1) бүкіл мәтін бойынша:
«түзеу мекемелерінің», «түзеу мекемесінен», «түзеу мекемесі», «түзеу мекемесінің» деген сөздер тиісінше «қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«а» және «б» тармақшаларында аталған», «в» тармақшасында аталған» деген сөздер тиісінше «а) және б) тармақшаларында аталған», «в) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдар
Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға:
а) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстары және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін;
б) ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға, жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға;
в) егер жазаны өтегеннен кейін ішкі істер органдарының ескертулеріне қарамастан қоғамдық тәртіпті, адам мен азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін үнемі бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болған адамдарға белгіленеді.»;
3) 3-бапта:
а) тармақшасындағы «а» тармақшасында аталған» деген сөздер «а) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) тармақшасындағы «б» тармақшасында аталған» деген сөздер «б) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы «в» тармақшасында аталған» деген сөздер «в) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
үшінші бөлік «органның» деген сөзден кейін «немесе мекеменің» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөліктегі «а» және «б» тармақшаларында көзделген» деген сөздер «а) және б) тармақшаларында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7, 9, 10 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер
Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты өмір сүру салтына, отбасындағы және тұрғылықты жеріндегі мінез-құлқына, қадағалауға алынған адамның жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға қарай мынадай:
а) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;
б) ішкі істер органдары айқындаған аудан (қала) жерлерінде болуға;
в) қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуға;
г) кәмелетке толмағандардың ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға;
д) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салу түріндегі шектеулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкін.»;
«9-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің әкімшілік қадағалау белгілеу туралы қаулыны жіберу тәртібі
Әкімшілік қадағалау белгіленген адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатар алдында мекеме әкімшілігі оның таңдаған тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен оның келетін уақыты туралы хабарлама жібереді.
10-бап. Әкімшілік қадағалауды белгілеу, мерзімін ұзарту немесе шектеулерді өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға жариялау
Қадағалауға алынған адамға әкімшілік қадағалауды белгілеу, мерзімін ұзарту немесе шектеулерді өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға қолын қойғыза отырып, ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы, ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі адамға - мекеме бастығы жариялайды. Бұл ретте қадағалауға алынған адамға оның міндеттері, әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылығы, ал әкімшілік қадағалау белгіленген адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылар алдында таңдаған тұрғылықты жеріне белгілі бір мерзімде келмегені үшін жауаптылығы түсіндіріледі.
Әкімшілік қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның орналасқан жерін және оның келмеу себептерін анықтау жөніндегі бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды, оған бұлтартпау шарасын таңдай отырып, іздестіру жариялайды.»;
«12-бап. Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің міндеттері
Iшкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
а) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды есепке алғаннан кейін оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның пробация қызметіне келуін қамтамасыз етуге және әкімшілік қадағалау белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесін пробация қызметінің атына жіберуге;
б) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша оның мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға;
в) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның қоғамдық тәртіпті, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуының алдын алуға және жолын кесуге;
г) әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзушылық туралы белгіленген тәртіппен хаттамалар жасауға және оларды қарау үшін сотқа жіберуге міндетті.»;
6) 13-бап мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:
«д) тиісті әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.»;
7) 15-баптағы ««а», «в», «г», «д» және «е» тармақшаларында көзделген», ««б» тармақшасында көзделген» деген сөздер тиісінше «а), в) г), д) және е) тармақшаларында көзделген», «б) тармақшасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 16-баптың г) тармақшасындағы «тіркелуге міндетті.» деген сөздер «тіркелуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:
«д) әкімшілік қадағалау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге міндетті.».
10. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат):
86-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) күзетпен ұстау не адамға сол жерде тұру мүмкіндігінен айыратын қылмыстық жаза немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын қолдану кезінде - күзетпен ұстау не қылмыстық жазасын немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын өтеген мерзімі ішінде сақталады. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайға құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкімімен көзделуі мүмкін.».
11. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):
1) 2-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) тәртіптік изолятор - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тергеу изоляторы - мыналарды:
өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды;
қамауға алуға сотталғандарды;
бас бостандығынан айыруға сотталғандарды;
бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді;
мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера;»;
12) тармақша «адамдарды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторларына, арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;»;
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері және гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылуы мүмкін.»;
4) 10-баптың 1-тармағындағы «Түзеу мекемелерінде» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 11-бапта:
2-тармақтағы және 3-тармақтың 2) тармақшасындағы «түзеу мекемелерінің» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция органдарының бастықтары ұғынылады.»;
6) тармақша алып тасталсын;
6) 16-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектер болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.»;
7) 19-бапта:
4-тармақтағы «жазаны орындайтын мекемелерде» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «үш күн мерзімнен» деген сөздер «екі жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 23-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің персоналын тарту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі айқындайды.»;
6-тармақтағы «, Әділет министрлігіне» деген сөздер алып тасталсын;
9) 25-баптағы «Әділет министрлігі» деген сөздер «Ішкі істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 29-баптың 4-тармағындағы «карцерге» деген сөз «тәртіптік изоляторға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 33-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Күзетпен ұстау орындарының қызметкерлері адамдардың күзетпен ұстау орындарының аумағына кірген және шыққан кездегі заттары мен киімдерін жете тексеруді, сондай-ақ кірген және шыққан көлік құралдарын жете тексеруді, күдіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін алып қоюды жүргізеді.»;
12) 37 және 39-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Жазалау шаралары
Белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға жабу;
4) кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушыларды жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылуы мүмкін.»;
«39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау
1. Күдіктілер мен айыпталушылар:
1) басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны;
2) күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;
3) оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзғаны;
4) алкогольдік ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені;
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;
6) құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік изоляторға, ал кәмелетке толмағандар уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызылуы мүмкін.
2. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу түріндегі жаза сөгіс түрінде екі және одан да көп рет жаза қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады.
3. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қаулысы және күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау мүмкіндігі туралы медициналық қызметкердің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Күдіктілер мен айыпталушылар тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында жеке жатын орнымен және төсек-орындармен белгіленген сағаттарда ұйықтайтын уақытқа ғана қамтамасыз етіледі.
5. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға:
1) қорғаушымен жолығудан басқа, хат жазысуға, жолығуларға;
2) тамақ өнімдері мен ең қажетті нәрселерді сатып алуға;
3) хаттар, сауқаттар және сәлемдемелер алуға;
4) үстелүсті ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға тыйым салынады.
Сауқаттар мен сәлемдемелер күдіктілер мен айыпталушыларға олардың тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзімі аяқталғаннан кейін табыс етіледі.
Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты осы бапта көзделмеген өзге де шектеулерге жол берілмейді.
Олардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жіберуі осы Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыруға, күдіктіні немесе айыпталушыны медициналық көрсетілімдерді ескере отырып мерзімінен бұрын босатуға құқығы бар. Егер жазаны орындауды ұзарту мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша жазаны қолданған күннен бастап бір айдан асып кетсе, онда күдікті немесе айыпталушы жазадан босатылуы мүмкін.
7. Емізулі балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер және кәмелетке толмағандар тәртіптік изоляторға жабылмайды.»;
13) 3-2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұстау
46-6-бап. Әкімшілік қамауға алынған және арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына түскен кезде:
1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекемделген қамауға алу туралы қаулысының;
2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында сақтауға тыйым салынған, алып қойылған заттарымен жеке жете тексеру хаттамасының;
3) әкімшілік қамауға алынған адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының болуы тексеріледі.
2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына тұрғылықты жері бойынша хабарлайды.
4. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың сотқа, прокуратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жазған өтініштері қаралмайды және олар берілген уақытынан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жіберіледі.
5. Арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орындар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі.
Уақытша ұстау изоляторында әкімшілік қамауға алынған адамдар және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдар бөлек ұсталады.
46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимі
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.
2. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тыс жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.
Әкімшілік қамауға алынған адамдарға «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнаулы құралдар қолданылуы мүмкін.
3. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар тамақпен күзетпен ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторында отырғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.
4. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған ерлер әйелдерден бөлек орналастырылады.
5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, венерологиялық және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар әкімшілік қамауға алынған басқа адамдардан оқшауландырылады.
6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахталарда ұсталады.
Әскери қызметшілердің гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
46-8-бап. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында ұстау режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
3) арнаулы қабылдау орнындағы Ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтер алуға;
4) хаттар, сауқаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер алуға;
5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
6) күніне кемінде екі сағат күн сайын серуендеуге;
7) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында Ішкі тәртіп қағидаларын және басқа да адамдардың құқықтарын сақтаған жағдайда - діни жораларды орындауға;
8) арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.
2. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған адамдар арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан босату
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамауға алу мерзімін өтегеннен кейін босатылады.
2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхат алына отырып қайтарылады.
3. Әкімшілік қамауға алынған адамдар атыс қаруын немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
4. Босатылған адамға оның арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында болғаны туралы анықтама беріледі.»;
14) 48-бапта:
3-тармақтағы «немесе қамауға алу», «ретінде қамауға алу» деген сөздер тиісінше «немесе күзетпен ұстау», «ретінде күзетпен ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «оны қамауға алуға кім санкция бергендігі» деген сөздер «оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағында: