11-бап. Жүлде қорын қалыптастыру және бөлу
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Лотерея операторы нақты лотереяның өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсімнің кемінде елу пайызы мөлшерінде не өз қаражаты есебінен жүлде қорын қалыптастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Жүлде қоры осы бапқа және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес қалыптастырылады.
3. Тираждық лотереяның жүлде қоры оны ұтыс ойынына салу басталғанға дейін қалыптастырылады.
4. Лотерея операторына, лотереяға қатысушылар алдындағы ұтыстарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жүлде қорына қандай да бір міндеттемелермен ауыртпалық салуға, сондай-ақ жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден басқаға пайдалануға тыйым салынады.
5. Жүлде қорын (бас жүлдені) бірнеше тираж бойына жинақтап қалыптастыру қағидаты өткізу шарттарында пайдаланылатын тираждық лотереяны қоспағанда, тираждық лотереяның жүлде қоры оған қатысы бар тираж шеңберінде толығымен ұтысқа салынуға тиіс.
6. Ұтыстарды төлеу осы Заңға және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұтыстарды төлеу тиісті тираж өткізілгеннен кейін отыз күн мерзімнен кешіктірілмей басталуға және осы тираждың (жүлде қорын ұтысқа салудың) нәтижелері жарияланған кезден бастап кемінде алты ай бойы жалғасуға тиіс. Бұл мерзім аяқталған соң талап етілмеген ұтыстар бойынша наразылықтар лотереяны өткізу шарттарында көзделген тәртіппен қабылданады.
7. Лотерея операторы лотерея өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды тиісті тираждың нәтижесі (жүлде қорын ұтысқа салу) жарияланған кезден бастап үш жыл бойы сақтайды, одан кейін олар салықтық емес төлем түрінде бюджет кірісіне есепке жатқызылады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне қойылатын талаптар
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Лотерея билеттерінде мынадай міндетті ақпарат:
1) лотереяның атауы;
2) лотерея операторының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы;
3) тираждың нөмірі немесе атауы (тираждық лотереялар үшін);
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) лотерея билетінің нөмірі;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) лотерея билетінің бағасы;
6) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (тираждық лотерея үшін);
7) ұтысты алу орны мен мерзімдері туралы деректер;
8) жүлде қорының мөлшері қамтылуға тиіс.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Электрондық лотерея билеттерінде мынадай міндетті ақпарат:
1) лотерея операторының атауы;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) электрондық лотерея билетінің нөмірі;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) электрондық лотерея билетінің бағасы;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) лотерея операторының орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы, лотереяның атауы, тираждың нөмірі немесе атауы, жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны, ұтысты алу орны мен мерзімдері, жүлде қорының мөлшері туралы кеңейтілген ақпаратқа қол жеткізуге сілтеме қамтылуға тиіс.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Электрондық лотерея билеттеріндегі ақпарат Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңнамасының талаптарына сай болуға тиіс.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Электрондық лотерея билеті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруды талап етпейді.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар
1. Лотерея операторы лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) дербес және (немесе) лотерея таратушы (агенті) арқылы жүзеге асырады.
2. Лотерея операторы электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) өзінің ресми интернет-ресурсы және (немесе) лотерея мобильді қосымшасы арқылы дербес жүзеге асырады.
3. Лотерея билеттерін тарату (өткізу):
1) лотерея терминалдары;
2) стационарлық емес сауда объектілері;
3) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы бөлімшелері;
4) лотерея операторының бөлімшелері (лотерея орталығы) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мыналарда:
1) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда;
2) білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
4) ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында);
5) мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға, ал лотерея терминалдарын орнатуға болмайды.
5. Осы Заңда көзделгеннен басқа, өзгеше тәртіппен және тәсілдермен лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады.
13-бап. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізуге қойылатын талаптар
1. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу осы Заңға және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын лотереяға қатысушы өз ұтысын анықтау мақсатында генерациялау арқылы кездейсоқ ұтқан лотерея комбинациясын өзінің лотерея билетіндегі, электрондық лотерея билетіндегі лотерея комбинациясымен салыстыруға тиіс лотерея жабдығы жүзеге асырады.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу кезінде лотерея операторы тираждық комиссия құрады, ол өз қызметін осы Заңға және лотереялар өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тираждық комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері енгізілуге тиіс.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тираждық комиссияның міндеттері:
1) лотерея өткізу шарттарының Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тираждың ұтыс ойынына қатысатын лотерея билеттерінің, электрондық лотерея билеттерінің санын растау;
3) тираждық комиссия мүшелерінің тираждық комиссия хаттамасына және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне қол қою арқылы тиражды өткізу нәтижелерін растау.
Тираждық комиссия хаттамасына және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне тираждың ұтыс ойыны өткізілген датадан бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қол қойылады.
5. Лотерея операторы ұтыстарды айқындау рәсімін көрсете отырып, тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын телеарнада тікелей эфирде немесе интернет желісінде трансляциялауды қамтамасыз етеді.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Тираждық лотереяның жүлде қорының әрбір ұтыс ойынының және лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері бойынша ұтыстардың нәтижелерін лотерея операторы көрсетілген ұтыс ойыны өткізілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды немесе он екі сағат ішінде лотерея операторының интернет-ресурсында орналастырады.
7. Тираждық лотереяны өткізу тоқтатылған жағдайда, бас жүлдені қоса алғанда, оның жүлде қоры толық ойнатылуға тиіс.
8. Мезеттік лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны:
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) лотереяға қатысушының лотерея билетінде, электрондық лотерея билетінде дайындау кезеңінде оған салынған жасырын лотерея комбинациясын анықтауынан;
2) лотереяға қатысушы анықтаған ақпаратты лотереяны өткізу шарттарымен салыстырып-тексеруден тұрады.
9. Мезеттік лотереяның жүлде қорының мұндай ұтыс ойынын өткізу нәтижесін ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала айқындауға мүмкіндік беретін рәсімдер мен алгоритмдерді пайдалануға тыйым салынады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Лотереядан аударымдар
Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билет терінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билет терінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберуге міндетті.
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
15-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
16-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
17-бап. Өтпелі ережелер
Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде бас жүлделерді қоса алғанда, тиісті лотереялардың жүлде қорларын толық ұтысқа салу, ұтыстарды төлеуді жүргізуге және жүлде қорын ойнату өткізілмеген, сатылған лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар үшін ақшаны қайтаруға міндетті.
18-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң күшіне енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 5-бабының 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 9-ы.
№ 495-V