Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143 құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
404-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мақта өңдеу ұйымының «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзып, кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюы, сондай-ақ негізгі құралдарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмайтын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды иеліктен шығаруы - ».
2. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «сарапшы ұйым», «сарапшы ұйымды», «сарапшылық ұйымға», «сарапшы ұйымның», «сарапшылық ұйымның», «сарапшылық ұйым» деген сөздер тиісінше «сараптама ұйымы», «сараптама ұйымын», «сараптама ұйымына», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспе «өндіру,» деген сөзден кейін «дайындау, сатып алу,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мақта дайындау ұйымы - шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, дайындауға, сатып алуға, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар;»;
14) тармақша «арқылы» деген сөзден кейін «шитті мақтаны бастапқы өңдеу және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) шитті мақтаны дайындау - мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын, шитті мақтаны қабылдауды, сақтауды және беруді қамтитын қызметтер кешені;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) шитті мақтаны сақтау - мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны сақтау және (немесе) бастапқы өңдеу үшін қабылдау;»;
мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) шитті мақтаны сатып алу - келісімшарт жасасу шарты арқылы шитті мақтаны сатып алу, оған сәйкес мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шитті мақтаны осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдарына шартта айқындалатын баға және талаптар бойынша сатады.»;
4) 2-баптың 2-тармағындағы «ережелер», «ережелері» деген сөздер тиісінше «қағидалар», «қағидалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты
Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты ғылыми негізделген инновациялық технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу мен индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде отандық мақта саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мақта нарығына қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу болып табылады.»;
6) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен қағидаттары
1. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1) отандық мақта саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) қатысушыларының кірістілігін арттыруды және осы нарықтың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мақта нарығын қалыптастыру;
3) мақта нарығына қатысушыларды мемлекеттік қолдау;
4) қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және мақта саласына салынатын инвестициялар көлемін арттыру;
5) мақта саласында ғылым мен инновациялық қызметті дамыту, мақта нарығы үшін кадрларды оқыту, даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру;
6) мақта нарығына отандық қатысушылардың экономикалық мүдделерін ішкі және сыртқы нарықтарда қорғау болып табылады.
2. Мақта саласын мемлекеттік реттеу мынадай:
1) мақта нарығына қатысушыларды мемлекеттік қолдаудың ашықтығы, қолжетімділігі және оның атаулылығы;
2) өткізілетін іс-шаралардың экологиялық қауіпсіздігі;
3) мемлекеттік реттеу шараларының дәйектілігі мен тиімділігі;
4) Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ мақта нарығына қатысушылардың одақтарымен (қауымдастықтарымен) өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделеді.»;
7) 4-бапта:
3) тармақшадағы «принциптерін» деген сөз «қағидаттарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау;»;
8) 5-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:
тұқымдық мақсаттар үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру;
мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу;
шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологиялары мен мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу;
мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу;
ауыл шаруашылығы ақылдары зиянкестерінің, ауруларының, карантиндік арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау мен есепке алуды жүргізу және оларға қарсы күресте инновациялық биологиялық және басқа да әдістерді енгізу;
мақта саласы мен тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау;
мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мақта нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және дамыту;»;
9) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету
1. Уәкілетті орган және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздерінің интернет-ресурстарында мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат пен материалдарды қазақ және орыс тілдерінде уақтылы әрі тұрақты түрде орналастырады және жаңартып отырады.
2. Интернет-ресурстарда міндетті түрде орналастырылуға және жаңартылуға жататын ақпаратқа:
1) мақта саласының дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік-құқықтық актілер;
2) кедендік баждардың мөлшерлері, тарифтік квоталардың көлемдері және оларды қолдану тәртібі, мақта импорты мен экспортының көлемдері;
3) Қазақстан Республикасында мақта өндірісінің болжамы мен нақты көрсеткіштері;
4) уәкілетті орган және мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары белгілеген өзге де ақпарат жатады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат тегін және оған қол жеткізу тең шарттармен беріледі.»;
10) 7-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) мақта саласын дамыту аясында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеу;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды жаңарту және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды дайындап, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;»;
18) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау қағидаларын;»;
11) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялауды жүзеге асыру;»;
6-1), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы арыз беру;
7) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау;
8) шитті мақта мен мақта талшығының сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;»;
14-2), 14-4) және 14-5) тармақшалар алып тасталсын;
12) 9-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сатып алуды, дайындауды, өңдеуді, сондай-ақ оны беруді жүзеге асыру кезінде оның сапа көрсеткіштерін айқындауға бақылауды;»;
13) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мақта иесі мен мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдарының арасында шитті мақтаның сапасын айқындау бойынша келіспеушіліктер туындаған кезде тиісті сынақ зертханасы (орталық) берген шитті мақтаның сапасы туралы куәлік шитті мақтаның сапасын растайтын құжат болып табылады.»;
3-тармақтағы «және метрология» деген сөздер алып тасталсын;
14) 11-баптың 3-тармағында:
«ережелерін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«уәкілетті орган» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметі»;
16) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Мақта дайындау ұйымы
1. Мақта дайындау ұйымы нормативтік-құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асырады.
