Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-I Заңы
(2015.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
2) әскери міндеттілерді бекітіп қою - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту;
3) әскери-экономикалық оқулар - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, әкімшілік-аумақтық бірліктерді, халықты және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды дайындау нысаны;
4) жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiруге байланысты жалпымемлекеттiк іс-шаралар кешенi;
5) жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау - Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасында белгiленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтерiне және талаптарына мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейiнің сәйкестiк дәрежесiн айқындау;
6) жұмылдыру дайындығы - бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi;
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi орган - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) жұмылдыру қуаттары - жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдық, инженерлiк-техникалық және өзге де құжаттама;
9) жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындауға, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз етудiң бiрiншi кезектегi шараларын қолдануға, бейбiт уақытта гуманитарлық көмек көрсетуге қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнаулы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
10) жұмылдыру тапсырмасы - мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн тапсырма;
11) жұмылдыру тапсырысы - ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада тауарлар өндiруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың мөлшері мен сапасына, арнаулы құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс;
12) командалық-штабтық оқулар - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшы құрамының оларды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында басқару жөніндегі келісілген қызметке бірлесіп дайындалу нысаны;
13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары;
14) мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
15) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әкімшілік-аумақтық бірліктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұйымдарға жұмылдыру тапсырыстарын белгілейтін жоспар;
16) уақытша қайта тиеу ауданы - әскерлер мен әскери жүктердi көлiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қайта тиеу жүзеге асырылатын жергілікті жер учаскесi;
17) ұйымның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін ұйымның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы.
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдар
Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жұмылдыру дайындығын өткізудiң мiндеттiлiгi;
2) жоспарланатын шараларды ұйымдастыру мен өткізуге орталықтандырылған басшылық ету;
3) белгiленетiн шаралардың алдын ала жүргiзiлуi, жоспарлылығы және қамтамасыз етiлуi;
4) салалық және аумақтық шаралардың кешендiлiгi және өзара үйлестiрiлгендiгi;
5) шараларды ұйымдастыру мен өткізу ұдайы бақылап отыру.
4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі шаралардың мазмұны
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі шараларға мыналар кiредi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау;
2) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағын, экономикасын дайындау және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмыс жағдайларын белгiлеу;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) әскери мiндеттiлердi бекiтiп қою;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзірлеу;
7) қару-жарақ пен әскери техниканың бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған құжаттамаларды, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттамаларды сақтандыру қорын жасау және сақтау;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар қорын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту;
11) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығының жай-күйiне баға беру;
12) жұмылдыру органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру;
13) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшіру;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;
17) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мiндеттерiн шешу мүдделерiнде халықаралық ынтымақтастық жасау.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) жұмылдыру іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету.»;
2 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi мен
мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы өкiлеттiгi
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша жарлықтар, өкiмдер шығарады;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қояды;
3) Қазақстан Республикасында қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қауiп төнген ретте республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы енгiзедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы дереу республика Парламентiне хабарлайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмыс режимін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізеді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтатады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын бекітеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерін бекітеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалау ережелерін белгілейді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды
4-4) жұмылдыру туралы жариялау тәртібін бекітеді;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республиканың жұмылдыру дайындығы туралы жыл сайынғы баяндамасын қарайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Парламентi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша заңдар мен қаулылар қабылдайды;
2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қаржыландыру бөлiгiнде республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерістер мен толықтырулар енгiзедi;
3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарын (келісімдерiн) бекiтедi және олардың күшiн жояды;
4) соғыс және бiтiм мәселелерi жөнiнде шешiм қабылдайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметін ұйымдастыру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын табыс етеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлеу мен орындауды ұйымдастырады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртібін белгілейді;
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ жұмылдыруды, соғыс жағдайын жариялауға байланысты және соғыс уақытында қабылдануға тиісті заңнамалық актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1) ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, жұмыс бейінін өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау, басқаға беру туралы тәртіпті айқындайды және шешім қабылдайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын жабдықтау нормаларын бекітеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды
7-3) соғыс уақытында тамақтандыруды және сауда-саттықты ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарындағы (келісімдеріндегі) мiндеттемелерi орындау шараларын әзiрлеп, олардың орындалуын ұйымдастырады;
9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша үкiметаралық келiссөздер жүргiзедi;
10) 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) жұмылдыру дайындығын бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігі туралы жыл сайын баяндап отырады;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi іс-шаралардың және Қазақстан Респуликасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына және жүргізілуіне бақылау жасауды ұйымдастырады;
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14) тармақша өзгертілді
14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету, аумақтарды жедел жабдықтау және Азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнiнде тапсырмалар белгiлейдi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссияны құрады және әскери міндеттілерді бекітіп қою қағидасын бекітеді;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда
16) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуді ұйымдастырады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) мемлекеттік материалдық резервтегi материалдық құндылықтарды қалыптастыру, жинақтау мен пайдалану тәртібін белгiлейдi;
18) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау, сақтау мен пайдалану тәртібін белгiлейдi;
19) 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылды
20) уақытша қайта тиеу аудандарын ұйымдастыру қағидасын және олардың орналасу схемасын бекітеді;
21) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген тиісті кезеңге арналған жоспарын бекітеді;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) жеке және заңды тұлғалардың реквизицияланған, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшiн берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;
23) жұмылдыру органдары туралы үлгі ережені бекітеді;
24) әскери-көліктік міндеттің орындалу тәртібін бекітеді;
25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
3) жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныс енгізеді;
6) жұмылдыру дайындығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;
7) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігіне баға беруді жүзеге асырады және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отырады;
8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізеді;
9) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
10) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті
Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) тиiстi мемлекеттік басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді;