Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі № 367 және № 368 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 295 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
5-тармақтың төртiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тiлдердi дамыту жөніндегі департаменті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Тiл комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмiрханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Абдрахманов - "Егемен Қазақстан" республикалық
Сауытбек газетi" ашық акционерлік қоғамының
президентi (келісім бойынша)
Бейсенбайұлы - "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық
Жарылқап компаниясын акционерлік қоғамының
бас редакторы (келісім бойынша)
Құлкенов - "Ана тілі" ұлт газетiнiң бас редакторы
Мереке Әбдешұлы (келісім бойынша)
Момынова - Қазақстан Республикасы Білім және
Бағдан Қапайқызы ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетiнiң
профессоры
мына:
"Хұсайын - Қазақстан Республикасы Білім және
Көбей Шахметұлы ғылым министрлігінiң "А.Байтұрсынов
атындағы Тiл білімi институты"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры, төрағаның
орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы министрлігі Тiлдердi дамыту жөніндегі
департаментінiң директоры, хатшы
Құрманбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
Шерубай университетінiң кафедра меңгерушiсi,
филология ғылымдарының докторы
(келісім бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Хұсайын - Қазақстан Республикасы Білім және
Көбей Шахметұлы ғылым министрлігі "А.Байтұрсынов
атындағы Тiл білімi институты"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры
Омаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Бауыржан Жұмаханұлы ақпарат және спорт министрлігі Тіл
комитетiнiң төрағасы, хатшы
Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Шерубай ақпарат және спорт министрлігі Тiл
комитетi төрағасының орынбасары";
көрсетiлген құрамнан Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Айтбайұлы Өмiрзақ, Қалиев Байынқол Қалиұлы шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақтағы "Мәдениет министрлігі" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Айталы - Қазақстан Республикасының Парламентi
Амангелдi Әбдiрахманұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша)
Қамзабекұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Дархан министрлігінің Л. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетi
Гуманитарлық институтының директоры
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Сейiт Асқарұлы министрлігі "М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры
Оңғарсынова - Қазақстанның халық жазушысы, ақын
Фариза Оңғарсынқызы (келісім бойынша)
Шаханов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мұхтар Шаханұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша)
мына:
"Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы министрлігі Тілдердi дамыту жөніндегі
департаментінің директоры, хатшы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Омаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Бауыржан Жұмаханұлы ақпарат және спорт министрлігі Тiл
комитетiнiң төрағасы, хатшы";
көрсетiлген құрамнан Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Әбдiрахманов Сләмқұл Әбдiрахманұлы, Әбдiлдин Жабайхан Мүбәракұлы, Керiмбаев Есенгелдi, Қалиұлы Жекен, Мұртаза Шерхан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д: Ахметов |