4) заңнамада көрсетілген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуі бойынша өзінің күзет қызметі субъектісінің күзетшісі екенін растайтын куәлігін көрсетуге;
5) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне жәрдем көрсетуге;
6) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолданылу негіздерін түсіндіруге міндетті.
3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін құқықтық ресімдеу
22.02.02 ж. № 297-II; 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Күзет қызметтерiн көрсету түрлерi
Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жеке және заңды тұлғалардың объектісін және (немесе) мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету;
3) күзету тәсiлдерi мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғану бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау нысанында жүзеге асырады.
Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер ерiктi түрде қоғамдық тәртiптi сақтауға тартылады.
2008.04.07 № 53-ІV ҚР Заңымен (Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібі
1. Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөніндегі шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртібі, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады.
2. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн нысанды киім киіп жүзеге асырады.
Нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін нысанды киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1-баптармен толықтырылды
15-1-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет хабарлама жасау тәртібін сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын субъектілер осы Заңның 15-2-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
4. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы қызмет түрімен айналысу үшін хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-2-баптармен толықтырылды
15-2-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) заңды тұлға маманының жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
2. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары, жұмыскерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы жоқ не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша орындаушы тапсырыс берушіге тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi.
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша орындаушы ретінде мынадай күзет қызметі субъектілері (осы Заңда қойылатын талаптарды ескере отырып) әрекет етуге құқылы:
1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша тапсырыс беруші ретiнде жеке және заңды тұлғалар әрекет етуге құқылы.
4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта:
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) орындаушының күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер;
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) орындаушының мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi;
3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер;
4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi;
5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс.
5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
17-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-1-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты шектеулер
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының күзет қызметiмен айналысатын бiрнеше ұйымның бiр мезгiлде құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ.
2. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң санын өз мiндеттерiн орындауға қажеттi адам саны нормативiнен асыруға болмайды. Адам саны нормативiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Адам санын нормативтен асыру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады. Уәкiлеттi орган (лицензиар) жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң саны лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтiзбелiк қырық күн iшiнде адам саны нормативiнің талаптарына сәйкес келтiрiлмеген жағдайда лицензиатты лицензиясынан айыру туралы арызбен сотқа жүгiнедi.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге де қызметтi жүзеге асыратын ұйымның еншiлес кәсiпорны бола алмайды. Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) үшiн қызметтiң осы түрi негiзгi болуға тиiс.
Мыналар:
1) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не лауазымды адамдары;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар;
4) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
5) қоғамдық бiрлестiктер жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) бола алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салулар күзет ұйымдарын құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін ұлттық компаниялардың жеке күзет ұйымдарын құру жағдайларына қолданылмайды.
Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының үшінші тұлғаларға күзет қызметін көрсетуге құқығы жоқ.
4. Жеке күзет ұйымдарының басшыларына және олардың күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процессуалдық және өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн иемденуге;
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi келтiруге;
4) адам мен азаматтың ар-намысын және абыройын түсiретiн не құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жалпы негіздерден басқа, күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы мынадай:
1) жалғыз құрылтайшы осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) жалғыз құрылтайшының және (немесе) заңды тұлғаның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған;
3) жалғыз құрылтайшыға іздеу жарияланған жағдайларда, тоқтатыла тұрады.
Лицензияны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған кезде оның қолданысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қайта басталады.
Күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру (қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату алдын ала тоқтатыла тұрмай мынадай:
1) жалғыз құрылтайшы соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
2) жалғыз құрылтайшының Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
3) жалғыз құрылтайшыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) жалғыз құрылтайшыға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жүзеге асырылады.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару және арнаулы құралдар пайдалануы
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Күзет қызметi субъектiлерiн қарумен және арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары
1. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қару мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Өз қызметін магистральды теміржол желілері, магистральды құбыр тораптары мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарын қоспағанда, күзет қызметі субъектілеріне қызметтік ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қаруды сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сатып алынған қару тиiстi iшкi iстер органында оның сатып алынған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде тiркелуге жатады. Қаруды тiркеу кезiнде қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негiзiнде бұл қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзiмге рұқсат берiледi.
Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жеке күзет ұйымының күзетшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаруды және арнаулы құралдарды сақтау мен алып жүру құқығына рұқсат алуға тиіс.
5. Объектiлердi күзету және патрульдеу үшiн қызметтiк иттер пайдаланылуы мүмкiн.
6. Күзет ұйымдарының басшылары заңдарда белгiленген тәртiппен қаруды күзетшi қызметiн атқаратын штаттағы қызметкерлерге олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезеңiне бередi. Қару қызметкерлер тиiстi даярлықтан өткен соң берiледi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қаруды және арнаулы құралдарды қолдануының шарттары, негiздерi мен тәртібі
1. Күзет қызметiн жүзеге асыру барысында арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана қолдануға рұқсат етiледi.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң қару мен арнаулы құралдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте:
1) күзетiлетiн объектiге немесе оның қызметкерлерiне шабуылдарды тойтару үшiн;
2) күзетiлетiн адамға шабуылды тойтару үшiн;
3) құқық бұзушыларды ұстап алу үшін, оның ішінде егер олар қарсылық көрсетсе, оларды iшкi iстер органдарына апару үшiн, егер олар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткіліктi негiздер болса;
4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
5) дабыл сигналдарын беру немесе көмекке шақыру үшiн;
6) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкiлеттiгiнен, қажеттi қорғаныс шегiнен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжаттарының күшiн жоюға әкеп соғады.
3. Арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану алдында олар қарсы қолданылуы мүмкiн адамдарға бұл туралы анық ескертiлуге тиiс.
4. Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жасы белгiлi немесе айқын болған жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қызметтiк қару мен арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
5. Қызметтiк қару қолданылатын барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қолданылуы, iшкi iстер органдары мен прокуратураға жиырма төрт сағат iшiндехабарлануы қажет.
6. Жеке күзет ұйымдарының күзетшiлерi арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы өз мiндеттерiн орындауға жарамдылығы жөнiнде мерзiмдi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
7. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде келтiрген зияны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық жауапты болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері күзет қызметінің субъектілеріне (объектілеріне), мамандандырылған оқу орталықтарына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бармай, олардың қызметі туралы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
4. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда, уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінде бар деректерді:
1) осы Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;
2) сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді;
3) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, күзет қызметінің субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.
7. Ұсыным күзет қызметінің субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге жеке өзіне қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері сұрау салған кезде күзет қызметі субъектісінің, мамандандырылған оқу орталығының, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып саналады.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Күзет қызметінің субъектісі, мамандандырылған оқу орталығы, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъект ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға және оның аумақтық құрылымдық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бармай профилактикалық бақылау жылына кемінде бір рет жүргізіледі.