Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 852 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 254-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Супрун Виктор Васильевич шығарылсын;
2) «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 259-құжат):
көрсетілген қаулыда 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Жайлаубаева Әсия Сейітжапарқызы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ақпараттандыру департаментінің директоры, хатшы |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
мына:
«Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы | - Батыс Қазақстан облысының әкімі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Батыс Қазақстан облысының әкімі |
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасары (келісім бойынша) |
Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі»; |
2) көрсетілген құрамнан Шөжеева Әзиза Тимурқызы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Супрун Виктор Васильевич, Шөкеев Өмірзақ Естайұлы, Маханбетжанов Батыр Әпенұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |