213) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға біліктілік талаптарын белгілейді;
214) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
215) карантинге жатқызылған өнімдер транзитінің шарттарын айқындайды;
216) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізеді және олардың күшін жояды;
217) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
218) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердiң қорын құрады;
219) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
220) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
221) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін есепке ала отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
222) әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік жете тексеруді, қажет болғанда - үлгілерін алу арқылы карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
223) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;
224) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты жете тексеруді, қажет болғанда - үлгілерін алу арқылы оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
225) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
226) анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
227) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
228) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
229) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар береді;
230) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
231) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантині саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
232) өсімдіктер карантині саласындағы заттай нормаларды әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
233) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін айқындайды;
234) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
235) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
236) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
237) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті әзірлейді және бекітеді;
238) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;
239) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия береді;
240) мынадай:
пестицидтер өндіру (формуляциялау);
пестицидтер өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
241) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
242) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге арналған тіркеу куәліктерін береді;
243) пестицидтер тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
244) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
245) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
246) фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастырады;
247) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестіреді;
248) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және өткiзеді, сондай-ақ пестицидтердiң қорын жасайды;
249) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
250) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастырады;
251) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
252) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастырады және үйлестіреді, жүзеге асырады;
253) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
254) ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
255) пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілейді;
256) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
257) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
258) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
259) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау шаттарын айқындайды;
260) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
261) фитосанитариялық есептілік түрлерін, оларды ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
262) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін қорытады және оны жетілдіреді;
263) жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
264) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
265) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
266) жерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
267) жер комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
268) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
269) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
270) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
271) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін - Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
272) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын әзірлейді және бекітеді;
273) жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға берудің) үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
274) жер учаскесін сатып алудың-сатудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
275) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын әзірлейді және бекітеді;
276) жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингі жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлейді және бекiтеді;
277) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
278) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
279) шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
280) Қазақстан Республикасының табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1000 - 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
281) жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
282) жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
283) электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
284) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
285) цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
286) жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді әзірлейді және бекітеді;
287) электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
288) топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
289) электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
290) жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
291) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді;
292) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
293) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекітеді;
294) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде өтініш, келісуші органдардың қорытындысы, жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жоспар нысандарын бекітеді;
295) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілейді;
296) жер мониторингін жүргiзудi ұйымдастырады;
297) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды;
298) өз құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды;
299) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
300) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
300-1) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
300-1) мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
300-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындайды және береді;
300-3) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтайды және алып қояды;
300-4) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұрады;
301) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
302) жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
303) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
304) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
305) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекітеді;
306) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекітеді;
307) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекітеді;
308) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекітеді;
309) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
310) жер комиссиясының отырысы барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау қағидаларын, сондай-ақ аудио, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
311) суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды келiседі;
312) ауыл шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің шығасыларын өтеу нормативтерiн белгiлейдi;
313) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
314) Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
315) жерге мониторинг жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды;
316) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
317) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
318) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
319) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
320) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
321) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысанын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
322) асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
323) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
324) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
325) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
326) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
327) ҚР Үкіметінің 2022.29.12. № 1101 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
328) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекітеді;
329) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізуді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;
330) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
331) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
332) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
333) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
334) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;
335) мыналарды:
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін;
асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысаны мен оларды толтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
336) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
337) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
338) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
339) берілген өкілеттіктер шегінде балара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
340) бал араларды қорғау мен молықтыруға бағытталған ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
341) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
342) Қазақстан Республикасында балараларды тұқымдық аудандастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
343) жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
344) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
345) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларын әзірлейді және бекітеді;
346) жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
347) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беру туралы ұсыныс енгізеді;
348) ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
349) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
350) органикалық өнім өндіру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
351) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
352) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
354) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын жетілдіреді;
355) уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
356) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға енгізеді;
357) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;
358) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;