2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшының (алушының) бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарттары
1. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де құқықтық қатынастарын белгілейтін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлейді.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
2-1. 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу туралы электрондық хабарлама жібереді.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
38-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда сақталады және есепке алынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиандарда шоттар ашуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операцияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен есепке алуды жүргізеді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабардар етеді.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023 ж. 1 қаңтарға дейін 39-баптың тақырыбы осы Заңның 74-бабының 2-1-тармағының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
39-бап. Салымшылардың, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылардың:
1) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы ақпарат алуға;
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;
4) өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішті беруге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өзінің зейнетақы жинақтарын бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны өзгерту туралы өтінішті жылына бір реттен жиілетпей ұсынуға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына алғашқы берілгеннен кейін кемінде екі жыл өткен соң) өтініш ұсынуға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;
5) өздерінің зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға қатысуға:
1) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын;
2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын қайтадан ашу жүзеге асырылмайды.
Бұл ретте, жеке тұлғаның пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген агент бұрын ашылған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепке жатқызылған күннен бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
4-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың:
1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат алуға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға;
3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
5-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шартты зейнетақы шоттарын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент ұсынатын жеке тұлғалар тізімі негізінде жүзеге асырылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған шартты зейнетақы шоты болған жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бұрын ашылған шартты зейнетақы шотына аударылады.
6-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер негізінде, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар тізіміне қосу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке тұлғаның атына шартты зейнетақы шотының ашылғаны туралы электрондық хабарлама жібереді.
7. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осындай барлық өзгерістер туралы хабарлауға;
2) осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
8-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. Өзі үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғада осы Заңның 31-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болмаған кезде, шартты зейнетақы шотында есепке алынатын қаражат осы Заңның 51-бабының 2-2-тармағына сәйкес қалыптастырылған резервтік қорларға жіберіледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9,10 - тармақтарға енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:
1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;
2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 4-1-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. Салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты
1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және салымшылардың (алушылардың) құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және өзге де құқықтық қатынастары белгіленеді.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі мен оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның негізінде жүзеге асырылады.
4. Салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарнасының сомасы келіп түскен күннен бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп есептеледі.
5. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының (алушының) кепілдік берілетін депозиті бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын аударған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде жасалады.
6-тарау. ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
41-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін ұйымдастыру
1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға уәкілетті орган берген лицензия негізінде жүзеге асырады және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен ерікті зейнетақы жарналарын тартады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттері-жеке тұлғалар, заңды тұлғалар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлері бола алады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «ЕЖЗҚ» деген аббревиатураны пайдаланып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғаларға өзінің атауында «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қандай тілде болмасын толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тыйым салынады.
4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;
4) өзінің мұқтажы үшін иемденген мүлікті жалға беруге;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған, активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға;
6) уәкiлеттi орган беретін лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті дербес жүзеге асыруға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
5. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүргізуге;
2) зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген тәртіппен оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беруге және осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсу бойынша айқындалады;
4) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге;
5) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен аударуға;
8) уәкілетті орган белгiлеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметi туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және өзінің интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша табыстарға кепiлдiктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
6. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе инвестициялық декларацияда белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;
2) осы бапта белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
3) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануға;
4) зейнетақы активтерiн иелiктен өтеусiз шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;
5) өзінің мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың зейнетақы портфелін басқару жөнiндегi қызметпен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн зейнетақы активтерiн пайдалануға;
6) өзiне тиесiлi активтердi зейнетақы активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);
7) активтердi кредитке сатуға;
8) инвестициялық декларацияға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтерiнiң есебiнен қайтарылуға жататын ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға;
9) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және инвестициялық декларацияға сәйкес шығыстардың орнын толтыру мен сыйақы алу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын зейнетақы активтерiн иемденуге;
10) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі табыстылығы туралы ақпаратты көрсетуге;
11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді кепiлге беруге;
12) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруға;
13) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының борыштық бағалы қағаздарды иемденуін қоспағанда, кез келген тәсілмен қарыз беруге тыйым салынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.