палата;
Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары);
2) аумақтық деңгейде:
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі - өңірлік палаталар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);
өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);
өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);
3) қалалық және аудандық деңгейлерде:
тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары;
4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;
5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері;
6) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.
58-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары
1. Ұлттық палатаның қызметі:
1) дербестік;
2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқықтылығы;
3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;
4) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп беру, жауапкершілік;
5) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
6) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;
7) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі;
8) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;
9) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
58-баптың 2-тармағы өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі
2. Ұлттық палата, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.
Міндетті мүше болуға негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшелері (қатысушылары) болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға міндетті түрде мүше болу қағидаты қолданылады.
59-бап. Ұлттық палатаның мүшелері
1. Егер осы Кодексте және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады.
2. Ұлттық палатаның мүшелері:
1) Ұлттық палата тарапынан кәсіби қолдау мен қорғауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
2) оның басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салулармен өтініш жасауға және Ұлттық палатаға берілген өкілеттіктер шегінде уәжді жауаптар алуға, оның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен Ұлттық палатаны басқаруға қатысуға;
5) Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуге;
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау, оның ішінде әртүрлі бейіндегі тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтерді алуға;
7) Ұлттық палата жарғысында көзделген тәртіппен оның қызметі туралы есептерді тыңдауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.