Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.24.11 № 1919 ҚАУЛЫСЫ
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 1919 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорта мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және эксперты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 300-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорта мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Лицензиар лицензия алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектісінің бір жұмыс күні ішінде келісім алу үшін материалдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиардың сұрауы негізінде тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде келісу туралы не келісуден бас тарту туралы жауапты жібереді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға мемлекеттік органдармен келісу не келісуден бас тарту туралы жауап он бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.»;
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
11-тармақта:
бірінші абзацтағы «отыз» және «он» деген сөздер «он бес» және «бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға лицензия отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.»;
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2) көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
бірінші абзац «Тауарлардың» деген сөздің алдында «1.»деген тармақпен толықтырылсын;
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
4) тармақша алынып тасталсын;
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:
«2. Жекелеген тауарлардың экспортына (импортына) лицензиялар алу үшін өтініш беруші мыналарды ұсынады:
1) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезінде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
- ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғылар өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
- оларды іс жүзінде пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) кепілдігінде тұратындығы;
- АТЭХАГ ұсынғаннан темен болмайтын деңгейдегі физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігі;
- тек 1) тармақшаның бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс.
2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткізіп беруші тобы (ЯЖТ) үшін ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиісті технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан алынатын тауардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
АТЭХАГ кепілдігінде тұрмаған ядролық отын циклі саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;
- тек 2) тармақшаның бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;
3) иондаушы сәуле шығару көздерінің және изотоптардың, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді (аппаратураға қосалқы бөлшектерді қоспағанда) пайдалануға негізделген аппаратураның импорты кезінде:
тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында ресімделген тапсырыс-өтінімнің түпнұсқасы;
тауар шыққан елдің құзыретті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
4) экспорттық бақылауға жататын өнімнің эксперты (импорты) кезінде:
әкелінетін немесе әкетілетін заттар мен материалдардың атауы мен саны (салмағы); оны әкелу (әкету) үшін жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірі; заттар мен құралдар әкетілетін немесе әкелінетін мемлекет; әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын кеден пункті көрсетілетін кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысының қолдаухаты;
экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім шартының (шартының) немесе өзге де иеліктен айыру құжатының көшірмесі;
егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарларды, оның ішінде экспортты бақылауға жататын өнімдерді экспорттаушы және өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың көшірмесі;
егер мұндай қызмет түрі оларға қатысты ішкі нарықта лицензиялау енгізілген қызметтің тауар айналымына байланысты болса, қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмелелері;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелері;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорта мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес импортқа (экспортқа) лицензия алуға өтініш;
5) азаматтық және қызметтік қару мен патрондардың экспорта және импорты кезінде:
аумақтық ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға (импорттау үшін) лицензияның көшірмелері;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының сәйкестігін растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Мемлекеттік кадастрға енгізілген жағдайда);
қару мен пайдаланылатын патрондардың атауы мен моделінің белгісі (патрондардың үлгісі) туралы ақпаратты, негізгі техникалық көрсеткіштерін, қаруды дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);
алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы кару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге (экспортқа лицензияға арналған өтініш келісілген кезде) берген рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;
6) жарылғыш заттардың, жару құралдарының және оқ-дәрінің (аңшылықтан басқа) (бұдан әрі - ЖЗ және ЖМ) экспорта (импорт) кезінде:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) аумақтық органы берген ЖЗ мен ЖМ сатып алуға (импорттау үшін) рұқсаттың (куәліктің) көшірмелері;
аумақтық ішкі істер органы берген ЖЗ мен ЖМ сатып алуға (импорттау үшін) рұқсаттың көшірмесі;
ТЖМ-нің аумақтық органы берген қойманы ЖЗ мен ЖМ сақтау үшін (базистік, шығыстық) пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
аумақтық ішкі істер органы берген ЖЗ мен ЖМ сақтауға арналған рұқсаттың көшірмесі;
ЖЗ мен ЖМ автомобиль көлігімен тасымалданған жағдайда мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады: аумақтық жол полициясы органы берген көлік құралын қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы рұқсат, қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат және тасымалдау құқығына арналған лицензия;
7) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезінде:
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшін) берген лицензияның көшірмесі;
аумақтық ішкі істер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшірмесі;
ТЖМ-нің аумақтық органы берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыстық) пайдалануға рұқсаттың көшірмесі.
8) улардың экспорты (импорты) кезінде:
уларды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылады:
аумақтық жол полициясы органы берген көлік құралын қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы рұқсат, қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат және тасымалдау құқығына арналған лицензия;
рентген жабдығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
рентген сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына лицензияның көшірмесі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) және/немесе сатуға және/немесе аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен пайдалануға арналған лицензиялардың көшірмелері;
егер пестицидтерді (улы химикаттарды) бүріккіш немесе өзіне меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінде қызметтің тиісті түріне арналған лицензияда көзделмеген басқа техникамен қолдану үшін импорттайтын тұтынушы өтініш беруші ретінде әрекет етсе, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері мен пестицидтер (улы химикаттар) санының химиялық өңдеуге қажетті есептемелері;
келісім-шарттың (шарттың) көшірмесі. Егер сатушы ретінде дистрибьютор компания әрекет етсе, өтініш беруші дистрибьютор компания мен пестицидті (улы химикатты) тіркеуші фирманың арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесін немесе пестицидті (улы химикатты) тіркеуші фирманың дистрибьютор компания Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін пестицидті (улы химикатты) сату құқығына рұқсат-хат ұсынады;
рентген жабдығының импортына тапсырыс-өтінім;
химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
пестицидтерді (улы химикаттарды), уларды сақтауға арналған қойманың санитарлық паспорты (санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды);
10) сары («ақ») фосфордың, улардың, пестицидтердің (улы химикаттардың), өнеркәсіп қалдықтарының экспорта (импорты) кезінде:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлеуетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркелімі базасынан әлеуетті уытты химиялық заттардың (қалдықтарды қоса алғанда) сипаттамасын беру бойынша ақпараттық карта;
қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;
уытты қалдықтарды, химиялық заттарды тасымалдау, сақтау, қолдану немесе қайта өңдеу кезінде мемлекеттік бақылауды жүргізу мүмкіндігі туралы Департаменттердің, Департамент филиалдарының растау хаты;
сақтау қоймасының санитарлық паспорты;
сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
егер, өтініш беруші ретінде делдал әрекет еткен жағдайда, қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнім ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарт ұсынылады және тауарды кейіннен тұтынушыларға сату үшін келісім-шарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтаруды көздеу қажет;
келісім-шарттарда (шарттарда) өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының, химиялық (уытты) заттардың және өнеркәсіп қалдықтарының импорты кезінде ақаулы тауарларды экспорттаушыға қайтару тәртібін көздеу қажет;
11) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын өнімге техникалық ұсыныс (алдын ала жоба) және техникалық жоба;
12) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде:
экспортталатын (импортталатын) тауарды арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәніне арналған техникалық зерттеу қорытындысы.»;
Корреспонденты на фрагмент
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
3) көрсетілген қаулымен бекітілген экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакция да жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі*
Р/с
№
Тауардың атауы
Экспорт кезінде лицензиялануға тиіс тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды
Импорт кезінде лицензиялануға тиіс тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды
Лицензия алуға арналған өтініштерді келісетін ҚР-ның мемлекеттік органдары
1
2
3
4
5
1.
Қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндіруге арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен қызметтер
8525* (тек әскери мақсаттағы),
8526* (тек әскери мақсаттағы),
8710 00 000 0,
8802* (тек әскери мақсаттағы),
8803* (тек әскери мақсаттағы),
8804 00 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
8805* (тек әскери мақсаттағы),
8906 10 000 0,
9013 10 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
9013 20 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
9013 80* (тек әскери мақсаттағы),
9014* (тек әскери мақсаттағы),
9301,
9302 00 000 0,
9305* (тек жауынгерлік қаруға),
9306
(9306 29 400 0,
9306 30 910 0 -
9306 30 970 0 -ден басқа)
8525* (тек әскери мақсаттағы),
8526* (тек әскери мақсаттағы),
8710 00 000 0,
8802* (тек әскери мақсаттағы),
8803* (тек әскери мақсаттағы),
8804 00 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
8805* (тек әскери мақсаттағы),
8906 10 000 0,
9013 10 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
9013 20 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
9013 80* (тек әскери мақсаттағы),
9014* (тек әскери мақсаттағы),
9301,
9302 00 000 0,
9305* (тек жауынгерлік қаруға),
9306
(9306 29 400 0,
9306 30 910 0 -
9306 30 970 0 -ден басқа)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2.
Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар мен қондырғылар, арнайы ядролық емес материалдар, қосарлама мақсаттағы материалдар, иондаушы сәулелену көздері және изотоптар, радиоактивті қалдықтар
2612,
2805,
2841*
(2841 30 000 0,
2841 50 000 0-ден басқа),
2844* (бөлінбейтін элементтерді қоспағанда иондаушы сәулелену көздерінен басқа),
2845* (бөлінбейтін элементтерді қоспағанда иондаушы сәулелену көздерінен басқа),
3801 10 000 0,
7110 11 000 0,
7110 41 000 0,
7112 92 000 0,
7112 99 000 0,
7115 10 000 0,
7502 20 000 0,
7601 20,
7602 00 900 0,
7608 20,
8401
2612,
2844* (бөлінбейтін элементтерді қоспағанда иондаушы сәулелену көздерінен басқа),
2845* (бөлінбейтін элементтерді қоспағанда иондаушы сәулелену көздерінен басқа),
3801 10 000 0,
7110 41 000 0,
8101 10 000 0,
8103,
8104 11 000 0,
8106 00 100 0,
8108,
8109,
8112,
8401
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті
3.
Маралдың мүйізі, тұяғы, жас маралдың мүйізі, маржандар және осыған ұқсас тауарлар (Құрып кету қатері төнген жабайы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатындарынан басқа)
0507*,
0508 00 000 0,
0604,
0510 00 000 0,
0712 31 000 0,
0712 33 000 0,
0712 39 000 0-ден
- трюфелдер,
0802 21 000 0,
0802 22 000 0,
1212 20 000,
1301,
1302
(1302 19 800 0 коды бойынша жіктелетін тағам өнімдерінен және шырындар дайындауға арналған өсімдік сығындылары қоспаларынан басқа),
9601
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
4.
Өсімдіктерден және жануарлардан алынатын дәрілік шикізат
0206 10 100 0,
0206 22 000 1,
0206 29 100 0,
0206 30 000 1,
0206 41 000 1,
0206 80 100 0,
0206 90 100 0*
(тек жабайы жануарлардан),
0507* (тек дәрілік шикізат),
0510 00 000 0,
1211,
1212 20 000,
1302* (сусындар мен азық-түлік өнімдерін дайындауға арналғандарын қоспағанда),
3001,
3002* (дайын дәріліктерден басқа)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
5.
Сары ("ақ") фосфор
2804 70 001 0
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
6.
Экспорттық бақылауға жататын өнім (1, 2, 8, 9, 10, 12, 13-жолдарда көрсетілген тауарлардан басқа)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасына (тізіміне) сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасына (тізіміне) сәйкес
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (тізімнің 1-санаты бойынша ғана), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті(тізімнің тек 0-санаты бойынша, тізімнің 1-9 санаттары бойынша ғана, тек Ядролық жеткізушілер тобына), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (тізімнің 9-санаты бойынша), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (тек Әскери тізім бойынша)
7.
Қазақстан Республикасында жасалған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушыларын, нормативтік және техникалық (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) құжаттамасын қоса алғанда**
8470*,
8471*,
8517*,
8523*,
8525*,
8527*,
8528* (тек ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары),
8473 30*,
8543 90 900* (тек ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
8.
Оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жару құралдары мен пиротехника***
9305 10 000 0 (тек ұңғы, рамка, барабан, қалыбы, сағақ, сондай-ақ соғу-түсіру тетігі және оның бөлшектері мен керек-жарақтары ), ғана
9305 21 000 0,
9305 29 000 0,
9305 99 000 0,
9306 21 000 0,
9306 29,
9306 30,
9306 90,
9307 00 000 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
10.
Сирек, жерде сирек кездесетін металдар, өндіріске арналған шикізат, қорытпалар, қоспалар және бұйымдар
2611 00 000 0,
2613-2615,
2804 50,
2804 90 000 0,
2805 12 000 0,
2805 30 100 0,
2805 40 100 0,
2825* (ванадийдің бес тотығынан басқа),
2826 19,
2841 70 000 0,
2841 90 850 0,
2846,
8101,
8103* (тигельдерді қоспағанда, тантал бұйымдарынан басқа,),
8105,
8106 00,
8108* (кеуекті титаннан басқа),
8109,
8112* (ниобий бұйымдарынан басқа),
8113 00
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті
11.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар (олардың жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасы (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда)**
8301 70 000 0*,
8471*,
8473*,
8517*,
8518*,
8519*,
8521*,
8522 90 800 0*,
8525*,
8526*,
8527*,
8528*,
8529*,
8531*,
8542*,
8543*,
9019 10 900 9*,
9022 19 000 0*,
9022 29 000 0* (тек жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар)
8301 70 000 0*,
8471*,
8473*,
8517*,
8518*,
8519*,
8521*,
8522 90 800 0*,
8525*,
8526*,
8527*,
8528*,
8529*,
8531*,
8542*,
8543*,
9019 10 900 9*,
9022 19 000 0*,
9022 29 000 0* (тек жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
12.
Улар
1302 39 000 0,
2811 11 000 0,
2811 19 200 0,
2811 29 100 0,
2811 29 900 0*,
2812 10 110 0,
2812 10 150 0,
2812 10 160 0,
2812 10 930 0,
2812 10 940 0,
2812 10 950 0,
2812 10 990 0,
2813 90 100 0,
2826 19 100 0,
2826 19 900 0*,
2827 39 850 0*,
2827 60 000 0,
2830 10 000 0,
2837 11 000 0,
2837 19 000 0,
2842 90 800 0*,
2848 00 000 0,
2902 90 300 0,
2903 39 900 0,
2904 90 400 0,
2905 11 000 0,
2905 19 000 0*,
2905 59 100 0,
2907 11 000 0,
2914 19 900 0*,
2914 39 000 0*,
2916 39 000 0*,
2918 19 850 0*,
2918 21 000 0,
2918 29 800 0*,
2920 90 200 0,
2920 90 300 0,
2920 90 400 0,
2920 90 500 0,
2920 90 850 0*,
2921 11 100 0,
2921 11 900 0,
2921 19 300 0,
2921 19 800 0*,
2922 13 900 0,
2922 13 100 0,
2922 19 800 0*,
2922 19 100 0,
2922 19 200 0,
2922 49 950 0*,
2922 50 000 0,
2926 90 950 0*,
2930 90 850 0*,
2931 00 100 0,
2931 00 200 0,
2931 00 300 0,
2931 00 950 0*,
2933 39 990 0*,
2933 49 100 0,
2939 99 000 0*,
3001 90 980 0*,
3808 91 900 0*
1302 39 000 0,
2811 11 000 0,
2811 19 200 0,
2811 29 100 0,
2811 29 900 0*,
2812 10 110 0,
2812 10 150 0,
2812 10 160 0,
2812 10 930 0,
2812 10 940 0,
2812 10 950 0,
2812 10 990 0,
2813 90 100 0,
2826 19 100 0,
2826 19 900 0*,
2827 39 850 0*,
2827 60 000 0,
2830 10 000 0,
2837 11 000 0,
2837 19 000 0,
2842 90 800 0*,
2848 00 000 0,
2902 90 300 0,
2903 39 900 0,
2904 90 400 0,
2905 11 000 0,
2905 19 000 0*,
2905 59 100 0,
2907 11 000 0,
2914 19 900 0*,
2914 39 000 0*,
2916 39 000 0*,
2918 19 850 0*,
2918 21 000 0,
2918 29 800 0*,
2920 90 200 0,
2920 90 300 0,
2920 90 400 0,
2920 90 500 0,
2920 90 850 0*,
2921 11 100 0,
2921 11 900 0,
2921 19 300 0,
2921 19 800 0*,
2922 13 900 0,
2922 13 100 0,
2922 19 800 0*,
2922 19 100 0,
2922 19 200 0,
2922 49 950 0*,
2922 50 000 0,
2926 90 950 0*,
2930 90 850 0*,
2931 00 100 0,
2931 00 200 0,
2931 00 300 0,
2931 00 950 0*,
2933 39 990 0*,
2933 49 100 0,
2939 99 000 0*,
3001 90 980 0*,
3808 91 900 0*
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
13
Иондаушы сәулелену көздері және изитоптар, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді пайдалануға негізделген аппаратура
2844* (құрамында бөлінбейтін элеметтер жоқ иондаушы сәулелену көздері үшін ғана),
2845* (құрамында бөлінбейтін элеметтер жоқ иондаушы сәулелену көздері үшін ғана),
8543 10 000 0* (сәулелену энергиясы 5 КэВ-тан астам жылдамдатқыштар үшін ғана),
9022 (рентген сәулеленуді пайдалануға негізделген аппаратурадан басқа)
2844* (құрамында бөлінбейтін элеметтер жоқ иондаушы сәулелену көздері үшін ғана),
2845* (құрамында бөлінбейтін элеметтер жоқ иондаушы сәулелену көздері үшін ғана),
8543 10 000 0* (сәулелену энергиясы 5 КэВ-тан астам жылдамдатқыштар үшін ғана ),
8705 90 900 0*
(тек рентгендік қондырғылары бар автомобильдер ғана),
9022
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті
14.
Пестицидтер (улы химикаттар) және тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік нұсқаларды қоспағанда, оларды өндіруге арналған бастапқы компоненттер мен құрамдауыштар
3808* (тек өсімдіктерді қорғауға арналған препараттар)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі