6) әлеуметтік төлемдер тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) Қор активтерін есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оның санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бағдарламалық-техникалық қамтылым түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйенің иесі болуға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталықтың иесі болуға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін түскен әлеуметтік аударымдар сомалары және алушыларға төленетін әлеуметтік төлемдер сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Қор өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтылымға үш жылда бір реттен сиретпей аудит жүргізуге міндетті.
3. Қор:
1) Қор активтерiн кепiлге беруге;
2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қор инвестициялық қызметті Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларация және Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын шарт негізінде Қор активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөніндегі, инвестициялық кiрiс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қор активтері Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға бағытталған қаражатты шегере отырып, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдардың төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұл, инвестициялық кіріс, әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қорға түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ өзге де қате есепке жатқызылған қаражаттың сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қордың активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi.
2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының