1) 1-бапта:
3-тармақта:
1) тармақшада:
бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Республикалық бюджеттен:
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуі мақсатында;
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу мақсатында;»;
сегізінші абзацтағы «ақша қаражатын» деген сөздер «ақша» деген сөзбен ауыстырылсын;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 53-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) денсаулық сақтау:
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуі;
республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;
айрықша қауіпті инфекцияларға қарсы іс-қимыл;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуі;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық қызмет көрсету;
жергілікті бюджеттерден және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;»;
3) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) денсаулық сақтау:
облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;»;
4) 55-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) денсаулық сақтау:
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар;»;
4-тармақта:
24) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«31-2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсыну;»;
25) тармақша алып тасталсын;
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау және денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын өтеу;»;»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 7-баптың 1-тармағында:
75) тармақша алып тасталсын;
123) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 124) тармақшамен толықтырылсын:
«124) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
6) 9-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;»;
7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;»;
13) тармақшада:
бірінші абзацтағы «1, 2 және 4» деген сөздер «1 және 2» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы «жолдаманың» деген сөз «алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзац алып тасталсын;
2) 2-бап алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 3-1) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.»;
4) 3-бапта:
үшінші абзацтағы «5), 7), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының он төртінші абзацын» деген сөздер «5), 9) тармақшаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «6), 11) тармақшаларын» деген сөздер «6), 7), 11) тармақшаларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «ұсынуды жүзеге асырады.» деген сөздер «ұсынуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеуді және есептен шығаруды жүзеге асырады.»;
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның осы бабының 5-тармағында және 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.»;
3) 16-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды (осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:».
21. «Төлем және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат):
27-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
4) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға жол берілмейді.».
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заң:
2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының он үшінші абзацын, 5) тармақшасының бесінші абзацын, 7) тармақшасын, 9) тармақшасының екінші - төртінші, жетінші - он бірінші абзацтарын, 10) тармақшасының алтыншы абзацын, 15) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 18-тармағы 17) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацын, 9) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 15) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 17) және 19) тармақшаларын, 6, 8, 9, 11, 12, 14, 15, 16 және 17-тармақтарын;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 4-тармағы 6) тармақшасының екінші және төртінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:
«3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;»;
«14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтардың қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Осы Заңның 4-тармағының 16) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:
«16) 89-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы маусымның 30-ы.
№ 80-VІ