Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік органның бастамасы бойынша жоспарда көзделген заң жобаларын алып тастаған не мерзімдерін ауыстырған жағдайда, бірінші басшысының заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның жауапкершілігі мәселесі қаралады.
Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тиісті тапсырмаларының көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 84-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 84-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-1-тармақ өзгертілді
84-1. Премьер-Министрдің немесе Кеңсенің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасы мен заң жобасының алдын ала мәтінін әзірлейді және оларды Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда, Кеңсе жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қарамай қайтаруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 85-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 668 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85. Ағымдағы жоспардың және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарының орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.
Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.
Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстырудың объективті себептері туындаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке және (немесе) Парламентке заң жобасын енгізу мерзімі басталардан бір ай бұрын заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке енгізудің Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстыру себептерін баяндап, Премьер-Министрдің атына негіздеме-хат жолдайды.
Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстыру туралы қаулы Үкімет басшылығы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қабылдануы тиіс.
Бұл ретте, егер заң жобасын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдері заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның кінәсінан ауыстырылса, Премьер-Министрдің атына жолданатын негіздеме-хатқа уәкілетті мемлекеттік органдағы заң жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың және Жоспарда көрсетілген заң жобаларын әзірлеуге және енгізуге жауапты лауазымды адамға жаза қолдану туралы ұсыныстың көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.
Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсыну мерзімдерін ауыстыру туралы мәселеге қайтадан бастама жасалған кезде әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігі туралы мәселе қаралады.
Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулыларының жобаларын Кеңсенің жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі өкілдігімен келіседі.
86. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 87-тармақ жаңа редакцияда
87. Заң жобаларының сапасын, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жүзеге асырады.
Заң жобаларының сапасы, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды адамдар және заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дербес жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.2-бөлім. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 88-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 359 Қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 88-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 88-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне жауапты Ұлттық экономика министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Кеңсеге енгізілмейді.
Бұл ретте Ұлттық экономика, Әділет және Қаржы министрліктері заң жобалары барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін келіседі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 89-тармақ өзгертілді
89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық және басқа да) сараптаманың жүргізілуі міндетті. Қабылдаудың болжамды салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.07. № 451 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 90-тармақ өзгертілді
90. Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).
Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қоспағанда, заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыда қамтылған ұсынымдар қабылданбаған жағдайда әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.
Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Кеңсеге заң жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүзеге асыратын адамның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Әзірлеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.
Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.
Реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдануы тиіс.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 91-1-тармақпен толықтырылды
91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 91-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-2-тармақ өзгертілді
91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, ол туралы заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және сараптамалық кеңестерден сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал олармен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган әлеуметтік мәні бар заң жобасын әзірлеген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда, өзге тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Әлеуметтік мәні бар заң жобасы деп адам мен тұтастай алғанда, қоғамның құқықтары мен мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын заң жобасын түсіну керек.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.3-бөлім. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.
Заң жобасын Үкіметке енгізу мерзімі бұзылған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасымен бір мезгілде заң жобасын әзірлеуге және Парламентке енгізуге жауапты тиісті саяси мемлекеттік қызметшіні жазалау туралы ұсыныс енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 93-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
93. Заң жобаларын Кеңсеге енгізу тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.05.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.07. № 451 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді
95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:
1) заң жобасын (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімінде белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама қойылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбаны;
3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың), оның ішінде электрондық құжаттар форматындағы жобасын;
4) қабылданатын Заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдарын.
Қабылданатын Заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;
5) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемені;
6) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағын (парақтарын);
7) заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экологиялық және тағы басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша - осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және тағы басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.
Ғылыми сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемелерін келтіруі тиіс.
Бұл ретте әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Кеңсеге заң жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүзеге асыратын адамның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұза отырып, міндетті ғылыми сараптама аталған шарттарға қол қойылғанға дейін жүргізілмеген халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларын Кеңсе тіркемей, әзірлеуші мемлекеттік органдарға қайтарады.
Аталған талаптың орындалуын халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары Кеңсеге түскен кезде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тексереді;
8) заң жобасын (заң жобаларын) әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған ілеспе хатты, бұл ретте Үкіметтің тиісті заң жобасы туралы қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген және заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған салыстырма кесте қоса беріледі. Бұл ретте енгізілетін түзетулердің негіздемелері оларды енгізудің қажеттілігін және орындылығын нақты көрсетуі қажет (қажет болған жағдайда практикадан мысалдар келтіруге болады);
10) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды ратификациялауға Парламентке енгізу туралы заң жобасына мемлекеттік, орыс тілдеріндегі және әртүрлі оқылған кезде басымдығы бар оларға қол қойылған өзге тілдердегі ратификациялауға енгізілетін құжаттардың Сыртқы істер министрлігі растаған көшірмелері қоса беріледі;
11) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық мүдделері заң жобасында тікелей қозғалатын сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, олар қоса берілмейді.
11-1) егер заң жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, заң жобасына қоғамдық кеңестің ұсынымдары қоса беріледі. Ұсынымдармен келіспеген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;
12) заң жобасын (заң жобаларын) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген анықтаманы;
13) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларын (келіспеушіліктер хаттамасын);
14) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалық парақты;
15) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесін;
16) жобаның қабылдануына байланысты өзгертілуі немесе күші жойылды деп танылуы тиіс заңнамалық актілердің тізбесін және жобаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы ұсыныстарды;
17) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасына кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі;
18) Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданған заң жобасының тұжырымдамасын қамтуға тиіс;
19) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша заң жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепті қамтуға тиіс;
20) осы Регламентке 5-3-қосымшаға сәйкес Парламентте заң жобасын сүйемелдеуге жауапты тұлғалардың жеке құрамының тізбесі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 95-1-тармақпен толықтырылды
95-1. Осы Регламенттің 95-тармағында санамаланған құжаттардан басқа республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізу туралы заң жобасына мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
стратегиялық жоспарлар жобалары немесе орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары;
стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары;
соңғы есеп беру күніне мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыздың жай-күйі туралы деректер;
бюджеттік бағдарламалардың кіші бюджеттік бағдарламаларының бөлінісінде бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат және республикалық бюджет жобасында қарастырылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазба.
96. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен
белгіленген басымды деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымды заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымды деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымды заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.