2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды жəне жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүдделерін білдіреді;
4) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының жəне оның алқалы басқару органының құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Бақылау органы (ревизиялық комиссия) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның органы болып табылады.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына есеп береді жəне оның бақылауында болады.
Бақылау органының (ревизиялық комиссияның) есептерін ұсыну тəртібі мен мерзімдері микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
29-10-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеру:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтауын бақылау мақсатында;
2) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы шағым түскен кезде;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) тексеру жүргізу туралы уəкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтамағаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде міндетті түрде жою туралы талап қою;
2) жазбаша нысанда ескерту шығару;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мөлшерде айыппұл салу;
4) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тізілімнен шығару;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар.
4. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген ықпал ету шараларын қолдану тəртібі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.
29-11-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі жəне оларды тізілімнен шығару
1. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінде қамтылған мəліметтер ашық мəліметтер болып табылады, олар уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады жəне жаңартылып отырады.
Осы Заңның 29-5-бабы 5-тармағының талаптарына сəйкес келетін микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым туралы мəліметтер «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес хабарлама негізінде микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізіледі.
3. Мыналар микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды тізілімнен шығаруға негіз болып табылады:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды тізілімнен ерікті түрде шығару, тарату немесе біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
2) Өзін-өзі реттеу туралы заңның 9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде жəне осы Заңның 29-5-бабының 7-тармағында көзделген құжаттарды екі ай ішінде ұсынбау;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
4) уəкілетті органның жазбаша нұсқамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамау;
5) уəкілетті органға есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) ұсынбау жəне (немесе) анық емес есептілікті ұсыну;
6) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде осы Заңның 29-5-бабының 5-тармағында белгіленген талапқа сəйкес келмеуі.
4. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде мұндай коммерциялық емес ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне ие бола алмайды.
5. Тізілімнен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылған микроқаржы ұйымдарына қатысты оның осы Заңның 29-7-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) жəне 6) тармақшаларында жəне 29-10-бабында белгіленген оның функциялары микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күннен бастап тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзге өзін-өзі реттейтін ұйымға ауысады, ал жұмыс істеп тұрған тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда микроқаржы ұйымы тиісті түрдегі микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген жəне микроқаржылық қызмет саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күнге дейін уəкілетті органның бақылауы мен қадағалауында қалады.
6. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған жағдайда, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, оның мүшелері (қатысушылары) жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы құқықтық қатынастардан қалыптасқан жəне туындайтын барлық құжат пен мəліметті мүшелерінің (қатысушыларының) құрамына өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) кірген микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға, ал жұмыс істеп тұрған микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда уəкілетті органға беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мəліметтер уəкілетті органға берілген кезде уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесі (қатысушысы) мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын міндеттемелерді, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның үшінші тұлғалармен құқықтық қатынастарынан туындайтын мүліктік сипаттағы өзге де міндеттемелерді атқармайды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді беру тəртібі осы Заңның 29-5-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіде белгіленеді.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген материалдарды беру жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тізілімнен шығарылатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
29-12. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға қолданылатын ықпал ету шаралары жəне оларды қолдану негіздері
1. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметіне қойылатын талаптарын, қағидалар мен стандарттарды сақтамаған кезде, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз əрекеттері немесе əрекетсіздігі анықталған кезде уəкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.
Ықпал ету шаралары деп орындалуы міндетті жазбаша нұсқама мен санкциялар түсініледі.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюға бағытталған орындалуы міндетті шараларды қабылдауға берілетін нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада уəкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) уəкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамалары, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімі, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жауапты басшы қызметкерлері көрсетіледі.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уəкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жəне (немесе) іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
3. Жазбаша нұсқама уəкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерін шеттету жəне (немесе) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңның 29-7-бабында көзделген барлық функциясының немесе олардың бір бөлігінің атқарылуын тоқтата тұру туралы талап жіберуге құқылы.
Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері шеттетілген жағдайда оны алмастыру тəртібі мен міндеттерді орындау мерзімдері микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.
4. Уəкілетті орган микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға осы Заңның 29-11-бабы 3-тармағының 2), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару түріндегі санкцияны қолдануға құқылы.
29-13. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату
1. Микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:
1) микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігін (қатысуын) ерікті түрде тоқтату микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады;
2) микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімі бойынша микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
3) микроқаржы ұйымын лицензиядан айыру уəкілетті орган осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;
4) микроқаржы ұйымын тарату осы Заңға сəйкес микроқаржы ұйымы таратылған күннен бастап жүзеге асырылады;
5) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мынадай:
1) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) сақтамаған;
2) мүше (қатысушы) мүшелік жарналарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) төлемеген;
3) микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау үшін мүше ұсынған құжаттарда анық емес мəліметтер анықталған жағдайда микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Микроқаржы ұйымы өзінің микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуына байланысты төлеген кіру жарнасы мен мүшелік жарналар микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуы тоқтатылған кезде қайтарылуға жатпайды.
4. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту немесе оның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешіміне, сондай-ақ микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), оның мүшелеріне (қатысушыларына) кандидаттың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) сотқа шағым жасауға болады.»;
40-тармағының 28) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
28) 31-1-бап алып тасталсын.
41. «Оңалту жəне банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысын есептеген кезде осы Заңның 104-1-бабына сəйкес қанағаттандырылған кепілді кредиторлар талаптарының мөлшері ескерілмейді.»;
2) 15-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уəкілетті орган оңалтуды, банкроттықты басқарушыларды жəне өзі тағайындаған жағдайда уақытша басқарушыны шеттетеді;»;
3) 25-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «хабар беру тəсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.» деген сөздер «хабар беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық пошта арқылы кредиторға кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторлар жиналысын өткізу туралы мəтіндік хабарламаны жіберу тəсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде хабардар ету тəсілі ретінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық поштаға осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде хабарламаның жөнелтілу фактісі тиісінше хабардар ету болып есептеледі.»;
4) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Əкімші кредиторлар комитетінің отырысын өткізу туралы хабарламаны отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай тəсілдердің бірімен:
пошта арқылы тапсырысты хатпен;
кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық пошта арқылы жібереді.
Бұл ретте кредитор өз талаптарын мəлімдеген кезде хабардар ету тəсілі ретінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық поштаға осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде хабарламаның жөнелтілу фактісі тиісінше хабардар ету болып есептеледі.
Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырған кезде кредиторлар жиналысының отырысын өткізу туралы хабарлама осы бапта көзделген тəртіппен жіберіледі.»;
5) 48-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер өтініш банкроттық рəсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе банкроттық рəсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл өткенге дейін берілсе, сот банкроттық рəсімін қолдану туралы борышкер бастамашылық жасаған өтінішті қайтарады.»;
6) 63-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер борышкерде салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша кредитордан басқа өзге кредиторлар болмаса, оңалту рəсімі қолданылмайды.»;
7) 84-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «жəне» деген сөзден кейін «қайта ұзарту мерзімінен кейін есепке жазылған» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 89-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы «тану туралы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелуін жарамсыз деп тану туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысымен келісілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, сотқа қорытынды есепті жəне тарату балансын бекіту үшін ұсынуға;»;
9) 99-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банкроттың мүлкін, сондай-ақ банкроттың кəсіпорнын тікелей сату кезінде кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге талаптары қанағаттандырылмаған барлық кредиторлар жиналысқа қатысқан жағдайда кредиторлар жиналысы заңды болып табылады.
Кредитор кредиторлар жиналысының өткізілу уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етіле отырып, оған дəлелді себепсіз екі рет келмеген жағдайда, кредиторлар жиналысы мұндай кредитордың қатысуынсыз заңды болып есептеледі.
Кредиторлар жиналысы заңды болған кезде кредиторлар жиналысының күн тəртібіне енгізілген мəселені қарауды ауыстыруға жол берілмейді.
Сату шарттары, сондай-ақ сатып алушы жəне онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауызды шешімімен айқындалады.»;
41-тармағының 10) тармақшасы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 100-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Екінші кезекте осы Заңның 104-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда кепілді кредиторлардың талаптары, банкроттық рəсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуының нəтижесінде туындаған талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкроттың орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған жəне орындамаған мəмілелердің салдарынан туындаған талаптары жəне кредиторлардың мүлік кепілімен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтері бойынша талаптары қанағаттандырылады.»;
11) 104-1-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы бапта белгіленген тəртіп:
1) талаптары банкроттық рəсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нəтижесінде туындаған кредиторларға;
41-тармағы 11) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
2) мүлік кепілімен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтері бойынша кредиторларға қолданылмайды.».
12) 109-баптың 2-тармағы «3-тармағына» деген сөзден кейін «жəне 11-бабының 4-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын.
42. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы сегізінші абзацындағы «Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын қызметте;» деген сөздер «Ұлттық пошта операторы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға берген, сондай-ақ Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамы брокерлік жəне (немесе) дилерлік қызметті жəне (немесе) көрсетілген активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде осы акционерлік қоғам жүзеге асыратын қызметте;»;
2) 34-баптың 5-1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы оған исламдық банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия берілген кезден бастап тоқтатылады;»;
3) 35-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексеруді аяқтағанға жəне ол анықтаған бұзушылықтар бойынша шешімдер қабылдағанға дейін лицензияның жəне лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтатуға жол берілмейді.»;
4) 45-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Рұқсаттың жəне (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру бұзушылық (бұзушылықтар) жасауға ықпал еткен себептерді жəне (немесе) жағдайларды жою мақсатында жүзеге асырылады.»;
5) 1-қосымшада:
53-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 53. | Банк операцияларын жəне өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (базалық, əмбебап): | 1. Банк операциялары: 1) заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; 2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; 3) банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының корреспонденттік шоттарын ашу жəне жүргізу; 4) жеке жəне заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу жəне жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдар мен бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі; 5) аударым операциялары: жеке жəне заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша нұсқауларын орындау; 6) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды жəне сақтауды қоса алғанда, оны қабылдау жəне беру; 7) шетел валютасымен қолма-қол жəне (немесе) қолма-қол емес айырбастау операциялары; 8) банктік қарыз операциялары: ақылылық, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда банктік қарыздар беру (банкаралық қарыздарды қоспағанда); 9) аккредитивті ашу (ұсыну) жəне растау жəне ол бойынша міндеттемелерді орындау; 10) ақшалай нысанда орындауды көздейтін банк кепілдіктерін беру (банкаралық кепілдіктерді қоспағанда); 11) ақшалай нысанда орындауды көздейтін үшінші тұлғалар үшін банк кепілгерліктерін жəне өзге де міндеттемелерді беру (банкаралық кепілгерліктерді қоспағанда); 12) банкноттарды, монеталарды жəне құндылықтарды инкассациялау; 13) есепке алу операциялары: жеке жəне заңды тұлғалардың вексельдерін жəне өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); 14) инкассоға төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) қабылдау; 15) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдарды (депозиттерді) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу жəне жүргізу; 16) салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй, аралық тұрғын үй жəне алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру; 17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтаушы салымшылардың салымдарын қабылдау, банктік шоттар ашу жəне жүргізу жəне оларға тұрғын үй қарыздарын беру (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 18) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 19) тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 20) жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есептеу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 21) тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) білім беруге ақы төлеу мақсатында жеке тұлғалардың нысаналы жинақтау төлемдерін есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 22) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған білім беру жинақтау салымынан жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу жəне жүргізу (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 23) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ақылылық, мерзімділік жəне қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беру (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 24) қолма-қол ақшасыз шетел валютасымен айырбастау операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін). 2. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар: 1) факторингтік операциялар: төлем жасамау тəуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру; 2) лизингтік қызметті жүзеге асыру; 3) сенімгерлік операциялар: құрылтайшы көрсеткен тұлғаның мүддесі үшін сенімгерлік басқару құрылтайшысының тапсырмасы бойынша банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша ақшаны, тазартылған бағалы металдарды, құқықтарды (талаптарды) басқару; 4) сейфтік операциялар: сейф жəшіктерін, шкафтарды, үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжат нысанында шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер; 5) құймалардағы тазартылған бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобындағы металдар), бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау жəне сату; 6) құрамында бағалы металдар жəне (немесе) асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау жəне сату; 7) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельге ақы төлеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну, домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тəртіппен жасалған вексельдер акцепті; 8) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу; 9) банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар; 10) сенім білдірушінің мүддесі үшін жəне тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқарудың сенімгерлік операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 11) жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу жəне денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу жəне тұру үшін келген мемлекеттік қызметшілеріне, əлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін сенім білдірушінің мүддесі үшін жəне тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін); 12) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сенім білдірушінің мүддесі үшін жəне тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары (тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін). | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рəсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;