22) 12-бапта:
4-тармақтың 22) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтың 8) тармақшасындағы «алуға міндетті.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалануға міндетті.»;
3-тармақта:
4) тармақша «есептерді» деген сөзден кейін «уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің дерекқорынан жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі мен телеөлшеу жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
8-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасасуға;
2) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға;»;
23) 12-1-баптың 2-тармағында:
алтыншы бөліктегі «уәкілетті органға өтініш жасауы» деген сөздер «уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып берілген уәкілетті органға жолданымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына тарифтің шекті деңгейін бекіту немесе түзету қажеттігін растайтын құжаттарды уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы береді.»;
24) 13-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Энергия өндіруші ұйымдар желіге жіберілетін электр энергиясының бүкіл көлемін осы Заңға сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және (немесе) олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне сатуды жүзеге асыруға міндетті.
Бір тұлғалар тобына өздерімен бірге кіретін тұтынушыларға және бір гибридті топқа өздерімен бірге кіретін гибридті топ әкімшісіне электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тұлғалар тобынан және гибридті топтан тыс электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте электр энергиясын кейіннен сатпай өз қажеттіліктері үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес энергия өндіруші ұйым өткізуге мәлімдемеген электр энергиясының көлемі жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға өтінім беру арқылы өткізуге жатпайды.»;
3-2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және (немесе) онымен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыны не онымен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісін қоспағанда, электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);»;
1-2) тармақшадағы «2) тармақшасында» деген сөздер «2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-3-тармақтың 2) тармақшасының төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;
3-4 және 3-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-4. Электр энергиясы мен қуатын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру бойынша көрсетілетін қызметті, техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілетін қызметті, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін, электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға байланысты электр энергиясы мен қуатының көтерме саудасы нарығындағы құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.»;
4-тармақтың 24) тармақшасының он үшінші - он бесінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«3-6. Жүйелік оператор жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жүзеге асырады.
Бұл ретте жүйелік оператор электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметті жүйелік оператордың жиілік мен қуатты автоматты түрде реттеу жүйесіне қосылған Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің энергия өндіруші ұйымдарының электр станцияларынан сатып алады.
Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді. Бұл ретте электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен жасалатын тиісті шарттарда көрсетілетін электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді жүйелік оператордың сатып алу бағасы мынадай ең жоғары бағалардан: тиісті кезең ішінде осы көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алудың ең жоғары шарттық бағасынан және осы көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге сатудың ең жоғары шарттық бағасынан төмен болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-7, 3-8, 3-9, 3-10 және 3-11-тармақтармен толықтырылсын:
4-тармақтың 24) тармақшасының он жетінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«3-7. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзінің электр желілері орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана электр энергиясын өткізуге рұқсат етіледі.
3-8. Гибридті топ әкімшісі:
1) тиісті гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын алуды (сатып алуды) жүзеге асырады;
2) гибридті топ тұтынушыларына электр энергиясын өткізуді (сатуды) жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына және электр қуаты нарығына қатысады;
4) гибридті топтың теңгерім провайдері болып табылады;
5) гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен гибридті топ тұтынушылары үшін электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушы, жүйелік оператор, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы алдында қаржылық міндеттемелері болады;
6) бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын өндіру және тұтыну режимдерін бірыңғай басқаруды қамтамасыз етеді.
3-9. Гибридті топ әкімшісі гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымда бекітілген шекті тариф болған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы.
3-10. Гибридті топ тұтынушысы электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға құқылы.
3-11. Гибридті топ әкімшісіне:
1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);
2) келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.»;
7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Энергия өндіруші ұйымдар - гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуға мiндеттi.
7-1. Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде:
1) осы Заңға сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;
2) осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері;
3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылары өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде;
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері;
5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары төлейді.»;
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-2. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, олар осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде төлейді.
Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 4) тармақшасында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығының басқа субъектілерін қоспағанда, осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне олар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетілмейді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың бірінші басшылары, техникалық басшылары (бас инженері), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшылары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеруден өткеннен кейін тағайындалады.
Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдық пен тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға білімін тексеруден өтуге және тиісті қолжетімділігі болуға міндетті»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары:
1) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылар өндіретін электр энергиясын пайдаланатын цифрлық майнерлерге;
2) тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік және өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосылуға техникалық шарттардың электрондық көшірмелерін ұсынған кезде және энергия беруші не энергия өндіруші ұйым берген техникалық шарттардың орындалуын растаған кезде 2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуды жүзеге асырған цифрлық майнерлерге қолданылмайды.»;
25) 14-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «және жылу» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «және жылу» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «, ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден - бөлшек сауда нарығынан» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «және энергиямен жабдықтаушы», «және жылу», «немесе жылу» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтағы «немесе жылу» деген сөздер алып тасталсын;
26) 15-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бір жылға электр қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) жүйелік оператормен келісуден кейін өзінің интернет-ресурсында сауда-саттыққа қатысушылар, берілген өтінімдер (берілген күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы және сауда-саттық нәтижелері (күні, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) туралы ақпаратты қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттық туралы ақпаратты күн сайын жариялайды;»;
27) 15-3-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-4, 3-5 және 3-6-тармақтармен толықтырылсын:
«3-4. Бірыңғай сатып алушыда тиісті есептік жылға арналған электр қуатына болжамды сұранысқа жүйелік оператор енгізген, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу көлемін ұлғайту есебінен туындаған қосымша кіріс пайда болған жағдайда, бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алуды жүзеге асырады.
3-5. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу осы баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан және шартта көрсетілген осы көрсетілетін қызмет көлемінен іс жүзінде асып кеткен энергия өндіруші ұйымдардан осы шартта көрсетілген бағадан аспайтын баға бойынша ай сайын жүзеге асырылады.
Бұл ретте электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу барлық мәлімделген көлемге орталықтандырылған сауда-саттықта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізген энергия өндіруші ұйымдардан жүзеге асырылмайды.
3-6. Жүйелік оператор осы баптың 3-5-тармағына сәйкес нақты асып кету көлемін есептеуді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады және бірыңғай сатып алушыға береді.»;
8-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы «нәтиже» деген сөзден кейін «, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылып, төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет бағасын есептеуі және оны интернет-ресурста орналастыруы қағидаларына сәйкес есептелген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті бірыңғай сатып алушының сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету негізге алынып қалыптастырылады.»;
28) 15-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына, сондай-ақ қосалқы жабдығына қатысты жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Инвестициялық келісім жасалатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының қосалқы жабдығының тізбесі мен оған қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес белгіленеді.»;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын алатын тұтынушыларды электр мен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жасалатын инвестициялық келісімдерді қоспағанда, уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес.»;
29) 15-6-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатының көлеміне қатты отында электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
2. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орны (алаңы), отынның типі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің немесе алдын ала техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.
3. Уәкілетті орган тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлар тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынатын соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы «қондырғылардың» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Экология кодексінің талаптарына сәйкес келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.»;
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «күнтізбелік он бес күн» деген сөздер «бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігі «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «он бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға қайталама тендер өткізілмеді деп танылған кезде және тек бір қатысушыдан ғана тендерлік өтінім берілген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасу үшін осы қатысушыны тендер жеңімпазы деп айқындау туралы ұсыныс жібереді.
7-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 7-1-тармағына сәйкес ұсыныс келіп түскен кезде, ол орынды болған жағдайда, уәкілетті органға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасуды тапсырады.»;
8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық белгіленеді.»;
«10. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады, олар бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу басталған күнге дейін жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімдерін және әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті түзетуді бір рет жүзеге асыруға құқылы.»;
30) 15-10-бапта:
4-тармақтың 30) тармақшасының екінші - он тоғызыншы абзацтары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын әрбір теңгерімдеу аймағы үшін жеке-жеке сатып алады.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті теңгерімдеу аймағы үшін операциялық тәуліктің тиісті сағатында сатып алатын теңгерімдеуші электр энергиясының көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын:
1) көтеріп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алумен бір мезгілде теріс теңгерімсіздіктерді сатуға да жол беріледі) жүйелік оператордан сатып алуды жүзеге асырады.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теңгерімдеуші электр энергиясын сату бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері осы теріс теңгерімсіздіктерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.
«Авария» режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
6. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеудің әрбір аймағының теріс теңгерімсіздіктерін жеке-жеке сатады.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы операциялық тәуліктердің тиісті сағатында сататын теңгерімдеудің тиісті аймағындағы теріс теңгерімсіздіктер көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді:
1) төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теріс теңгерімсіздіктерді сатумен бір мезгілде теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға да жол беріледі) жүйелі операторға сатуды жүзеге асырады.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті.
«Авария» режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарттар жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері есептік кезеңнің қорытындылары бойынша уәкілетті орган көздеген тәртіппен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады.»;