Егер тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде уәкілетті экономикалық оператор немесе кедендік тасымалдаушы осындай тауарлардың декларанты болып әрекет етсе, онда осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында және 392-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өзінде кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып әрекет ететін тұлға уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне не кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген кеден органы өндіріп алады.
4. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы бапқа сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы өндіріп алады.
Егер тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілсе, онда осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өзінің кеден органына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өзінің кеден органына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын кеден органы, егер орындалуы қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалса, осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Егер тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалу (тасу) кезінде уәкілетті экономикалық оператор немесе кедендік тасымалдаушы осындай тауарлардың декларанты болып әрекет етсе, онда осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып әрекет ететін тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне не кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын кеден органы өндіріп алады.
Кеден органдарының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес өндіріп алу және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының өндіріп алынған сомаларын өзінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке аудару кезіндегі өзара іс-қимылы - Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне № 1 қосымшада көзделген тәртіппен, ал көрсетілген қосымшада реттелмеген бөлігінде Комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кеден органдарының осы баптың 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу және кедендік баждардың, салықтардың өндіріп алынған сомаларын өзінде кедендік баждар, салықтар төленуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке аудару кезіндегі өзара іс-қимылы - Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген тәртіппен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде реттелмеген бөлігінде Комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
120-бап. Кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәртібі
Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар сомасы;
2) өсімпұлдар.
121-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есептен шығару
1. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша өндіріп алынуы мүмкін болмаған берешек сомалары, мынадай негіздердің бірі:
1) ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарату;
2) банкрот деп тану;
3) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялауы бойынша өндіріп алу үмітсіз деп танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген берешек сомалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептен шығарылуға жатады.
122-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті аванстық төлемдер сомасының, кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомаларының есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу
1. Кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеушіге табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні өткен соң көрсетілген берешекті төлеушінің аванстық төлемдерінің, кедендік төлемдердің, салықтардың тиісті түрлері бойынша кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Бұл ретте кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті кеден органы осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуды жүргізу жолымен кедендік төлемнің және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен өндіріп алады.
2. Осы бапқа сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасы туралы кеден органы олар өндіріп алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.
2-параграф. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері
123-бап. Жалпы ережелер
1. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
1) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) төлеушінің банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу.
2. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті оған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өтемеген жағдайда, кеден органы осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәсілдері қолданылғаннан кейін оның кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда, заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, кеден органы осындай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлға кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама өзіне табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы төлеушілерге - заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, бюджетке берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
3. Кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері төлеушіге осы тарауда көзделген мерзiмдерде қолданылады.
4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
1) банкрот деп таныған жағдайда - соттың төлеушіні банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2) оңалту рәсімін қолданған жағдайда - соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіткен жағдайда - соттың осындай келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
4) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген, төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің сомасы бойынша осы тараудың ережелеріне сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.
124-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
1. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары белгіленген мерзiмде төленбеген, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек туындаған жағдайда өсiмпұл төленеді. Осы баптың 2-тармағында белгiленген кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының белгіленген мерзiмде төленбеген сомасына, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекке есепке жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.
2. Өсiмпұл кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап, төлеу күнін қоса алғанда, кедендік төлемдердi, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеудің мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.
Өсiмпұл кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан, есепке жазылады және төленедi.
3. Өсiмпұл тексеру нәтижелері туралы хабарлама немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың мерзiмiнде төленбеген сомалары туралы хабарлама шығарылған күннен бастап олар хабарламада көрсетілген талаптарды орындау мерзімі шегінде төленгенге дейін кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленбеген сомасына есепке жазылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаның талаптарын орындау мерзімі шегінде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждары төленбеген немесе толық төленбеген кезде өсімпұл мұндай хабарлама шығарылған күннен бастап кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі берешекті өтеу күніне дейін қоса алғанда есепке жазылады.
4. Өсімпұл тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға, кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, егер тауарларды кедендік декларациялау кеден органының кейіннен осындай кеден органы не жоғары тұрған кеден органы күшін жойған және кері қайтарып алған алдын ала алынған жеке жазбаша түсіндірмесіне сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына есепке жазылмайды.
Егер кеден органы өтініш иесі алдын ала жеке жазбаша түсіндірме алу үшін кеден органына анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер қамтылған құжаттарды, жалған құжаттарды не анық емес және (немесе) толық емес мәліметтерді ұсынғанын анықтаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.
Тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы қабылданған шешімдер мен түсіндірмелерге, тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерге, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерге, тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерге, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерге қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.
5. Өсiмпұл банкрот деп танылған төлеушіде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша туындаған берешек сомасына сот шешім қабылдаған күннен бастап не өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім не оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылданғанда, осындай шешім күшіне енген күннен бастап есепке жазылмайды.
6. Өсiмпұл соттың жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап осы шешімнің күші жойылған күнге дейін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына есепке жазылмайды.
7. Өсімпұлдарға, пайыздарға өсімпұл есепке жазылмайды.
8. Өсiмпұл кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген сомасына есепке жатқызуды жүргізу арқылы өтелген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына есепке жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап есепке жазылмайды.
9. Өсiмпұл кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын бюджетке есепке жатқызған кезде:
1) екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап;
2) төлеуші банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап;
3) төлеуші қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен бастап есепке жазылмайды.
10. Өсімпұл төлеушінің жеке шотында бар аванстық төлемдердің сомасына, кедендік төлемнің, салықтың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы бажының осы түрі бойынша кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген сомасына пропорционалды түрдегі кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының белгіленген мерзімде төленбеген сомасына, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына өзінің негізінде төлеушінің жеке шотында артық төленген сома пайда болған төлем құжатының күнінен бастап есепке жазылмайды.
125-бап. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін кеден органының төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін шығарады.
2. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:
1) төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өз бетінше өтеуі жөніндегі операциялардан;
2) ақшаны:
адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары;
125-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 564-баптың редакциясында қолданылады
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбекақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеу жөніндегі міндеттемелері бойынша есеп айырысулар үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары;
кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасы шегінде төлеушініңбарлық шығыс операцияларына қолданылады.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдардың тыйым салуды қолдануы туралы шешімдерінің негізінде тыйым салу қолданылған ақша сомасына қолданылмайды.
3. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекіткен нысанда шығарылады және оны банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күннен бастап күшіне енеді.
Кеден органы мұндай өкімді банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Кеден органының төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.
4. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады.
5. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін осындай өкімді шығарған кеден органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
126-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткен соң төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, кейіннен кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiлерiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі.
2. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай өкім табыс етілген күн болып табылады.
3. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің бұлжытпай орындауына жатады.
4. Төлеуші осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органы кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
127-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу
1. Мынадай:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген;
2) төлеушіге тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, кеден органы шектеуді тексеру нәтижелері туралы хабарлама төлеушіге табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
2. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасына шығарады.
3. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі, сондай-ақ осы төлеушінің балансында тұрған мүлікке қатысты шығарылады.
Мыналар:
тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат билік етілуін шектеуге жатпайды.
Төлеушінің билік етілуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген мүлкін лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін кеден органының алып қоюына тыйым салынады.
Төлеушінің:
кеден органы мүлікке билік етуге шектеу қойған күннен бастап және оныңкүшін жойғанға дейін шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілге қою) өзгертуіне;
төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап және оның күші жойылғанға дейін, қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, жалға берілген мүлікке меншік құқығын жалға алушы мен кепіл ұстаушыға беруіне тыйым салынады.