6) иелену мерзімінің ескіруіне орай іс жүзіндегі иесінің жылжымайтын мүлікке меншік құқығын белгіленген тәртіппен танығанға дейін құқық иесі болып табылмайтын адамдардың жылжымайтын мүлікті іс жүзінде иеленуі;
7) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы немесе жергілікті атқарушы органдардың жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы болып табылады.
9-бап. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімі
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. 2009.22.04. № 151-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдар салатын құқықтар ауыртпалықтарын және осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу туралы өтініштер мемлекеттік тіркеуге дереу берілуге тиіс.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде тұлға ауыртпалықты тоқтату үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап жаңа редакцияда
10-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу жөніндегі, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендірілу және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша тіркеуші орган жүзеге асырады.
2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
2-тарау. Құқықтық кадастр
11-бап. Құқықтық кадастрды жүргізу
1. Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және онда жылжымайтын мүлікке қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы мәліметтер, құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.
Құқықтық кадастр тіркеуші органға оларды тіркеуге уәкілетті органдар берген азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді де қамтиды.
2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.
3. Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен сәйкестендіріледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Құқықтық кадастрдың бірыңғай ақпараттық жүйесін уәкілетті орган қалыптастырады.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесін жүргізудің және пайдаланудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
12-бап. Құқықтық кадастрдың құрамы
Құқықтық кадастр:
1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан;
2) тіркеу кітабынан;
3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан;
4) тіркеу істерінен;
5) азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді есепке алу кітабынан;
6) ақпараттық жүйеден тұрады.
13-бап. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабы
1. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабын тіркеуші органдар жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және өзге де тіркеу объектілерін мемлекеттік тіркеуге берілген өтініштердің арасындағы басымдықты есепке алу және белгілеу мақсатында жүргізеді.
2. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына енгізілген өтініштердің арасындағы басымдық мемлекеттік тіркеуге өтініш берілген күні, сағаты және минуты бойынша белгіленеді.
3. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Тіркеу кітабы
1. Тіркеу кітабы жылжымайтын мүлік объектілеріне толтырылатын тіркеу парақтарынан тұрады.
Жекелеген тіркеу парақтары жылжымайтын мүліктің мынадай объектілеріне:
1) жер учаскесіне;
2) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне;
3) онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскесіне толтырылуы мүмкін.
2. Тіркеу парағы мынадай төрт бөлімнен тұрады:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;
2) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүліктің басқа объектісінің пайдасына белгіленетін сервитуттар бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтардың тізілімі;
3) кепіл бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалықтарының, сондай-ақ жылжымайтын мүліктен туындайтын міндеттемелердің тізілімі;
4) заңдық талаптардың және жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтар ауыртпалықтарының туындауына әкеп соқпайтын мәмілелердің тізілімі.
3. Тіркеу парағына жазбаларды енгізудің нысаны мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
15-бап. Тіркеу ісі
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жүргізіледі және онда құқық белгілейтін әрі тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттардың көшірмелері, оның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелері, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның құжаттары және электрондық құжаттардың қағаздағы көшірмелері қамтылады.
2. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектісінің әрбір кейінгі объектісіне жеке тіркеу ісі жүргізіледі.
3. Қажет кезде, жылжымайтын мүліктің бірнеше бастапқы объектісі орналасқан жер учаскесіне тіркеу ісі бірнеше том болып жүргізіледі.
16-бап. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабы
1. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабын тіркеуші органдар келіп түсетін сұрау салуларды және құқықтық кадастрдан берілген ақпаратты есепке алу мақсатында жүргізеді.
2. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
17-бап. Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру
1. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының) уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:
1) адвокаттардың;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;
5) нотариустардың, мұрагерлердің;
6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);
7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;
8) құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.
4. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3-тарау. Ғимараттарды, Құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау
1. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты болып табылады.
2. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және техникалық паспорт ресімделмейді.
Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алынуға жататын, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде енгізеді.
Құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші тіркеуші органға мұндай алшақтықтарды анықтау мақсатында өтініш беруге құқылы, оның нәтижесі бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.
Мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға және (немесе) олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жарақтандыру нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, мұндай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта зерттеп-қарау жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын, оның ішінде кадастрлық нөмірдің, мекенжайдың, мекенжайдың тіркеу кодының (бар болған жағдайда) өзгерген кездегі жағдайларды қоспағанда, жүргізіледі.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша техникалық паспорт ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.
4. Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысанын уәкілетті орган айқындайды.
5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Тіркеуші органның құзыреті
Тіркеуші орган:
1) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптардың және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) уәкілетті органға қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты береді;
3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңның 9-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерді бұзу фактілерін анықтайды және уәкілетті органды бұл жөнінде мемлекеттік тіркеу жүргізілетін кезге дейін хабардар етеді;
4) құқықтық кадастрға мәліметтерді енгізудің анықтығын қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметін мемлекеттік бақылау
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші орган қызметінің:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
2) құқықтық кадастрды жүргізу;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдерін бұзу фактілерін анықтау және уәкілетті органды бұл жөнінде хабардар ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері тіркеуші органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жібереді. Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған кезде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға мәжбүрлеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
19-бап. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;
Тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;
4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;
5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Электрондық тіркеу құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) нотариус мәмілені куәландырғаннан, мұраға құқық туралы куәлікті немесе меншік құқығы туралы куәлікті бергеннен кейін:
құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;
жылжымайтын мүлікті сатып алушыға:
құқық белгілейтін құжаттың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмірі туралы;
уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төленетін ақы сомасы туралы немесе ақы төлеуден босату туралы хабарлайды;
жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:
мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларына - олар болған кезде;
тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;
2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында көзделген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеу үшін соманы төлейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлемнің бірегей коды, төлем алушының атауы, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, ақы сомасы, ақының төленген күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;
3) тіркеуші орган:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған кезде ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген ақының толықтығын және электрондық чекте және құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;