6. Адвокаттың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тек бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік жаза ол анықталған күннен бастап бір айдан аспайтын, бірақ ол жасалған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия адвокаттар алқасының мүшесін анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және оларды жою мерзімдерін белгілейтін нұсқама шығара алады.
7. Осы баптың 5-тармағында көзделген шешімдер адвокаттардың тәртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Егер адвокаттардың тәртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса, ол құқықты болып есептеледі.
8. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқасының мүшесіне қатысты тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде адвокаттар алқасы осы шешімнің көшірмесін оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, адвокаттар алқасының мүшесіне, сондай-ақ шешім қабылданған шағымды жолдаған адамға жібереді.
9. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешіміне Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.
10. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелері адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылады.
73-бап. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы
1. Адвокаттар алқалары басқару органдарының мүшелерін, Республикалық адвокаттар алқасы басқару органдарының мүшелерін тәртіптік жауаптылыққа тартуды адвокатураның тәртіптік комиссиясы жүзеге асырады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясы адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды да қарайды, тәртіптік практиканы қорытады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясы Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы сайлайтын және оған есеп беретін, Республикалық адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының құрамына Республикалық адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, уәкілетті орган ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, отставкадағы екі судья енгізіледі.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының төрағасы адвокат болып табылады.
Дәл сол бір адам адвокатураның тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі екі жылды құрайды.
2. Адвокаттар алқалары басқару органдарының мүшелерін, Республикалық адвокаттар алқасы басқару органдарының мүшелерін тәртіптік жауаптылыққа тарту осы Заңның 72-бабында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
3. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқалары басқару органдарының мүшелеріне, Республикалық адвокаттар алқасы басқару органдарының мүшелеріне мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдануға құқылы:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс.
4. Егер істі қарау нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия жауаптылыққа тартылып жатқан адамды адвокаттар алқасынан шығаруға негіздер бар екенін анықтаған жағдайда, ол тиісті адвокаттар алқасына адвокаттың алқадағы мүшелігін тоқтату туралы мәселені қарауды тапсырады.
Адвокаттар алқасының мүшені алқадан шығару туралы шешіміне адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көшірмесі адвокатқа табыс етілген күннен бастап бір ай мерзімде сотқа шағым жасалуы мүмкін.
5. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды қарау нәтижелері бойынша адвокатураның тәртіптік комиссиясының:
1) шағымды - қанағаттандырусыз, ал адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға;
2) адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімін өзгертуге;
3) адвокаттардың тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім қабылдауға;
4) істі адвокаттардың тиісті тәртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге және адвокаттардың тәртіптік комиссиясын белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар.
Егер адвокатураның тәртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса, ол құқықты болып есептеледі.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
Адвокатураның тәртіптік комиссиясының шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
6. Адвокатураның тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелері Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурсында орналастырылады.
74-бап. Адвокаттар алқасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау
Адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін адвокаттар алқасының әрекеттері (әрекетсіздігі) және (немесе) оның басқару органдарының шешімдері бұзған жағдайда, мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) және (немесе) шешімдерге Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта дау айтуға құқылы.
4-БӨЛІМ. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУІ
5-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
75-бап. Заң консультанты
1. Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады.
2. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады.
76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері
1. Заң консультанты көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып отырған кез келген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда көрсетуге құқылы.
2. Заң консультанты өзіне өтініш жасаған тұлғамен өзінің атынан заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт жасасады.
Заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін заң консультанты заң көмегін көрсеткен жағдайда, клиентке заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты заңды тұлға жасасады.
3. Заң консультанты өкіл ретінде әрекет ете отырып:
1) заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда білдіруге;
2) барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан заң көмегін көрсетуге қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегін көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
4) процестік құжаттарды, сот істерін қоса алғанда, заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен тіркеп алуға;
5) заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
6) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтінішхаттар мәлімдеуге, белгіленген тәртіппен шағымдар келтіруге;
7) заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
9) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға құқықты.
4. Заң консультанты:
1) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;
2) өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы белгілеген Кәсіптік әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жарналарды төлеуге;
3) кәсіптік қызметте заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;
4) соттарда тұлғалардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға;
5) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің заң көмегін көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
6) заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
7) клиентке заң консультанттары палатасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
4-тармақтың 8) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
9) клиенттің талап етуі бойынша, өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен үзінді-көшірме ұсынуға;
10) егер клиент бұған қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
11) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға;
12) заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін заң көмегін көрсету аяқталған күнінен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіште не электрондық құжаттар нысанында клиенттің талап етуі бойынша сақтауға;
13) өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға;
4-тармақтың 14) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
5. Егер заң консультанты заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған жағдайда, осы баптың 4-тармағының 5), 6), 8), 10) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттер осы заңды тұлғаға жүктеледі.
6. Заң консультантының іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкілеттіктерін өзі мүддесін білдіретін тұлғаға нұқсан келтіре отырып пайдалануына тыйым салынады.
7. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, заң консультантының заң көмегін көрсетуіне тыйым салынады.
Заң консультанты, егер:
клиент пен заң консультантының, оның жақын туыстарының мүдделер қақтығысы болса, сондай-ақ мүдделер қақтығысын құрайтын басқа да мән-жайлар болған кезде;
Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген негіздер болса, заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
77-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру
1. Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Заң консультанты кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.
Егер заң консультанты заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған жағдайда, заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндет осы заңды тұлғаға жүктеледі.
2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға қызметті жүзеге асыру нәтижесінде келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.
3. Шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсету кезінде жол берген кәсіптік қателіктері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
Осы тараудың мақсаттары үшін кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс рәсімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға өзіне зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабарламау;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
5) сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсету процесінде өзіне мәлім болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария етуі түсініледі.
Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның осындай көмек көрсетуі нәтижесінде шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
4. Егер шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кәсіптік міндеттерді абайсыз бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы басталған болып есептеледі.
5. Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметін жүзеге асыратын заң консультанттары үшін - заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір мың еселенген, өзге заң консультанттары үшін - кемінде бес жүз еселенген мөлшерін құрауға тиіс.
Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де талаптары заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
78-бап. Заң консультанттары палатасы
1. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.
2. Заң консультанттары палатасының қызметі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі.
79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы
Заң консультанттары палатасының жарғысы палатаның уәкілетті орган бекітетін үлгілік жарғысы негізінде әзірленеді.
80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары
Заң консультанттары палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;
2) палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;
4) палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
5) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;
6) палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
7) заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
8) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
9) заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнама сының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талап тарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;
11) орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
12) практиканы қорытады және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
13) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, заң консультанттары палатасының жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері
Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Заң консультанттары палатасы тоқсан сайын уәкілетті органға заң консультанттары палатасына мүшелерді енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы ақпарат беруге міндетті.
82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік
Азаматтық істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.
83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі
1. Осы Заңның 75-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, сондай-ақ аттестаттаудан өткен жеке тұлға заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.
Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.
Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.
Заң консультанттары палатасына кіру үшін аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және заң консультанттары палатасы белгілеген кешенді тестілеудің шекті балын жинаған үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды.
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) Қазақстан Республикасының заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар;
4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар адамдар;
5) теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
2. Үміткер заң консультанттары палатасына кіру үшін:
1) жоғары заң білімі туралы құжатты;
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;
3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;
4) аттестаттау нәтижелерін ұсынады.
Заң консультанты бір мезгілде осы Заңның талаптарына сәйкес келетін бір ғана заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.
3. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы адамның осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімді мұндай адамнан өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
3-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2020 ж. 1 қаңтарға дейін осы сөйлем осы Заңның 98-бабының редакциясында қолданылды
Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер мұндай адам заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі. Осындай адамға ол туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасына толық мүшелігін растайтын құжат беріледі.
4. Адамды заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартуға мыналар:
1) адамның осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;
2) адамды Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығару, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, негіз болып табылады.
Заң консультанттары палатасының заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешіміне уәкілетті органға шағым жасалуы мүмкін.
Дау реттелмеген кезде, уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
5. Заң консультанттары палатасына мүшелікті заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы:
1) заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығу туралы заң консультантының өтініші негізінде;
2) жарғыда көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
6. Адамның заң консультанттары палатасына мүшелігі көрсетілген палатаға оған қатысты шағым түскен жағдайда, егер заң консультанттары палатасының мүшесіне қатысты тексеру жүргізілсе немесе тәртіптік ықпал ету шарасын қолдану туралы іс қаралып жатса - тексеру аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік комиссия бұзушылық және тәртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарап біткенге дейін тоқтатылмайды.
7. Заң консультанттары палатасы мүшесінің қайтыс болғанын растайтын ақпарат заң консультанттары палатасына келіп түскен жағдайда, заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы жазба енгізіледі.
8. Өзіне қатысты заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адам өз клиенттерін заң консультанттары палатасына өз мүшелігінің тоқтатылу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.
9. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы заң консультантының заң консультанттары палатасына мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, заң консультанттары палатасы осындай шешімді заң консультанттары палатасының интернет-ресурсында орналастыруға, сондай-ақ осындай шешімнің көшірмесін:
1) өзіне қатысты заң консультанттары палатасында мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адамға;
2) егер адамды заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығару оның Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғанына байланысты болса, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген барлық өзін-өзі реттейтін ұйымдарға;
3) уәкілетті органға жіберуге міндетті.
84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары
Мыналар:
1) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы;
2) алқалы басқару органы;
3) атқарушы басқару органы;
4) бақылау органы (ревизиялық комиссия) заң консультанттары палатасының басқару органдары болып табылады.