50-бап. Банк құпиясы
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.
Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 4 - 8, 8-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған банктердің, Қазақстан Республикасы резиденттерінің-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 7-2, 8 және 8-1-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкін.
Мыналар:
1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беруі;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпарат беруі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтер беруі;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 1-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-3) банктердің мемлекеттік кіріс органына коллекторлық агенттіктермен жасалған басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша ұсынуы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-4) банктердің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кіріс органына клиенттердің экспорттық немесе импорттық операциялары бойынша ақпарат ұсынуы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына салықтық тексеру және деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттар ұсынуы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-6) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдарына валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат ұсыну;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-7) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында ақпарат, оның ішінде банк құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-8) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-8) мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы бойынша салық төлеушілер - дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын және мобильді төлемдерді пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары бойынша мәліметтер ұсыну;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 1-9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-9) тармақшасының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңының 2-бабының 3-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
1-9) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мынадай жеке тұлғалар:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар бойынша мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ол бойынша құқықтар (талаптар) бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберінде мәліметтерді бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкіліне ұсыну;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-2) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау шарттарының біріне сәйкес келетін, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар туралы мәліметтерді уәкілетті органның ашуы;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк және (немесе) уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) өз депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктің, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша мәліметтерді, салымшы мен борышкер бір тұлға болған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін ұсынуы;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) банктің, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыруға байланысты енгізілген уақытша әкімшіліктің, банктің тарату комиссиясының депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы ақша қалдықтары және олар бойынша есепке жазылған сыйақы туралы мәліметтерді, сондай-ақ салымшы мен борышкер бір тұлға болған жағдайда - олардың міндеттемелері бойынша мәліметтерді ұсынуы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-4, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша - сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банк шотының тиесілілігі және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің кепіл шартының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-2) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалар төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) банктің мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын және (немесе) ірі қатысушылары шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын банк депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), иелерi мен нөмiрлерi туралы, сондай-ақ осы шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары туралы мәліметтерді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген міндеттерді жүзеге асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуы;
4-4) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына тауарлардың электрондық сауда-саттығы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебінде тұрған тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуы;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды
4-6) банктің ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға беруі;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-7) тармақшамен толықтырылды
4-7) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктің ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына беруі;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-8) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-8) уәкілетті органның осы Заңның 57-бабы 9-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты аудиторлық ұйымға беруі;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-9) тармақшамен толықтырылды
4-9) кредиторлар синдикатына қатысушы банктің банк-агентке Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беруі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, сондай-ақ активтерді тәуелсіз бағалауды, техникалық және (немесе) қаржылық және (немесе) заң аудитін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаға екінші деңгейдегі банктердің мәліметтер ұсынуы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1) тармақша өзгертілді
5-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға басқарма төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған, ұйымның жазбаша сұрау салуы негізінде ұйымның қарыз алушысы, кепілі, кепілгері, лизинг алушысы немесе кепіл берушісі болып табылатын адамға қатысты берілетін, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдығы және қозғалысы, банк операциялары (банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптарын қоспағанда) туралы анықтамаларды, сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында орналасқан мүліктің бар-жоғы, сипаты мен құны туралы мәлiметтерді ұйымның «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар осы кредит бойынша ұйымның талап ету құқығын иеленуін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайларда беруі - банк құпиясын ашу болып табылады.
«Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөнінде тиісті өкілеттіктер берілген ұйымның уәкілетті адамының лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландыру күні көрсетіле отырып, оның қолымен куәландырылады және ұйым мөрінің бедерімен бекемделеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-2) екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру және (немесе) Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымына ұсынуы;
6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі;
7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік бюроға теріс ақпарат беруі және кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісі туралы мерзімі күнтізбелік бір жүз сексен күннен асып кеткен берешегі бөлігінде теріс ақпарат беруі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша ақпарат беруі;
8-1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға талап ету құқықтарын осы ұйым сатып алған кредит (қарыз) бойынша ақпаратты беруі;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-2) осы Заңның 36-1-бабына сәйкес құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке немесе сервистік компанияға кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;
9) банктің Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингіне банк конгломератының пруденциялық нормативтерді есептеуі, сондай-ақ банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін мәліметтер беруі;
10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;
11) 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) банктің борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беруі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адамның растаушы құжаттар мен материалдар ретінде банк құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шартты нотариус жасайтын куәландыру бойынша жылжымайтын мүлікпен қолма-қол емес ақшасыз нысанда мәміле жасау үшін банк клиентіне ашылған эскроу-шоттағы ақшаның бар-жоғы және сомасы туралы ақпаратты банк клиентінің келісуімен нотариустың электрондық нысанда қалыптастырылған сұрау салуы бойынша банктің электрондық нысанда ұсынуы;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік кіріс органдары мен уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.
Осы тармақшаның ережелері:
өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.
Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;
б) соттарға:
сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша;