2) қозғалыстың шарттары туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту құны мен олардың ұзақтығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалану тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) осы Заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) тегін жүріп өтуге;
5) жол органының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүріп өтуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын пайдалануға;
2) көлемдері, массасы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріп-тұруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын көлік құралдарымен арнайы рұқсатсыз жүріп өтуді жүзеге асырмауға;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста іркілістердің пайда болуына, көлік құралдары жылдамдығының, автомобиль жолдары мен құрылыстардың сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту ақысын ақы алу пунктін кесіп өту кезінде төлеуді жүргізуге;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, төлемақы алу пункті арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.
21-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi
1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды Ұлттық оператормен келiсуге;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;
3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.
2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы
1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда пайдалану үшiн автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығын, меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда және iшiнара немесе жаппай жұмылдыру жарияланған кезде жеке меншiк жолдарды жол жүрiсiне қатысушылардың барлығы меншiк иесiнiң келісімiнсiз пайдаланады.
25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
2. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Автокөлік құралын пайдаланушы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақы төлемеген жағдайда, берешек автокөлік құралының иесінен өндіріп алынады.
26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем
Автомобиль жолдарындағы жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге жәрдемдi жол жүрiсiне қатысушылардың бәрi көрсетуге тиiс, олар зардап шеккендердi таяу маңдағы медициналық мекемеге жеткiзуге және болған оқиға туралы жол полициясы органына хабарлауға мiндеттi.
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөніндегі шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.
3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.
4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
5-тарау. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 6-тараумен толықтырылды
6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы
1. Ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оларда ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ жол сервисі объектілерін дамыту мақсаттарында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мемлекеттік тапсырманы орындау және тартылған инвестициялар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау сапасына Ұлттық оператор жауапты болады.
30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері
Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде не тартылған инвестициялар есебінен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды басқару;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау;
6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы қозғалысты ұйымдастыру және жол сервисі объектілерін дамыту мақсаттары үшін инвестициялар тарту;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) автомобиль жолдарымен жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ габариті ірі және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары туралы ақпаратты есепке алу және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;
8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою;
9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылды
9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу;
9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың және басқа да инженерлік тораптар мен коммуникациялардың кесіп өтуіне рұқсат беру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол сервисі объектілерін дамыту;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.
Қазақстан Республикасының