2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
2) əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдарымен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын;
4) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау тəртібі қағидаларын;
6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
10) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) əскери қызметшілердің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;
2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
10-бап. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлігі
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерi құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Әскери полиция органдарының әскери қызметшілерін әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі әскери жарғылармен белгіленеді.
2. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң iс-әрекетiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
3-тарау. Әскери полиция органдары қызметкерлерінің атыс қаруын, арнайы құралдарды және дене кyшін қолдануы
11-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Атыс қаруын қолдану лажсыз шара болып табылады және оған басқа шаралар тиiмсіз болғанда немесе егер жағдайдың мән-жайы бойынша басқа шараларды қолдану мүмкiн болмағанда жол берiледi.
2. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң:
1) әскери қызметшiлердi, басқа да азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлге алынған адамдарды босату;
2) әскери полиция органдарының қызметкерлерiне немесе олардың отбасы мүшелерiне, құқық тәртібін қорғау жөніндегі қызметтiк және қоғамдық борышын орындап жүрген адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
3) күзетiлетiн объектiлерге, айдауылға, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, соның iшiнде әскери бөлiмдердiң әуе және теңiз кемелерiне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ басып алынған жағдайда оларды босату;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде ұсталған және (немесе) қарсылық көрсеткен, күзеттен қашқан адамдарды ұстап алу, сондай-ақ қарулы адамды ұстап алу;
5) егер жүргiзушi әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және әскери қызметшiлер мен азаматтардың өмiрiне не денсаулығына қауiп төндiрсе, әскери көлiк құралын зақымдау жолымен тоқтату;
6) хайуанаттардың шабуылынан қорғану;
7) дабыл қағу немесе көмек шақыру белгiлерiн беру;
8) қажеттi қорғану және лажсыз қажеттiлiк жағдайларында атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
3. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепiлге алған, көлiк құралдарын басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
4. Әскери полиция органдарының қызметкерлерi атыс қаруы қолданылған барлық жағдайларда айналадағылардың қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмeк көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қару қолданылғаны туралы тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
5. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырған атыс қаруын қолдануының әрбір жағдайы туралы әскери прокурор дереу хабардар етiледi.
6. Атыс қаруын қолданудың әрбір фактiсi бойынша қызметтiк тергеу жүргiзiледi. Атыс қаруын заңсыз қолдану фактiсi анықталған жағдайда, кiнәлi адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
12-бап. Арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң дене күшiн және арнайы құралдарды, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсілдерін, кiсендердi, резеңке таяқтарды, үй-жайларды ашатын, көлiктi мәжбүрлеп тоқтататын құралдарды, қызметтiк иттердi, сондай-ақ тiзбесiн Қарулы Күштер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы органдарының бірінші басшылары айқындайтын арнайы көлiк құралдарын қолдануға мына жағдайларда:
1) әскери қызметшiлердi, басқа да адамдарды олардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан және өзге де әрекеттерден қорғауға, өзiн-өзi қорғауға;
2) әскери бөлiмдердегi жаппай тәртiпсіздiктiң, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң қоғамдық тәртiптi және әскери тәртiптi топтасып бұзуының жолын кесуге;
3) әскери қалашықтарға, объектiлерге, құрылыстарға, үй-жайларға, ғимараттарға және әскери көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтаруға немесе оларды басып алған жағдайда босатуға;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) егер құқық бұзушылардың қашып кетуi, айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды әскери бөлiмдерге және гауптвахтаға жеткізу, ұсталған, күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру және күзету үшiн, егер олар әскери полиция қызметкерлерiне, әскери тәртiптi сақтау және қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындайтын өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, құқық бұзушыларды ұстағанда;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды ұрлау жəне жоғалту, сондай-ақ əскери қызметшілерді іздестіру фактілерінің алдын алуға жəне оларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізгенде құқығы бар.
2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық білінiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен дене күшiн қолдануға тыйым салынады.
3. Әскери полиция қызметкерлерiнiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған арнайы құралдар және дене күшiн қолдануының әрбір жағдайы туралы әскери прокурор дереу хабардар етiледi.
4-тарау. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң кадр құрамы, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы
13-бап. Әскери полиция органдарының кадр құрамы
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшiлермен және азаматтық персоналмен жасақталады.
2. Әскери полиция органдарында қызмет өткеру үшiн шақырылатын әскери қызметшiлер және өзге де адамдар қызметке тағайындалар алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi арнайы тексеруден өтедi.
Әскери полиция органдарына алғаш қызметке тұратын адамдар мiндеттi түрде арнайы бастапқы оқудан және тағылымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Олардың сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Ұлттық қауiпсіздiк комитетiнiң төрағасы айқындайды.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Əскери қызмет өткеруді немесе құрылымына əскери полиция кіретін тиісті органдарда қызмет өткеруді регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адамдар əскери полиция органдарына қызметке қабылданбайды.
2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 34-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Әскери полиция органдарының азаматтық персоналын жұмысқа қабылдау мәселелерi және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.
14-бап. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерiн әлеуметтік және құқықтық қорғау
1. Әскери полиция органдарының әскери қызметшiлерiне әскери қызмет өткерудi регламенттейтiн, құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктердi, жеңiлдiктердi, медициналық, зейнеттiк және басқа да қамсыздандыру түрлерiн белгілейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ осы шарттарға қайшы келмейтiн, құрылымына әскери полиция кiретiн тиiстi органдарда қызмет өткерудi регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
2. Әскери полиция органдарының қызметкерлерi мемлекеттік билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады, оларға белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен омырауға тағатын белгiлер берiледi.
3. Әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына кедергi келтiру, қорлау, қарсылық көрсету, күштеп қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне, мүлкiне қол сұғушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
15-бап. Әскери полиция органдары қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау
Әскери полиция органдары қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты әскери прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда. 2005 жылғы ақпанның 21-і.
№ 32-III ҚРЗ