орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының болуы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылған жағдайда - тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
2) кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
3) уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келетін, кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;
4) аумақтық кеден органдарына өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген және орындалмаған қаулының болмауы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылықтарына алып келген себептердің жойылмау фактілерінің болмауы;
517-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылады
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Егер еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.
518-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылады.
Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат түрінде беруге құқылы.
2. Қызмет аймағында еркін қойма құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің мәлімделген қоймасының үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді және үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексерудің тиісті актісін ресімдейді. Кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;
2) орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру аяқталғаннан кейін үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісінің бір данасы заңды тұлғаға табыс етіледі.
4. Еркін қоймалар иелерінің тіліміне енгізу туралы шешім аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді және мұндай бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 517-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Тұлға еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда, аумақтық кеден органы өтініш иесін тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
519-бап. Еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру және қайта бастау
1. Еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) еркін қойма иесінің еркін қойманың қызметін тоқтата тұру себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көзделген, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған жағдайда;
3) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда;
4) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау;
5) еркін қойманың иесі ретіндегі қызмет шеңберінде еркін қойма иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап еркін қойма кедендік рәсімімен тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді.
5. Бұл ретте еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру кезінде мынадай операцияларды жасауға рұқсат беріледі:
1) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау мақсатында, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған жабдықты, машиналар мен агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану);
2) қайта өңдеу (монтаждау, құрастыру) процесінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды (шикізат пен материалдарды) пайдалану. Бұл ретте еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу (монтаждау, құрастыру) процесінде пайдаланылатын шетелдік тауарлар еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап төрт айдан кешіктірілмейтін мерзімде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тауарларға қатысты - осы Кодекстің 294-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасау.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдары еркін қойма кедендік рәсімі және тауарларды еркін қойманың аумағынан әкету аяқталған кезде жүзеге асырады.
7. Еркін қойманың иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш ұсынады.
Еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген еркін қойма иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген еркін қойманың иесі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша өтініші еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Еркін қойма иесінің қызметі осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау салдарынан тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін еркін қойма иесінің қызметі қайта басталады.
8. Еркін қойма иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ еркін қойма иесінің қызметі осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарына кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
9. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру немесе аталған тұлғаның мұндай қызметті қайта бастауы туралы шешімі еркін қойманың иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі.
520-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) еркін қоймалар иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы еркін қойма иесінің өтініші;
2) еркін қойма иесінің осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
3) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның:
қайта құру;
егер еркін қойманың иесі ретінде әрекет ететін заңды тұлға еркін қойманың иесі мұндай тұлға мәртебесін сақтай отырып және мұндай тұлға осы Кодекстің 517-бабының 1-тармағына сәйкес еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтаған кезде өз құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаны бөліп шығарса, бөліп шығару;
егер еркін қойманың иесі ретінде әрекет ететін заңды тұлға еркін қойманың иесі мәртебесін мұндай тұлға сақтай отырып және мұндай тұлға осы Кодекстің 517-бабының 1-тармағына сәйкес еркін қоймалардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтаған кезде бір немесе бірнеше заңды тұлғаны қосса, қосылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы еркін қойма иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 519-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) еркін қойманың қызметін осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 519-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
7) еркін қойманың иесі ретіндегі қызмет шеңберінде еркін қойма иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236, 258 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
8) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орындалмаған қаулының болуы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылықтарына алып келген себептердің жойылмауы.
2. Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім алып тастау себептері көрсетіле отырып, аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.
3. Еркін қойма иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім еркін қойманың иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі.
4. Еркін қойманың иесін осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта өтініш аумақтық кеден органына тұлғаны осындай тізілімнен алып тастау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін беріледі.
5. Еркін қойманың иесі еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға еркін қойма аумағындағы және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 296-бабына сәйкес аяқталуға тиіс.
521-бап. Еркін қойма иесінің міндеттері
1. Еркін қойманың иесі:
1) осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында белгіленген, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға, оның ішінде еркін қойманың осы Кодекстің 516-бабының 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;
3) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып осындай тауарлар және олармен жасалған операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептілікті ұсынуға;
5) еркін қойманың жұмыскерлері болып табылмайтын немесе еркін қоймадағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз еркін қоймаға жібермеуге;
6) еркін қоймадағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
7) осы Кодекстің 297-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
8) өзін еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2. Еркін қойманың алаңы өзгерген кезде еркін қойма иесі мұндай өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органына мұндай өзгерістер туралы тиісті құжаттарды ұсына отырып, жазбаша нысанда өтініш жібереді.
Аумақтық кеден органы мұндай өтінішті аумақтық кеден органына келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Еркін қойманың алаңын өзгерту туралы өтінішті қарау кезіндеаумақтық кеден органы еркін қойма иесінің осы Кодекстің 517-бабында көзделген шарттарға сай келуін тексереді, сондай-ақ осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеруді осы Кодекстің 518-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды осындай қарап-тексеру барысында талап етіп алдыра отырып жүргізеді.
62-тарау. БАЖСЫЗ САУДА ДҮКЕНІНІҢ ИЕСІ
522-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі
1. Осы Кодекстің 524-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы бажсыз сауда дүкенінің иесі болып табылады.
Заңды тұлға бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін бажсыз сауда дүкенінің иесі деп танылады.
2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сақтауды және осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағында аталған тұлғаларға өткізуді жүзеге асырады.
3. Аумақтық кеден органдары бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен алып тастау туралы деректерді уәкілетті органға жібереді.
523-бап. Бажсыз сауда дүкендері
1. Сауда залдары мен қоймалардан, сондай-ақ қосалқы үй-жайлардан (болған кезде) тұратын арнайы айқындалған және жайластырылған құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) бажсыз сауда дүкендері болып табылады.
2. Бажсыз сауда дүкені оның иесі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.
3. Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуі бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
4. Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды, олардың құрылу мен жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
524-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Бажсыз сауда дүкендері иелері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс;
бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) тауарларды осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
524-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылады
6) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалуға тиіс.
525-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылады.
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат түрінде беруге құқылы.
2. Қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік карап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға жарамды құрылысжайларды және (немесе) үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында алу міндеті көзделсе, бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру аяқталғаннан кейін үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісінің бір данасы заңды тұлғаға табыс етіледі.
4. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 524-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Тұлға бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда, аумақтық кеден органы өтініш иесін тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
526-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) бажсыз сауда дүкені иесінің бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтата тұру себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларында көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау;
5) бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызмет шеңберінде бажсыз сауда дүкенінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.