2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағының күші бірыңғай сатып алушы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қолданылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Уәкілетті орган жүйелік оператормен бірлесіп, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде іске қосуды қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы моделіне көшуді қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Электр энергиясын сатып алу және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сату бөлігіндегі осы Заңның күші 2023 жылғы 1 шілдеге дейін бұзылуға жататын бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
13. Осы Заңның 7-1-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін энергия беруші ұйымдар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет түріне арналған лицензияны 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде алуға міндетті.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14. Осы Заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес келмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды (рұқсаттарды және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды) лицензиар лицензиядан айыруға (кері қайтарып алуға) немесе оның қолданысын тоқтата тұруға тиіс.
2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15. 5-2-баптың үшінші бөлігі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
16. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары жүйелік оператор мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
17. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағы 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 18-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
18. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасы 2036 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін. Осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ инвестициялық тариф берілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.
Қазақстан Республикасының
| Президенті | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |