заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
190-бап.Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома - елеулі мөлшердегі залал, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы - ірі мөлшердегі залал деп танылады.
2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен 190-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
190-1-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 191-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
191-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тиісті лицензиялары бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзуы -
лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лицензиядан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу
Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану -
тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау -
тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
197-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi және темекi бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету, сондай-ақ темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату, тарату - жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сегiз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу -
тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:
сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу -
тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:
1) сауда қызметі субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасалатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру
1. Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 205-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу -
жеке тұлғаларға - жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:
1) егер қолдан жасаудың (жалған екенінің) анық белгілері болса;
2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен монеталар (пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген жері, бояуларының араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы және басқа);
3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;
4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN»,«ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып табылмайды.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 207-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен, конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді уақтылы қарамау, сол сияқты мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) мәтінін уақтылы орналастырмау -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
8. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
11. Мынадай:
1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған;
2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
12. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
13. Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу -