12. Осы баптың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді беру кезінде алушы мен осындай алушы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді кері әкету үшін берген тасымалдаушы осы Кодекстің 356-бабы 3-тармағының және 357-бабы 4-тармағының ережелерін, сондай-ақ осы бапта көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдаланылу шарттарын сақтауға міндетті.
13. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде осы баптың 5-тармағына сәйкес ішкі тасымалдау үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты кеден органының талабы бойынша ұсынады.
Теміржол тасымалдаушыларының көрсетілген ақпаратты кеден органдарына ұсыну тәртібін көлік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
359-бап. Уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болу шарттары
1. Уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кедендік әкету баждары төленбей әкетіледі.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген және мұндай аумаққа кері әкелінетін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары - Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін, ал осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін, сондай-ақ осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары - шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдаланылу шарттары сақталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей әкелінеді.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімі шектелмейді.
5. Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
6. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және Еуразиялық экономикалық Одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
7. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
8. Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығы берілген кезде, мұндай мәміленің тарапы ретінде әрекет еткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы - осындай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына меншік құқығы берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде экспорт кедендік рәсімімен, ал шетелдік тұлғаға осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін немесе осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығы берілген кезде - кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
360-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалану шарттары
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен мынадай:
1) егер осындай операцияларға қажеттілік мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалану уақытында туындаса, олардың сақталуын, пайдаланылуын және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету күніне болған күйінде ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда) бойынша;
2) өтеусіз (кепілді) жөндеу бойынша;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орын алған аварияның немесе еңсерілмейтiн күш әсерінің салдарынан зақымданғаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылатын күрделі жөндеу жұмысын қоса алғанда, жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық кеме тізілімдерінде тіркелген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде уақытша әкетілген су кемелеріне қолданылмайды. Мұндай кемелерге қатысты оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жүргізуге жол беріледі.
3. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасауға мұндай көлік құралдары кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда жол беріледі.
Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырмай, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операциялар жасалған жағдайда халықаралық тасымалдаудың мұндай көлік құралдары осы Кодекстің 266-бабына сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төлене отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылмаған жағдайда осы Кодекстің 88-бабына және 136-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленуге жатады.
4. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты оларды кедендік аумақтың шегінен тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырмай, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасауға жол беріледі.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операциялар халықаралық тасымалдаудың осындай көлік құралдарына қатысты жасалған жағдайда уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларанты мұндай операциялар жасалған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау туралы өтінішті және жасалған операциялардың құнын растайтын құжаттарды береді.
Көрсетілген өтініш тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған кеден органына беріледі.
Кеден органы көрсетілген өтініштің берілгенін тіркеген кезден бастап мұндай өтініш заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.
Көрсетілген өтініштің нысанын, құрылымын және мұндай өтініштің электрондық құжат түріндегі форматын, оларды толтыру, осындай өтінішке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінішті беруге, тіркеуге және тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды, ал Комиссия реттемейтін бөлігінде - олар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау кезінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларантында кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындайды.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген кеден құжатын кеден органы тіркегенге дейін орындауға жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген мөлшерде төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды осы тармаққа сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу бойынша міндетті орындаған кезде тоқтатылады.
361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары:
1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету кезінде;
2) уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде кедендік декларациялауға және шығаруға жатады.
2. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларанты болып тасымалдаушы әрекет етеді.
Тасымалдаушы атынан халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар жасай алады.
3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау көлік құралына арналған декларация пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтерді тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түріне, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралының өткізілу бағытына, сондай-ақ осы Кодекстің 355-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардың санаттарына қарай мұндай кедендік декларацияны толтыру тәртібін айқындау кезінде Комиссия айқындайды.
4. Көлік құралына арналған декларация ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған көлік саласындағы халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары пайдаланылуы мүмкін.
Егер көлік құралына арналған декларация ретінде ұсынылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған көлік саласындағы халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттарында көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер болмаса, халықаралық тасымалдау көлік құралдарына кедендік декларациялау көлік құралына арналған, белгіленген нысандағы декларацияны ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте тасымалдаушы ұсынған стандартты құжаттар көлік құралына арналған декларацияның ажырамас бөлігі ретінде қаралады.
Көрсетілген құжаттардың тізбесін тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түріне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралын өткізу бағытына қарай Комиссия айқындайды.
Электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты көлік құралына арналған декларация ретінде пайдалануға Комиссия айқындаған тәртіппен жол беріледі.
5. Көлік құралына арналған декларацияны электрондық құжат түрінде беру көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметті растайтын құжаттарды кеден органына ұсынумен бірге жүрмейді.
Көлік құралына арналған декларацияны қағаз жеткізгіште беру көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды кеден органына ұсынумен бірге жүреді.
6. Кедендік декларациялауы жазбаша нысанда жүзеге асырылған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету кезінде және уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде көлік құралына арналған декларация ретінде халықаралық тасымалдаудың тиісінше уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларацияны пайдалануға жол беріледі.
Комиссия халықаралық тасымалдаудың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілетін көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларацияны тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру барысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы оларды бірнеше мәрте өткізу кезінде осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде пайдалануы мүмкін өзге де жағдайларын айқындауға құқылы.
362-бап. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет:
1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралының декларантында - кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде тасымалдауға қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - осы Кодекстің 358-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушыда - осы Кодекстің 358-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан тасымалдау шартына сәйкес қабылдаған тасымалдаушыда - осы Кодекстің 358-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында - осы Кодекстің 358-бабының 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
6) теміржол көлік құралдарымен уақытша әкелінген контейнерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысын қоспағанда, тасымалдаушыда - тасымалдау шартына сәйкес көрсетілген контейнерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап туындайды.
2. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған тұлғаларда мынадай:
1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкеткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кері әкету;
2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кері әкету және (немесе) осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу және өндіріп алу;
3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру;
5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
7) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы уақытша енгізілген халықаралық тасымалдау көлік құралының тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
9) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кеден органының кідіртуі;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және оған қатысты, егер бұрын мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын шығару жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлердің декларанты болып әрекет ететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет халықаралық тасымалдаудың көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда берілген кезде тоқтатылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген теміржол көлік құралын немесе теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда берілген кезде тоқтатылады.
5. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғада уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын немесе теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге тасымалдаушыға берген кезде тоқтатылады.
6. Осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мынадай:
1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді мұндай әкетуге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда кері әкету;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кері әкету және осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу;