Байланыс туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II Заңы
(2018.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2018 жылғы 5 қазандағы № 184-VІ ҚР Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «почтаның», «почталық», «почта», «Почта», «почтамен» және «почтамттар» деген сөздер тиісінше «поштаның», «пошталық», «пошта», «Пошта», «поштамен» және «поштамттар» деген сөздермен және «почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі» деген сөздер «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Байланыстың мақсаты
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары
2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері
6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
9-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру
14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн растау
16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі
18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу
19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi лицензиялау
20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер
3-тарау. Байланыс желілері
21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi
22-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
22-1-бап. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
22-2-бап. Алып тасталды
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері
24-бап. Пошта байланысы
4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі
25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерініңорбиталық позицияларын қорғау және күзету
27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары
28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
28-2-бап - 28-4-бап. Алынып тасталды
28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi
28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң құқықтары
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi
28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі
6-тарау. Байланыс желілерін дамыту
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру
29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану
31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану
7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы
34-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін субсидиялау
8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары
35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы
36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру
36-2-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу
9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері
37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен әлiпбилердi пайдалану
38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру уақыты
39-бап. Халықаралық ынтымақтастық
39-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
39-2-бап. Байланыс қызметтерін көрсету
10-тарау. Қорытынды ережелер
40-бап. Байланыс операторлары мен байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың жауапкершiлiгi
41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Байланыстың мақсаты
1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді; 2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) - байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:
абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;
биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);
техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін;
деректер беру желісіндегі мекенжайды;
деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;
интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;
деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;
3) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
4) абоненттік құрылғы - абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылды
4-1) абоненттік нөмірді көшіру - абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;
4-2) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры - абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорларды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы - абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қол жеткізуді ұсынатын ұйым;
5) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) фельдъегерлік қызмет және арнаулы пошта байланысы қызметі арналары - арнаулы жөнелтілімдерді фельдъегерлердің алып жүруімен жөнелтуге пайдаланылатын пошта желілерінің, фельдъегерлік қызмет және арнаулы пошта байланысы қызметі бөлімшелерінің жиынтығы;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыштары (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
10) байланыс - ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;
11) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар - телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша — халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
12) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарын қамтитын және телекоммуникацияларға немесе пошта байланысына арналған технологиялық жүйе;
13) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағынын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
14) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;
15) байланыс қызметтері - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
16) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі;
17) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметтері көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда
18) байланыс операторы - байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
19) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдардың иелері;
20) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс спутниктері орбиталық позицияларының ресурстары;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21) байланыстың үстем операторы - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес байланыс саласында үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған байланыс операторы;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
23) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіні екіншісіне жалғауға арналған телекоммуникация құралдары;
24) жалғау жолы - телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені;
25) жалғау қызметі - әрекеттес желілерді пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыруда байланыс операторларының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
26) желіаралық жалғаным - телекоммуникациялардың бір желісін екіншісіне жалғау қызметтерін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) желілік трафик (бұдан әрі - трафик) - белгілі бір уақыт кезеңінде телекоммуникациялар желісі арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;
27) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралдары. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;
28) жергілікті телефон жалғанымы құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғанымын уақытпен есепке алу) - жергілікті телекоммуникация желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефон жалғанымын есепке алу әдістері технологиясының жиынтығы;
29) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалану үшін берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат;
30) жоғары жиілікті құрылғылар - телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электрмагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 30-1) - 30-3) тармақшалармен толықтырылды
30-1) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-2) интернет-трафик - белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;
30-3) интернет-трафик алмасу нүктесі - Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;
31) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;
32) кодталған байланыс - кодтау құжаттары мен техникасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды
32-1) куәландырушы орталық - уәкілетті орган айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын беретін заңды тұлға;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 32-2) тармақшамен толықтырылды
32-2) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі - телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;
33) қалааралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын жалғайтын байланыс жолы;
34) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
35) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
36) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефон жалғанымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) қауіпсіздік сертификаты - шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды
36-2) қорғалған байланыс - ақпаратты қорғаудың арнайы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);
37) құпияландырылған байланыс - құпияландыру аппаратурасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
38) қызметтерге ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлемдер сомасы:
тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғанымдардың тарифтеу бірліктерінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;
уақытына қарай құрамдас бөліктен - тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымы берілгені үшін төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
39) қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметтерге ақы төлеу жүйесі;
39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;
40) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын жалғайтын жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе спутниктік байланыс жолы;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды
40-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 40-2) тармақшамен толықтырылды
40-2) мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкері - фельдъегерлік қызмет жұмыскерлері арасынан арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматы;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 40-3) тармақшамен толықтырылды
40-3) мемлекеттік радиожиілік қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
41) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;
42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
43) пошта байланысы - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ пошталық ақша аударымдары;
44) пошта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, пошта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
44-1) президенттік байланыс - Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған арнайы электр байланысы;
45) радиоәуесқойлық қызмет - тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өз бетінше үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеулер мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;
46) радиобақылау - радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктердің пайдаланылу тәртібін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату параметрлерінің стандарттары мен нормаларының бұзылушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетіндей деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
47) радиожиілік органдары - жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;
48) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
49) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) иелікке берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
50) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
51) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
52) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
53) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметтерінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;