3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы баптың 5) және 6) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының - әскери қызметшiлер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 488, 506, 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 651, 652, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының - осы Кодекстiң 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесiншi бөлiктерi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506, 652-баптары бойынша өзге де адамдарға, 676, 677, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының - осы Кодекстiң 506, 590 (төртiншi бөлiгi), 596 (үшiншi және бесiншi бөлiктерi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 613 (бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi бөлiктерi), 615 (төртiншi бөлiгi), 621 (үшiншi бөлiгi), 652, 676, 677-баптарында көзделген, әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680, 681-баптары бойынша әскери бөлiмдердiң командирлерiне қатысты;
7) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екінші бөлігі) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 360 (бірінші бөлiгi), 462, 463-баптар);
8) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тағамдық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);
9) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (160 (екiншi бөлiгi), 382 (екінші, үшiншi бөлiктерi), 383 (үшiншi және төртінші бөлiктерi), 385 (екiншi бөлiгi), 389, 392 (үшінші бөлігі), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екінші бөлiгi), 398, 462, 463-баптар);
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (139 (екiншi бөлiгi), 326 (үшінші және төртінші бөліктері), 333 (екiншi бөлiгi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 397 (төртінші бөлiгi), 399 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
11) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (416, 462-баптар);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12) мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның (75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктері) 145, 509-баптар);
13) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның (187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 462, 465-баптар);
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445, 462-баптар);
2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органның (214, 445-1-баптар);
15) өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (400 (екінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (462-бап);
17) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде);
18) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (407 (екiншi және үшінші бөліктері), 463-баптар);
20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
21) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi), 317 (төртінші бөлiгi), 317-1 (екінші бөлігі), 317-2 (екінші бөлігі), 319, 462, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді
22) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (151 (екiншi бөлiгi), 193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 408-1, 413, 416 (тағамдық өнiмге, ойыншықтарға, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 462, 463, 476, 637 (он үшінші бөлігі)-баптар);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
23) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 464 (екінші бөлiгi), 636 (екiншi бөлiгi), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөлiктерi), 638 (екінші бөлігі)-баптар);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462, 563 (екінші бөлігі), 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
26) көлiктік бақылау органдарының (462, 463, 464 (екінші бөлігі), 583 (екiншi бөлiгi), 613 (екiншi бөлiгi), 618, 629 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа)-баптар);
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 245, 246, 462-баптар);
28) 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 283, 463, 464 (екінші бөлігі)-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30) тармақша жаңа редакцияда
30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң (658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар);
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31) тармақша жаңа редакцияда; 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 153, 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 283-1, 357, 398, 460-1 (екінші және үшінші бөліктері), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (бірінші бөлігі), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (екінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 679-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (305 (газбен жабдықтау жүйелерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306 (үшінші, төртінші және бесінші бөлiктері), 307, 308, 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
33) әдiлет органдарының (158, 214, 462, 467, 668-баптар);
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34) заңнамаға сәйкес лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдар (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi), 319, 392 (үшiншi бөлiгi), 462, 463, 464 (екiншi бөлiгi), 465, 467, 621 (үшiншi бөлiгi)-баптар;)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар);
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (175, 175-1, 462, 465-баптар);
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (193 (екінші бөлігі), 415 (екінші бөлігі), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктері), 419 (екінші бөлігі), 445 (үшінші, сегізінші және он екінші бөліктері), 462, 463, 638 (екінші бөлігі)-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);
39) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге, ойыншықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша));
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлерi жасаған кезде), 214, 462-баптар);
41) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (184, 185 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 462, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42) тармақша жаңа редакцияда
42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 463-баптар);
43) атом энергиясы жөнiндегi органдардың (413, 414, 416 (машиналар мен жабдыққа қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің (382 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 383 (үшінші және төртінші бөлiктерi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 506, 512 (екiншi бөлiгi), 513 (екiншi бөлiгi), 514 (екiншi бөлiгi), 516, 517 (екiншi, төртiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерi)-баптар);
45) ұлттық қауіпсіздік органдарының (453 (екінші және үшiншi бөлiктерi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 462, 477-баптар);
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
46) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің (149, 425 (екiншi бөлiгi), 436, 477, 482, 488, 506, 606 (екінші бөлігі)-баптар);
47) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (216, 219, 233 (үшiншi бөлiгi), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлiгi), 405 (бiрiншi бөлiгi), 462-баптар);
48) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (86 (төртінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
49) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның (409 (жетiншi бөлiгi), 462, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 50) тармақша өзгертілді
50) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (199 (екінші бөлігі), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 404 (тоғызыншы бөлігі), 408-1, 453, 454 (екінші бөлігі), 455 (төртінші бөлігі), 463, 464 (екінші бөлігі), 489-1, 490-баптар);
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 50-1) тармақшамен толықтырылды
50-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның (489-1-бап);
51) монополияға қарсы органның (159, 160 (екінші бөлігі)-баптар);
52) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі органдардың (80 (төртінші бөлiгi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 409 (жетінші бөлігі), 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 462, 463-баптар);
53) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы органның (426 (екінші және үшінші бөліктері) және 463-баптар);
54) ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның (310, 311-баптар);
55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) мемлекеттік сот орындаушыларының (665, 669, 673-баптар);
57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 666, 667, 673-баптар);
58) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 59) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптар);
61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері), 456-баптар);
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63) тармақша өзгертілді
63) жерді пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (462-бап);
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 64) тармақшамен толықтырылды
64) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (193 (үшiншi бөлiгi), 415 (екінші бөлігі)-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 64) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
64) баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар (135-бап).
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467-баптар).
3. Осы Кодекстiң 685 - 735-баптарында көрсетiлген органдардың құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 581 (екінші бөлігі), 582, 583 (үшінші бөлігі), 586, 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);
2) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 392 (екінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);
3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382, 383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдарының (297, 485, 504, 614, 675-баптар);
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485 құқығы бар.
805-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Прокурор осы Кодекстің 74, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 82-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 129, 130, 173, 189, 214, 361, 362, 363, 439, 451, 452, 453, 455, 456, 456-1, 457, 465, 490, 498, 507, 508, 653, 660, 666, 675, 680-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс қозғау жөнінде қаулы шығарады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстiң 803-бабында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін) жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.
4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 574, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде - бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылған кезде; екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде) және 609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға табылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.