57-16-бап. Салық кодексінің 679-бабы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күннен бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.».
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 57-17-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-17-бап. Салық кодексінің 696-3-бабының 5-тармағы үшінші абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.».
58-бап. Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 49, 53, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
бұған 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 317 - 324-баптар;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 20-баптың 1-тармағы 22) тармақшасының төртінші абзацы, 571-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы, 573-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы, 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацы, 9-тармағы 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырмасыншы абзацы, 638-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін бейрезидентке ашылған және салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шарт бойынша - 46-баптың 8-тармағы, 193-баптың 5-тармағының 9) тармақшасы, 216, 217, 218, 219-баптар, 610-баптың 4-тармағы, 627-баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші және он жетінші абзацтары, 9-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он сегізінші, жиырма үшінші абзацтары, 629-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы, 635-1-бап кірмейді;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 желтоқсан
№ 121-VI ҚРЗ