147) қолданбалы биомедициналық зерттеу - ауруларды диагностикалау, емдеу немесе олардың профилактикасы, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету саласында нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған биомедициналық зерттеу;
148) қорқор - темекінің, сондай-ақ құрамында темекі жапырағы жоқ өнімдердің бықсуынан және (немесе) қызуынан туындайтын аэрозольді, буды немесе түтінді жұту үшін пайдаланылатын және аэрозоль, бу немесе түтін сұйықтығы бар түтік ыдыс арқылы өтетін аспап;
149) қорқорға арналған темекі - қорқорды пайдалана отырып шегуге арналған және темекі емес шикізат пен өзге де ингредиенттер қосылған немесе қосылмаған, кесілген немесе жұлынған шикізат қоспасынан тұратын, шегілетін темекі бұйымының түрі;
150) қорқор қоспасы - темекі жапырағын шикізат материалы ретінде пайдаланбай дайындалған, қорқорды қолдана отырып тұтыну үшін пайдаланатындай етіп жасалған бұйым;
151) қосалқы зат - фармацевтикалық субстанцияларды (белсенді фармацевтикалық субстанцияларды) қоспағанда, дәрілік препаратқа қажетті қасиеттерді беру үшін оның құрамына кіретін зат;
152) құпия медициналық зерттеп-қарау - медицина қызметкерінің құпиясын сақтауға және зерттеп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;
153) мәжбүрлеп емдеу - науқасты сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын емдеу;
154) медицина қызметкері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
155) медициналық авиация - әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;
156) медициналық ақпарат - медициналық көмек көрсету процесінде туындайтын және медициналық құжаттар мен медициналық ақпараттық жүйелерде көрсетілген пациенттер мен аурулар туралы ақпарат, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпарат;
157) медициналық араласу - алдын алу, профилактика, диагностикалау, емдеу, оңалту, зерттеу мақсатында пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкері орындайтын және денсаулықты қалпына келтіруге немесе жақсартуға бағытталған тікелей немесе жанама әсер ету және (немесе) өзге де манипуляция;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 158) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
158) медициналық-әлеуметтік көмек - бұл әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 159) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159) медициналық-әлеуметтік оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік-еңбек іс-шараларын пайдалана отырып, науқастар мен мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені;
2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен 160) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
160) медициналық-биологиялық эксперимент - жай-күйдің пайда болу немесе аурудың даму себептерін, жағдайлары мен тетіктерін анықтау, емдеу және профилактика әдістерін әзірлеу үшін эксперименттік (зертханалық) жануарларға зерделенетін жай-күйдің немесе аурудың құрылымдық-функционалдық кешенін оңайлатылған нысанда жаңғыртуға (модельдеуге) негізделген зерттеу;
161) медициналық бұйымдар - медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
162) медициналық бұйымдарға арналған жұмсалатын материал - медициналық бұйымдарды пайдалану кезінде жұмсалатын, медициналық бұйымның функционалдық мақсатына, пайдалану сипаттамаларына, өндірушінің сервистік қызмет көрсету жөніндегі нұсқауына сәйкес манипуляциялар жүргізуді қамтамасыз ететін бұйымдар мен материалдар;
163) медициналық бұйымдардың айналысы - тәжірибелік үлгілерді жобалау, әзірлеу, жасау, медициналық бұйымдарға техникалық сынақтар, олардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынақтар), медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер, олардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне сараптама жүргізу, медициналық бұйымдарды тіркеу, өндіру (дайындау), сақтау, тасымалдау, өткізу, монтаждау, жөнге келтіру, қолдану (пайдалану), оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату;
164) медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынақтар) - медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына, олардың таңбалануына және оларға арналған пайдалану құжаттамасына қойылатын талаптарға медициналық бұйымдардың сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін зерттеулер (сынақтар);
165) медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасы (GMDN) - медициналық бұйымдарды сәйкестендіру мақсатында қолданылатын, медициналық бұйымдар түрлерінің жүйеленген номенклатуралық сыныптауышы;
166) медициналық бұйымдардың түрі - Қазақстан Республикасының медициналық бұйымдар номенклатурасында мақсаты ұқсас, қолданылу технологиялары бірдей, конструкциялық белгілері және ортақ цифрлық белгілемесі бар медициналық бұйымдар тобы;
167) медициналық бұйымдар қауіпсіздігінің, сапасы мен тиімділігінің мониторингі - қолайсыз оқиғалар туралы ақпаратты жинау, тіркеу, талдау;
168) медициналық бұйымды өндіруші - медициналық бұйымды әзірлеуге және дайындауға жауапты, оны осы тұлға немесе оның атынан басқа тұлға (тұлғалар) әзірлегеніне және (немесе) дайындағанына қарамастан, оны өз атынан пайдалану үшін қолжетімді ететін және оның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі үшін жауапты болатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект;
169) медициналық бұйымның жиынтықтауышы - функционалдық мақсатына, пайдалану сипаттамаларына, өндірушінің сервистік қызмет көрсету жөніндегі нұсқауына сәйкес пайдалану үшін өндіруші көздеген, медициналық бұйымның дербес медициналық бұйым болып табылмайтын бөлігі, оның ішінде блоктар, бөлшектер, бұйым элементтері, материалдар, қосалқы бөлшектер;
170) медициналық бұйымның қауіпсіздігі - медициналық бұйымды пайдалану кезінде адамның өміріне, денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;
171) медициналық бұйымның сапасы - медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамалары жиынтығының оны пайдалануға арналған мақсаттарға сәйкестік дәрежесі;
172) медициналық бұйымның саудалық атауы - медициналық бұйымның тіркелетін атауы;
173) медициналық бұйымның тиімділігі - медициналық бұйымды өндіруші белгілеген және оны пайдалану практикасымен расталған, мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;
174) медициналық білім беру - медицина қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған, медициналық мамандықтар бойынша даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу барысында алынған, медицина қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылар жиынтығы;
175) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау - білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және оқу кезеңіне сәйкес білімнің, іскерлік пен дағдының қалыптасуын бағалау;
176) медициналық білім беру бағдарламаларын бітірушілердің кәсіптік даярлығын бағалау - медициналық білім беру бағдарламасын бітіруші біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін, білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
177) медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік - шарт негізінде білім берудің, ғылым мен клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын ендіру және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары және шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру ұйымдары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдар арасындағы орта мерзімдік немесе ұзақ мерзімдік ынтымақтастық нысаны;
178) медициналық білім беру ұйымы - «Денсаулық сақтау» даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
179) медициналық көмек - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
180) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестік деңгейі;
181) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
182) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
183) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны оның ауруы болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;
184) медициналық қызмет - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 185) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
185) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган - медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
186) медициналық мақсаттағы бұйымдар - функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жинақтар;
187) медициналық оңалту - пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
188) медициналық пойыздар - теміржол станцияларының (жолдарының) жанында және оларға жақын орналасқан аумақтарда тұратын халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін пайдаланылатын қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған теміржол көлігіндегі мобильді клиникалар;
189) медициналық техника - функционалдық мақсатына және өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
190) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 191) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
191) мейіргерлік күтім - денсаулықты насихаттауды, аурулар профилактикасын және науқастардың, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;
192) мектепке дейінгі және мектеп медицинасы - медицинаның мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтитын, денсаулықты сақтау мен нығайтуға және аурулардың профилактикасына бағытталған саласы;
193) мемлекеттік фармацевтикалық инспектор - мемлекеттік органның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
194) мультипәндік топ - пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
195) никотин - темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;
196) озық терапияның дәрілік заттары - гендік терапияға, соматикалық жасушалық терапияға, тіндік инженерияға арналған құралдарды қоса алғанда, аурулар мен жарақаттарды емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынатын, биотехнологиялық немесе биоинженерлік жолмен алынатын дәрілік заттар;
197) оңалту әлеуеті - белгілі бір кесімді уақыт кезеңінде пациент организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіру перспективасының клиникалық тұрғыдан негізделген ықтималдығы;
198) отбасылық дәрігер - отбасы мүшелеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы көпбейінді даярлықтан өткен және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар дәрігер;
199) ошақтық дезинфекция - ошақтарда инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсатында жүргізілетін дезинфекция;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 200) тармақша өзгертілді
200) өндірушінің шекті бағасы - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдардың, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың бағаларын реттеу қағидаларына сәйкес бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті көтерме және бөлшек сауда бағаларын есептеу үшін базалық баға болып табылатын, дәрілік заттың саудалық атауына өндіруші беретін баға;
201) өндірістік алаң - дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірудің барлық процесін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушінің аумақтық оқшауланған кешені;
202) өндірістік бақылау - өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
203) өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын, өнімнің (тауарлардың) техникалық регламенттерге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін құжат;
204) өнiм қауiпсiздiгiнiң мониторингi - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi анықтауға, әкелудiң, өндiрудiң, қолданудың және өткiзудiң алдын алуға және жолын кесуге бағытталған iс-шаралар жүйесi;
205) патенттелген дәрілік заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрілік заттар;
206) пациент - медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
207) профилактика - аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
208) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттар (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа да есеңгірететін заттар);
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 208-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
208-1) психикаға белсенді әсер ететін заттарды қатерлі тұтыну - тәуелділік синдромының белгілерінсіз тәндік және (немесе) психикалық және (немесе) құқықтық салдарға алып келген медициналық емес мақсатта тұтыну;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 208-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
208-2) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болуын анықтау үшін медициналық куәландыру - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, психикалық денсаулықты сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілетін, адамды есірткілік, алкогольдік масаң күйін және басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттардан масаң күйін анықтау мақсатында зерттеп-қарау;
209) психикалық денсаулық - әрбір адам өзінің жеке әлеуетін іске асыра алатын, әдеттегі өмірлік күйзелістерді жеңе алатын, нәтижелі және жемісті жұмыс істей алатын, сондай-ақ өз қоғамдастығының өміріне үлес қоса алатын саламаттылықтың жай-күйі;
210) психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек - психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, медициналық-әлеуметтік көмек және медициналық-әлеуметтік оңалту;
211) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар) - психикалық қызметтің бұзылуымен сипатталатын аурулардың халықаралық сыныптамасына сәйкес аурулар тобы;
212) психологиялық көмек - мыналарға:
психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуды оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге және өмір сүру сапасын арттыруға, оның ішінде адамның өз мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін, адамға психологиялық проблемалардың алдын алуға, оларды шешуге, өмірлік қиын және дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруге жәрдемдесуге;
адамдарға психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу және оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат беруге;
тұлғаны дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені;
213) психологиялық проблема - адамның өзіне, өзінің қызметіне көңілі толмауынан, тұлғааралық қатынастардан, отбасындағы жағдайдан және (немесе) жеке өміріндегі басқа да проблемалардан туындаған ішкі жайсыздық жай-күйі;
214) радиофармацевтикалық дәрілік препарат - әсер етуші зат ретінде немесе әсер етуші заттың құрамында қолдануға дайын күйінде бір немесе бірнеше радионуклидті (радиоактивті изотоптарды) қамтитын дәрілік препарат;
215) резидент-дәрігер - резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
216) резидентура - мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі;
217) резидентура базасы - базасында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен резидентура бағдарламалары іске асырылатын медициналық ұйым ретінде аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы, университеттік аурухана, ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
218) репродуктивтік денсаулық - адамның толыққанды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;
219) ретровирусқа қарсы терапия - иммундық жүйені қалпына келтіру, өмірге қауіп төндіретін ауыр сырқаттардың өршу тәуекелін төмендету, асқынулар санын азайту және АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың өмірін ұзарту мақсатында ретровирусқа қарсы препараттарды қабылдаудың қысқа және ұзақ курстарын қолдану арқылы АИТВ инфекциясын емдеу әдісі;
220) референс-зертхана - сапаны сырттай бағалау жүйесін ендіру жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты және зертханалық диагностиканың белгілі бір саласында диагностикалық тұрғыдан күрделі және сараптамалық жағдайларда зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының зертханасы;
221) референттік дәрілік препарат - салыстыру препараты ретінде пайдаланылатын және дәрілік препараттың қасиеттері сол бойынша айқындалатын (нормаланатын) эталон болып табылатын дәрілік препарат;
222) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құю, еркектің немесе әйелдің донорлық материалын (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізу не донордан алынған ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін), сондай-ақ жасанды ағзаларды (ағзалардың бөлігін) трансплантаттау жүргізілетін пациент;
223) санаторийлік-курорттық емдеу - адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болу жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі;
224) санаторийлік-курорттық ұйымдар - медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді, курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында орналасқан табиғи емдік факторларды қолдана отырып, адамның денсаулығын сауықтыру және қалпына келтіру жөніндегі санаторийлік-курорттық қызметтерді көрсететін ұйымдар: санаторий (ересектерге, ересектер мен балаларға, балаларға арналған), студенттік санаторий-профилакторий, балалардың оңалту-сауықтыру орталығы;
225) санитариялық-карантиндік бақылау - адам денсаулығына ықтимал қауіпті өнімдерді (тауарларды) әкелуді, инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) әкелінуін, пайда болуын және таралуын болғызбау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, мемлекетаралық берілетін теміржол станцияларында немесе қиылысу станцияларында адамдарға, көлік құралдарына және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімдерге (тауарларға) қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау түрі;
226) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
227) санитариялық-профилактикалық іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға тәуекелін, зиянды әсерін бағалауға, мұндай тәуекелді жоюға немесе төмендетуге, инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) пайда болуы мен таралуын болғызбауға және оларды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитариялық, профилактикалық және өзге де шаралар;
228) санитариялық-эпидемиологиялық аудит - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық мәні бар объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және көрсетілген объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу тұрғысынан бақылаудың баламалы нысаны;
229) санитариялық-эпидемиологиялық ахуал - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;
230) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат;
231) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар - халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында қабылданатын шаралар;
232) сенім пункті - халықтың негізгі топтарына профилактикалық қызметтер анонимдік, еріктілік және құпиялылық қағидаты бойынша тегін негізде ұсынылатын, арнайы ұйымдастырылған пункт;
233) симуляциялық кабинет (орталық) - денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі, оның базасында симуляциялық технологияларды: манекендерді, тренажерлерді, компьютерлік модельдеуді, виртуалдық нақтылық технологияларын және пациенттерді бейнелеуге үйретілген, арнайы дайындалған актерлерді қолдана отырып, оқытудың қауіпсіз ортасында клиникалық практиканы имитациялау жағдайында білім алушылардың практикалық дағдыларын пысықтауы және тапсыруы жүзеге асырылады;
234) скринингтік зерттеулер - клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты ерте кезеңде түрлі аурулардың өршуін, сондай-ақ олардың пайда болу тәуекелі факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында медициналық зерттеп қарау кешені;