2. Мақтау дайындау ұйымының: қоршалған мақта қабылдау пункті;
шитті мақтаны текшелеп жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңы;
таразы жабдығы;
желдеткіш жабдығы;
шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын айқындауға арналған зертхана жабдығы;
тиеу-түсіру механизмдері;
өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.
3. Мақта дайындау ұйымы уәкілетті орган бекітетін мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Мақта дайындау ұйымы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша сұрау салуы бойынша мақта нарығына мониторинг жүргізу үшін қажетті өзінің қызметі туралы ақпаратты беруге міндетті.
5. Мақта дайындау ұйымы мақта қолхаттарын беруге құқылы емес.
12-2-бап. Мақта саласындағы кооперациялау
1. Мақта шаруашылығын дамыту, мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарымен бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды құра алады.
2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға арналған субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз таңдауы бойынша тікелей өздеріне не өздері құрған заңды тұлғалар арқылы төленеді.»;
17) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаның (мақта дайындау ұйымын қоспағанда) өз атауында, тауар белгілерінде, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында «мақта өңдеу ұйымы», «мақта тазалау зауыты», «мақта қабылдау пункті» деген сөздерді немесе олардан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.»;
18) 15-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ «шығаруына» деген сөзден кейін «, сондай-ақ кепілдіктер беруіне және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюына» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 16-бапта:
3-тармақтағы «мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу ережелерімен» деген сөздер «сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге байланысты операциялардың және мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге байланысты емес операциялардың жеке-жеке есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
4-тармақта:
«уәкілетті органның және» деген сөздер алып тасталсын;
«облыстың» деген сөзден кейін «, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесі
1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу арқылы мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде жүзеге асырылады.
3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымы сақтауға қабылдаған шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісі басталған кезде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры осы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сапасы бойынша жойылған немесе нашарлаған шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының өтеу кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен пайызы мөлшерінде ақшамен өтеуді жүргізеді.
Шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхатын ұстаушы алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына ол төлеген сома шегінде мақта қолхатын ұстаушының осы мақта өңдеу ұйымына қоятын талап ету құқығы өтеді.
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына мақта қолхаттарының тізілімін ұсынуға міндетті.
5. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыра (өзара сақтандыра) алады.»;
21) 21-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
22) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау»;
23) 28 және 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялау (тексеру)
1. Мақта нарығын реттеу және мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өзі дербес және (немесе) тиісті мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, сондай-ақ мақта саласындағы мемлекеттік инспектор мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан инспекциялауды (тексеруді) жүргізеді.
2. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдары осы баптың 1-тармағында тізбеленген тұлғаларға инспекциялау (тексеру) жөніндегі тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерінің аумағындағы барлық өндірістік объектілерге, сондай-ақ инспекциялау (тексеру) жүргізу үшін қажетті ақпаратты қамтитын барлық дереккөздерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыратын лауазымды адамдар мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялау (тексеру) барысында алынған, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
«30-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары
Инспекциялау (тексеру) нәтижелері бойынша мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы арыз беру;
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымы оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.»;
24) 34-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы уақытша басқару жөніндегі комиссияны уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, мақта қолхаттарын ұстаушылардың және мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерінен қалыптастырады.
Уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.»;
«3. Соттың уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссия мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің атына уақытша басқарудың енгізілгені туралы жазбаша хабарламаны және уақытша әкімшіліктің бекітілген құрамын, сондай-ақ банк операцияларын жасау үшін уақытша әкімшіліктің лауазымды адамдарының қолтаңба үлгілері бар жаңа карточканы жібереді (уақытша әкімшілік тағайындалғанға дейін берілген карточканың күші жойылуға жатады).»;
25) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша әкімшілік - мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдері кіретін алқалы орган.
Уақытша әкімшілікті уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды. Уақытша басқару қолданылған кезеңде уақытша әкімшілік мүшелері бір мезгілде уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелері бола алмайды.»;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «іс-әрекеті кезеңінде» деген сөздер «қолданылған кезеңде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уақытша басқару енгізілгеннен кейін мақта өңдеу ұйымының атынан және есебінен барлық мәмілелерді уақытша әкімшіліктің құжаттарға қол қоюға және банк операцияларын жасауға құқығы бар лауазымды адамы уақытша әкімшіліктің қалған мүшелерінің келісімі бойынша жасайды.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына осы Заңның 17-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен және шарттарда, осы мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелер бойынша берешекті өтеу туралы мақта қолхаттарын ұстаушылардың атынан талаптар қоюға;»;
7-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
26) 36-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару:
1) соттың шешімімен белгіленген уақытша басқару мерзімі өткеннен кейін;
2) сот уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару тоқтатылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссия мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің атына уақытша басқарудың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлама жібереді (уақытша әкімшіліктің лауазымды адамдарының қолтаңба үлгілері бар карточканың күші жойылуға жатады).»;
4-тармақтағы «мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды және» деген сөздер алып тасталсын.