5. Осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ресми түсіндірме беру актілері өздерінде қамтылған нормаларды iске асыру, оның iшiнде оларды қолдану кезінде және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде мiндеттi сипатқа ие болады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Осы тарауда белгіленген, нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру тәртібі мен шарттары «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын заңға түсіндірме беруге қолданылмайды.
59-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме берудің шарттары
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мәні оларды түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және заңнамалық реттеу қағидаттарына толық сәйкестікте ашылуға тиіс.
2. Заңнамалық актiлердiң нормаларына Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен толық сәйкестікте түсіндірме берілуге тиіс.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Заң нормаларын түсіндіру оларда баянды етілген заңнамалық реттеу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беруді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар
1. 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.
3. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені соларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.
4. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алады.
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар ұсынымдық сипатқа ие.
61-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің құрылымы
1. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі кіріспе, сипаттау және қарар бөліктерінен тұрады.
2. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің кіріспе бөлігінде:
1) нормативтік құқықтық актінің нормасына түсіндірме беруші уәкілетті органның атауы;
2) түсіндірме берілетін норма қамтылған нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, түсіндірме берілетін норманы қамтитын нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні мен нөмірін көрсете отырып, ресми түсіндірме беру актісінің атауы;
3) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің қабылданған жері мен күні;
4) нормативтік құқықтық актінің нормасына соның бастамасы бойынша түсіндірме беріліп отырған органның не жеке немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
3. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің сипаттау бөлігі түсіндірме берілетін норманың сипаттамасы мен мазмұнын талдауды қамтуға тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің қарар бөлігі нормативтік құқықтық акт нормасының мәні мен мазмұнын түсінікті ететін уәкілетті органның қорытындысын қамтуға тиіс.
62-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау
1. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме берген уәкілетті органның (лауазымды адамның) интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың талаптары осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.
14-тарау. ЖЕКЕ-ДАРА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
63-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер туралы жалпы ережелер
1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және:
1) жеке-дара айқындалған тұлғалар тобына (жеке және заңды тұлғаларға) қолданылады;
2) құқық нормаларын қамтымайды;
3) жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асырады.
2. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының заңнамасына кірмейді және нормативтік құқықтық актілерге жатпайды.
64-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерге және оларды ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт мынадай талаптарға сай болуға:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамаға және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне қайшы келмеуге;
2) оның құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге тиіс, ал мазмұны біркелкі түсіну мен қолдануды қамтамасыз етуге, белгіленетін шаралар мазмұнын анық баяндауға, құқықтық актінің күші қолданылатын және (немесе) оларды белгіленген мерзімдерде іске асыруға жауапты болатын тұлғалар тобын тиянақты айқындауға тиіс.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиіс.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.
3. Әртүрлі деңгейдегі уәкілетті органдар қабылдаған жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер бір-біріне қайшы келген кезде, егер мұндай актіні қабылдау өз құзыретіне кірген болса, жоғары тұрған уәкілетті органның құқықтық актісі қолданылады.
4. Бір деңгейдегі уәкілетті органдар қабылдаған жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер бір-біріне қайшы келген кезде осы шешімді қабылдау өз құзыретіне кіретін органның құқықтық актісі қолданылады. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша бір құқықтық актінің басқалардан басымдығы туралы шешімді жоғары тұрған уәкілетті орган немесе сот қабылдайды.
5. Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт осы баптың 1-тармағында көзделген талаптармен бірге мынадай деректемелерді де:
1) құқықтық актінің атауын;
2) осы актінің қарау нысанасын білдіретін тақырыпты;
3) актінің қабылданған жері мен күнін;
4) тиісті актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) қолтаңбасын (қолтаңбаларын);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, органның мөрін қамтуға тиіс.
Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау рәсімдері, оларды ресімдеуді, орындауды және олардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
65-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күшіне енуі және қолданылуын тоқтатуы
1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт, егер онда неғұрлым кешірек мерзім белгіленбеген болса, қабылданған кезден бастап күшіне енеді.
2. Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды осы құқықтық акт өздеріне арналған тұлғалар орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
3. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің қолданылуы тоқтатылғанға дейін осы құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот оны тоқтата тұра алады, өзгерте алады және (немесе) толықтыра алады не оның күшін жоя алады.
2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мүдделі тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің күшін жою, оны өзгерту, толықтыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруі тиісті шешім қабылданғанға дейін құқықтық актінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін орнықсыз қаржылық жағдайы бар банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу және оған реттеу шараларын қолдану туралы құқықтық актіні, сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатсыз және негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының құқықтық актілерін қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.
15-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
66-бап. Өтпелі ережелер
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын:
1) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыруды электрондық-цифрлық нысанда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурстан қамтамасыз етеді;
2) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған қалыптастырылған нормативтік құқықтық актілерді баспа нысанындағы нормативтік құқықтық актілермен электрондық-цифрлық нысанда сәйкес келтіруді 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етеді.
67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 37-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі, 38-баптың 3-тармағы және 39-баптың 3-тармағы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 6-ы.
№ 480-V