126-бап. Міндетті сақтандырудың мақсаты
Үшінші тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға келтірілген зиянды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өтеу міндетті сақтандырудың мақсаты болып табылады.
127-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі
Кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген мүліктік зиянды өтеу мiндетiмен байланысты оның мүлiктiк мүддесi кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.
128-бап. Міндетті сақтандыруды жүзеге асыру
1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарттарын кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу жағдайына жасасады.
2. Кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты үшiншi тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген зиян үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың тиісті шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
1-параграф. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер
129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 5-тармағында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектiлеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодексте:
1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбi;
2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi;
3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар;
4) бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы Кодекстің 130 және 131-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын орындауын бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
5. Осы тараудың күшi:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;
3) сот төрелігі;
4) жедел-iздестiру қызметi;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4-1) қарсы барлау қызметі;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
6. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының күші қолданылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, бақылау және қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін заңдарында белгіленеді.
9. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
10. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
11. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.
130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері
1. Экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi болып табылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.
131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер
Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылауды, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 132-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар
1. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі болып табылады.
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.
133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.
134-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
3. Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4. Бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
135-бап. Мемлекеттік қадағалау
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау органының өз қызметін жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қадағалау субъектілерінің сақтауын тексеру, профилактика жүргізу және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) болып табылады, оның нәтижелері бойынша әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін.
2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектеуші шараларын қолдануы болып табылады.
3. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.
136-бап. Жедел ден қою шаралары
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерiлетiн субъектiлерге тексерудi жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.
2. Жедел ден қоюдың құқық шектеуші шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi және оларды мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауары (жұмысы, көрсетiлетiн қызметi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қауіп төндiретін жағдайда, қолданады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 137-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
137-бап. Бақылау және қадағалау нысандары
1. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі - осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексеру;
2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық бақылау мен қадағалау:
1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауға бөлінеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтардың профилактикасына, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне олардан төнетін қатердің профилактикасы мен алдын алу мақсатында олардың жасалу себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынымдар беруге бағытталған бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы, табиғи монополиялар салаларындағы, осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.
4. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса, осы Кодекстің 147-бабы 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы Кодекстің 141 - 147-баптарының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мынадай шарттар сақтала отырып, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады:
1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелу және бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бұзушылықтар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жоюдың тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттарын, құралдарын, оларды жүргізу тәсілдерін, субъектілерінің тізбесін, жүргізу жиілігін, есепке алу тәсілін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың мүмкін болмауы бөлігінде мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды талдау нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз бола алады.
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
3) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
5) газ және газбен жабдықтау саласында;
6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;
8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін - атом энергиясын пайдалану саласында;
10) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
13) көлiк саласында;
14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) өнiмдi тиеп-жөнелту алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
17) техникалық реттеу саласында;
18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
19) метрология саласында;
20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
23) тұқым шаруашылығы саласында;
24) астық нарығын реттеу саласында;
25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
27) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;
28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
29) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;
30) жердi пайдалану мен қорғауға;
31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
33) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35) азаматтық қорғаныс саласында;
36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
37) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;
39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
40) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) инфекциялық аурулардың профилактикасы жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;
42) бiлiм беру жүйесiне;
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына;
45) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;
50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;
51) байланыс саласында;
52) ақпараттандыру саласында;
53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;
138-баптың 54) тармақшасының қолданылуы 2016 ж. 1 қаңтардан 2017 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша осы Кодекстің 324-бабының 11-тармағында қолданылды
54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;
55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;
56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;
58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 59) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;
60) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60-1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61) тармақша жаңа редакцияда
61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелерi туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының сақталуына;
62) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) бәсекелестікті қорғау саласында;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануға;
65) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) бағалау қызметi саласында;
67) табиғи монополиялар салаларында;
68) 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 68-1) тармақшамен толықтырылды